Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қасым Жомарт Тоқаев Ресей тарапымен келіссөздердің қалай өткенін айтып берді

Қасым Жомарт Тоқаев Ресей тарапымен келіссөздердің қалай өткенін айтып берді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Көрнекті мемлекет қайраткері және әлемдік ауқымдағы саясаткер ретінде Сіз ұлы держава саналатын Ресейдің мәртебесін нығайту жолында дәйекті саясат жүргізіп келесіз. Ресей тікелей араласпаса, бірде бір ірі және елеулі халықаралық мәселе шешімін таппайды. Сіз жаһандық тәртіп түбегейлі өзгеріп жатқан қиын кезеңде ел басқарып, орыс халқы мен Ресей мемлекеттілігі үшін тағдыршешті мәнге ие миссияны абыроймен және лайықты деңгейде атқарып келесіз. Қазақстан Ресей экономикасының дамуына және халықаралық аренада табысқа жетуіне шын мәнінде тілектес. Біздің мемлекеттеріміз алып Еуразия кеңістігінің негізін құрайды. Берік әрі біртұтас Еуразия қауіпсіздігін сақтау үшін бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Екі елді тарихи тамырластық, мәдени дәстүрлер, ұқсас менталитет, бастысы, әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді. Сондықтан мәңгі достық, тату көршілік және өзара сенім дегеніміз – жай ғана үгіт-насихат ұраны емес, халықтарымыздың бейбіт тіршілігінің мәні және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы табыстың мызғымас кепілі. Біз Қазақстанда мұны жақсы түсінеміз және Ресеймен жан-жақты ынтымақтастықты басты бағыт ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар бұл істі жалғастыру елдеріміздің қазіргі және келешек басшыларының қасиетті міндеті деп санаймыз. Өйткені екі елдің достығы мен ынтымағын ештеңе алмастыра алмайды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, келіссөздер делегация мүшелерінің қатысуымен іскерлік және конструктивті сипатта өтті.

Қазақстан мен Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады

Тараптар күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша нәтижелі пікір алмасты. Еуразиядағы қауіпсіздікке баса назар аударылды.

– Әлемдік саясатта тұрақсыздық белең алған шақта мемлекетаралық серіктестіктің орнықты әрі түсінікті үлгісі айрықша құндылыққа айналды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы бұл мақсатқа толық сай келеді. Өйткені ол уақыт тезінен өткен және жаңа дәуірдің сын-қатерлеріне төтеп беріп отыр. Сан қырлы серіктестігіміз қос халыққа нақты пайда әкелетін ауқымды жобаларға негізделеді. Сауда-экономикалық байланыстардың орнықтылығы, кәсіпкерлердің белсенділігі екі ел экономикасының негізгі салаларындағы өсімді қамтамасыз етіп отыр. Соңғы бес жылда тек агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты сауда-саттық көлемі 1 миллиард долларға ұлғайды. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келеді. Осыған дейін айтылғандай, Ресей Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестиция бойынша көш бастап тұр. Жалпы инвестиция көлемі 29 миллиард доллардан асты. Ал Қазақстанның Ресей экономикасына салған инвестициясы 9 миллиард долларға жетті. Бұл да жақсы көрсеткіш. Қазақстанда ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Биыл 20 тамызда өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы әріптестік әлеуетін арттыруға тың серпін беретініне сенімдіміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 16:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары