Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

Алматыда трансформаторлық қосалқы станция өртенді видео

​Бір сағатқа жетпей табылды: Атырау облысында ақшасы мен құжаттарынан айырылған шетелдік құтқарылды

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

Інжу Тұрсынәлі, халықаралық төреші: Татамиде жолымды кескен соң төреші болдым

Інжу Тұрсынәлі, халықаралық төреші: Татамиде жолымды кескен соң төреші болдым

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Біраз жыл ұлттық құрама сапында жүріп, жарақат алған соң өзінен кейінгілерге жол көрсетуді мақсат тұтқан. 2021 жылы Әлем чемпионы атанған өжет қыздың А санатындағы халықаралық төреші деген атағы да бар. Төрешілікке де жайдан-жай келмеген. «Жаттығу залымның филиалы басқа елде ашылғанға дейін тынбай еңбек етемін» дейтін аруды әңгімеге тарттық. 

– Төреші болу туралы ой қайдан келді? 

– Біріншіден, әрбір сынақ адамды шыңдай­тынын жеткізгім келеді. Төрешілікті жайдан-жай таңдағаным жоқ. Бірде  айтулы додада алтын үшін күрестен қағылдым. Өйткені 2017 жылы Абу-Дабиде жартылай финалда төреші жолымды кесті. Ызаға булыққан күйі татамиді тастап кете бардым. Содан бері «тура биде туған жоқ» дейтін төреші тапшы екенін түйдім. Саланы зерттеп, қай жерден қате жібергенімді ойландым. Сөйтіп, күнде төреші болуды үйрететін видео көріп, бұл  туралы оқи бастадым. Келе-келе өзім жаттығатын залда төрелік етіп, артынша кәсіби дәреже алып, Қазақстандағы түрлі деңгейдегі жарыста, одан кейін әлемдік аренаға шыға бастадым. 

– Сонда төреші болу үшін қайдан білім алдыңыз? 

– Негізі, Қазақ туризм және спорт академия­сының түлегімін. Ол жерде бапкер болуды да, төрешіліктің де қыр-сырын  үйретті. Жан-жақты дамып,  психология тұрғысынан сынбауды да академия бойға сіңірді. Ал төрешілік бойынша түрлі семинарға қатыстым. Халықаралық семи­нарға бардым.  Бразилиялық джиу-джитсу бо­йынша шетелден келетін төрешінің шеберлік дә­рісіне қатыстым. Конференциядан да қал­май­тынмын. Осылайша, тәжірибе жинап, саланы меңгере бастадым. Оның үстіне, бапкер болған соң балалардың қай кезде қандай қате жібергенін білгенің жөн. Осы тұрғыдан да төрешінің серти­фикаты көп көмектеседі. Десе де, «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барудан аулақпын. Өйткені татамиден өзегім өртеніп кетіп бара жатқан сәт ойыма орала береді. Сондықтан бір спортшының тағ­дыры қолыңда тұрғанда мұндайға орын жоқ. 

– Жалпы, төреші атану үшін кәсіби санатың болуы шарт. Сіз А санатын алу үшін неше жыл жұм­садыңыз? 

– Негізі, төрешінің төрт санаты бар. Оның ішінде, D санаты бар адам континенттік жарыста төрелік етеді. С санаты –  ұлттық, B санаты –  халықаралық, ал  A санатыңыз болса әлемдік аренаның есігін ашасыз. 2017 жылдан бастап жарыстың ортасында жүрдім. Былайынша, 7 жыл­дан астам уақыт А санатындағы халықаралық төреші  дәрежесіне жету үшін еңбек еттім. Орталық Азияда джиу-джитсудан осындай санат алған алғашқы әйел төреші екенім тағы бар. 

– Сонда қандай ішкі және халықаралық жарыста төреші болдыңыз? 

– Ішкі жарыстарға төреші ретінде жиі ша­қырады. Үш рет Қазақстанның ішкі чемпио­натын­да төрелік еттім. Бірнеше халықаралық турнирге  төреші статусында бардым. Елімізде өтетін республикалық, облыстық деңгейдегі бра­зилиялық джиу-джитсу додасының денінде төреші қатарында боламын. 

– Төреші болумен қатар бапкерсіз. Шәкірт тәрбиелеп, спорт клубын ашқаныңыз тағы бар. 

– Иә, қазір бапкер атанып, шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Жоғары категориялы бапкер  санатым бар. 2 жыл аға бапкерлерімнің қасында көмекші болып жүрдім. Кейінгі 1,5 жылда өзім жеке зал аштым, клубта 200-ден астам бала жаттығып жүр. Неге бұл жолды таңдадыңыз десеңіз, елімізде бұл спорт түрінен кәсіби бапкер аз. Біраз қиындық басымнан өткен соң қалай жаттығу керек, қалай жүктеме қоямыз, психология тұрғысынан да білімімді жетілдіруді жөн көрдім.  Шетелден бапкер тартып, спорт залын ашсам дейтін арман бұрыннан бар-ды. Өзім джиу-джитсудан әлем чемпионы, Қазақстан чемпионатында екі дүркін топ жардым. Ел ішіндегі бірнеше доданың жүлдегері болдым. Төрт жылда бір өтетін жастар ойындарының екі рет қола жүлдесін қанжығаға байладым. Осы тәжірибемді шәкірттерімнің Олимп шыңына дейінгі жолында кәдеге жаратсам деймін. Басында бас бапкерім Леонид Юсуповтың залында балаларды жаттықтырдым.  Кейіннен  Талдыбұлақ ауылының қақ ортасынан зал аштым. Залға  өзім туып-өскен Райымбек ауданының атын бердім. Өзім Шалкөде ауылының тумасымын. Дегеніме жету үшін бар жиған-тергенімді салдым. Қараусыз қалған ғимаратты жалға алып, бастан-аяқ жөндеттім. Қара жұмысын да істедім. Залда джиу-джитсу ғана емес, таеквондо мен каратэ секциясы бар. Кейін жан-жақтан филиал ашсам деймін. Көбіне елімізде шетелден келіп, зал ашатындар жетерлік. Ал мен шетелде филиал ашуды  мақсат тұтамын. 

– Raiymbek JJ Team бразилиялық джиу-джитсу бағытында тәлім бере ме? 

– Иә, джиу-джитсудың дәстүрлі жапон және бразилиялық түрі бар. Негізі, екеуінің аса қатты айырмасы жоқ, ережесі бір-біріне ұқсайды. Дәстүрлі жапон джиу-джитсуын не-ваза дейміз. Мұнда жас пен салмаққа қарай басымдық берілсе, бразилиялық джиу-джитсуда белбеу түсі рөл ойнап, ұпай көрсеткішін ескереміз. Мысалы, не-вазада қара белбеу мен күлгін белбеулі спортшы сынға түссе, бразилиялық түрінде көк белбеу иесі ақ  немесе қоңыр белбеумен күресе алмайды. Ақ түсті белбеулі спортшы өзіне тең дәрежедегі қарсыласпен шығады. 

– «Шәкірттеріме Олимп шыңына дейін жол көрсетсем» дедіңіз. Сіздіңше, джиу-джитсу Олимпиада ойындары тізіміне кіре ме? 

– Иә, бұл турасында біраздан бері айтылып жүр. Өйткені джиу-джитсу ресми түрде жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының тізіміне кірді. Сондықтан Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының тізіміне  кіреді деп ойлаймын. Себебі Араб Әмірлігі осы спорт түрінің дамуына көп қаражат  бөліп жатыр. Оның үстіне, джиу-джитсу Дүниежүзілік ойындар тізіміне, Азия ойындарының тізіміне енді. Мұның бәрі тегіннен-тегін емес. Жыл санап қарқынды дамып жатыр. Сол үшін балаларды жастайынан баулу керек. Джиу-джитсудың болашағына сенемін. Ауылдан чемпиондар көп шығады. Тек оларға бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеу керек. Мысалы, залда жаттығатын бір қызымыз Панамерика жарысына қатысып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Тағы бір бала Азия чемпионы атанды. Сол үшін Олимп шыңына дейін талмай еңбек етеміз. Шәкіртімді жеңімпаздар қатарынан көрсем, ерекше толқимын. Олардың төккен тері ақталып, жігері құм болмауы үшін барымды саламын. Әуелден-ақ жас спортшыға техниканы ғана емес, мінезін қайрауды, жеңіс жолында сынбауды  үйретемін. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 06:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see120

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see119

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see118

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

15 Маусым 2026 16:24see117

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see114

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see114

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

15 Маусым 2026 15:44see114

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

15 Маусым 2026 11:16see113

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see113

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see112

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see112

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see109

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see108

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

15 Маусым 2026 18:34see107

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

15 Маусым 2026 21:21see107

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

15 Маусым 2026 18:30see106

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

15 Маусым 2026 14:06see106

Алматыда трансформаторлық қосалқы станция өртенді видео

14 Маусым 2026 20:38see106

​Бір сағатқа жетпей табылды: Атырау облысында ақшасы мен құжаттарынан айырылған шетелдік құтқарылды

14 Маусым 2026 23:00see105

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

15 Маусым 2026 15:09see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары