Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Ислам банкінің екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде?

Ислам банкінің екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Банктер және банк қызметі туралы» Заң дәстүрлі банктерге алғаш рет исламдық терезелерді – шариғаттық қағидаттар бойынша қызмет көрсететін ішкі бөлімшелерді ашуға рұқсат береді.  Сарапшылардың айтуынша, ислами бағыттағы қаржыландыру тетіктерінің  дамуына кедергі жоқ. Бірақ қоғам тарапынан түсініспеушілік болып отыр. Қоғам Исламдық қаржыландыруды «пайызсыз несие» береді немесе тек мұсылмандарға қызмет көрсетеді деп пайымдайды. Іс жүзінде ол – нақты заңдық формалары, халықаралық стандарттары және қатаң реттелуі бар әлемдік қаржы жүйесі. Бұл туралы «Қазақстандағы исламдық қаржы: оқыту, тәжірибе, даму» семинарында жан-жақты айтылды, деп жазады  Egemen.kz.

Елімізде исламдық қаржыландырудың дамуына не кедергі?

Бүгінде әлемде ислам қаржысының көлемі 3 триллион доллардан асады және жыл сайын 10-12%-ға өсіп отырады. Алайда, Қазақстанда исламдық қаржы нарықтың 1%-дан кем бөлігін ғана алады.

Оның себебі неде:

халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі; ақпараттың жеткіліксіздігі; мифтер мен стереотиптер; өнімдер санының шектеулілігі.

Исламдық несиелендіруге «пайызсыз несие» термині қоса айтылады.  Ислам банктерінде пайда пайыздар есебінен емес, сауда үстемелері, жалдау төлемдері немесе пайдадағы үлес арқылы қалыптасады. Яғни, клиент ақшаны пайдаланғаны үшін де төлейді, бірақ мәміленің заңдық түрі басқаша.

Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін

Шын мәнінде олардың арасында принципті айырмашылықтар бар. Дәстүрлі несие – бұл ақшаны пайдаланғаны үшін міндетті төлеммен қарыз шарты. Ислам жүйесінде мәмілелер нақты активтерге: саудаға, жалға алуға, бірлескен серіктестікке негізделеді. Тәуекелдер мен жауапкершілік басқаша бөлінеді, бұл жүйе өнімдерді барынша әділ және ашық етеді.

Басты мәселе салық жүктемесінде

Ислами қаржыландыру бағытындағы сарапшы  Әділбек Рысқұловтың айтуынша, негізгі себеп – заңнаманың ішінара дайындалғаны. Ол ислам банктерінің жұмыс істеуіне құқық берді, бірақ олардың нақты және бәсекелі жұмыс істеуіне жағдай жасамады. Ең танымал кедергілердің бірі ислам ипотекасының салық мәселесі. Өйткені банк алдымен тұрғын үйді меншікке сатып алуға міндетті – әйтпесе схема шариғат нормаларына сәйкес келмейді. Оған заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесі автоматты түрде қолданылады. Ол Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған мөлшерлемеден 15 есе жоғары. Нәтижесінде банк шығындары клиенттің мойнына түсіп, ислам ипотекасын әдеттегіден қымбаттатады.

«Салық жүктемесі бастапқыда дұрыс бөлінбеген кезде, шариғат нормалары бойынша өнім жасанды түрде қымбатқа түседі. Мұндай жағдайда бәсекелесу мүмкін емес», деп атап өтті Рысқұлов.

Исламдық автоқаржыландырудың жағдайы қалай?

Исламдық автоқаржыландыру бойынша  банк автомобиль сатып алып, техпаспорт пен нөмірлік белгілерді өзіне рәсімдеуі тиіс, содан кейін қайта ресімдеуді – заңмен реттелмеген және артық бюрократияға айналатын процесті жүргізуі қажет. Клиент уақыт, банк ресурс жұмсайды, нәтижесінде өнім әдеттегі несиеге қарағанда қымбатқа түседі.

Сарапшының пікірінше, мемлекет тарапынан дұрыс қолдау көрсетілсе және заңнамалық кедергілер жойылса, ислам қаржысы ел экономикасында лайықты орын алуы мүмкін.

Банктердегі кредиттердің жаппай кешірілетіні рас па?

Осы саланың келесі сарапшысы Данияр Сейсембаевтың айтуынша, проблема тек техникалық кедергілерде ғана емес, сонымен қатар толыққанды инфрақұрылымның жоқтығында.

«Реттеуші жанындағы бірыңғай шариғаттық кеңес беретін, салық жүйесіне түзетулер енгізетін, рәсімдерді жеңілдететін жүйелі тәсіл қажет. Қазір ислам банктері жүйеге енгізілгенімен, толыққанды жұмыс істей алмай отыр» дейді ол.

Сарапшылардың айтуынша егер негізгі фискалдық және процедуралық кедергілер алынып тасталса, ислам қаржысы экономикада анағұрлым маңызды орынға ие бола алады. Сектордың шынымен де әлеуеті бар. Қазақстан ислам инвестицияларын тарта алады, халық үшін пайызсыз қаржыландыру өнімдерін дамытып, шариғат құралдары арқылы шағын және орта бизнесті ынталандырады.

Шектеулі және шектеусіз депозиттер

«Заман-Банк» Басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен  Смағұлов  өткен жылдың соңында журналистермен кездескен кезде  исламдық қаржыда депозиттер екі санатқа ­– шектеулі (restricted) және шектеусіз (unrestricted) болып бөлінетінін айтқан болатын.

«Шектеусіз депозиттер – ислам банктері үшін стандартты құрал. Клиент қаражатты орналастырады, ал банк оған дербес билік етуге, қажет деп санаған құралдарға салуға құқылы. Алынған табыс содан кейiн банк пен депозиторлар арасында бөлiнедi.

Шектеулі депозиттер – неғұрлым ерекше, корпоративтік құрал. Клиент мынадай шарттар қоя алады: мысалы, оның қаражаты тек мұнай секторында, тек нақты қарыз алушыларда немесе тіпті Apple типтес нақты компанияда орналасуы тиіс. Мұндай жағдайларда басқа логика жұмыс істейді: депозиттің өзі де, оның есебінен берілген несие де баланста ескерілуі тиіс, өйткені барлық тәуекелдерді банк емес, депозитордың өзі көтереді.

Егер қарыз дефолт болса – дефолт және депозитор. Банк шын мәнінде портфельді басқару қызметін көрсетеді және ол үшін комиссия алады. Исламдық қаржыдағы бухгалтерлік есептің әлемдік тәжірибесі дәл осылай құрылған» дейді Дәурен  Смағұлов.  

Сарапшының айтуынша,  әуел баста Ұлттық банк бұл тетікті ескермеген. Әдіснамада барлық депозиттер – теңгерімге шығарылуы тиіс деп жазылған болатын. Сәйкесінше, олардың есебінен берілген қаржыландыру да автоматты түрде баланста есепке алынды. 10 жылға жуық уақыт осылай өтті.

Дәурен  Смағұловтың айтуынша, біз әлі күнге дейін бір маңызды өнімді дамыта алмай отырмыз.  Бұл мәселе тек банктер туралы заңда ғана емес, салық кодексінде де реттелмеген.

«Әлемде салымдарға кепілдік беру қоры шариғат принциптеріне сәйкес қатаң басқарылатын және тек сукукиге ғана инвестициялайтын параллельді, жеке халал қорын құрған оқиғалар бар. Бірақ Қазақстанда ондай жоқ. Біз әмбебап банктерде ислам терезелерінің пайда болуымен жағдай өзгереді деп үміттенеміз»  дейді Д. Смағұлов. 

Халықаралық тәжірибе

Әлемде ислам қаржысы тек мұсылман елдерінде ғана дамымаған.

Малайзия - көшбасшылардың бірі. Мұнда ислам банкингі барлық қаржы секторының 30%-дан астамын алады. БАӘ мен Сауд Арабиясында ислам өнімдері ұлттық банктерге біріктірілген және стандарт болып табылады. Ұлыбританияда 20-дан астам исламдық банк ұйымдары бар, олардың клиенттері көбінесе мұсылман емес. Германия және АҚШ – исламдық қаржы зайырлы жүйе аясында осы модельдің әмбебаптығын дәлелдей отырып, табысты жұмыс істейді.

Бұл мысалдар ислам банкингі тар діни орын емес, бүкіл әлемде сұранысқа ие толыққанды қаржы жүйесі екенін көрсетеді.

Жаңа заң банктерге жайлы бола ма?

Айта кету керек, исламдық қаржы – бұл «тегін несие» немесе «тек мұсылмандарға арналған жүйе емес. Бұл адалдыққа, ашықтыққа және тәуекелдерді әділ бөлуге негізделген заманауи құрал. Қазақстан үшін бұл қаржы нарығын әртараптандыру ғана емес, әлемдік экономиканы өзгертіп жатқан жаһандық трендке кірігуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адам әлі табылған жоқ

Аймақтар • Бүгін, 17:32

Apple Google компаниясымен тағы бір келісімшартқа қол қойды

Технология • Бүгін, 17:25

Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Қоғам • Бүгін, 17:16

Атыраудағы Жағалау күзетінің ғимараты апатты жағдайда тұр

Аймақтар • Бүгін, 17:00

Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті

Әскер • Бүгін, 16:57

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Қоғам • Бүгін, 16:40

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент • Бүгін, 16:33

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді

Елорда • Бүгін, 16:23

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:18

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді

Қоғам • Бүгін, 16:15

Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты

Туризм • Бүгін, 16:00

СҚО-дағы шалғай ауылда Creative IT Center ашылды

Digital • Бүгін, 15:41

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

Аймақтар • Бүгін, 15:34

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

Төтенше жағдай • Бүгін, 15:20

«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді

Әлем • Бүгін, 15:13

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 17:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары