Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Израильдің алғысы Қазақстанның халықаралық беделі мен сыртқы саясатының мойындалғанының дәлелі

Израильдің алғысы Қазақстанның халықаралық беделі мен сыртқы саясатының мойындалғанының дәлелі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Израиль тарапының Қазақстанға алғыс айтуы – республиканың халықаралық беделінің және дербес сыртқы саяси бағытының мойындалғанының айқын дәлелі. Бұл пікірді қырғызстандық саясаттанушы Бақыт Бакетаев айтты.

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешіміне байланысты терең ризашылығын білдірді. Ол бұл қадамды батыл әрі көреген шешім деп атап, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогты кеңейтуге маңызды ықпал ететінін айтты. Бұл туралы Израиль өкілі қазақстандық тараппен телефон арқылы сөйлесу барысында мәлімдеді. Әңгіме израильдік тараптың бастамасымен өтті. Диалогтың мазмұны мен екіжақты өзара тиімді қатынастарды дамыту перспективасы қырғызстандық саясаттанушы Бақыт Бакетаевпен сұхбат барысында талқыланды.

– Бақыт Кушбекұлы, Қазақстан Президенті мен Израиль Премьер-министрі арасындағы телефон арқылы сөйлесудің екіжақты және көпжақты байланыстарды тереңдету тұрғысынан маңызын қалай бағалайсыз?

– Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты серіктестік деңгейіндегі байланыстар деуге болады. Ынтымақтастық жылдарында екі ел конструктивті диалог қалыптастырды. Ең белсенді өзара ықпалдастық ауыл шаруашылығы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, инновациялар мен жоғары технологиялар бағыттарында дамып келеді. Сонымен бірге қазіргі жағдайда ерекше маңызға ие су ресурстарын басқару саласында күш біріктіруге тараптар мүдделі. Тегін емес, өткен жылдың сәуір айында Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Оханамен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта әріптестікті кеңейтуге дайын екенін айтып, Израильде әзірленген озық технологияларды жоғары бағалаған болатын.

Екі ел серіктестігінде экономикалық ықпалдастықтың орны айрықша. Екі тараптың кәсіпкерлері бірлескен жобаларға, стартаптарға және инвестициялық бастамаларға қызығушылық танытып отыр. Іскер топтар арасындағы тұрақты байланыс Қазақстан мен Израиль арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда мәдени-гуманитарлық ықпалдастық та маңызды рөл атқарады. Ғылыми ынтымақтастық, білім беру алмасулары және түрлі мәдени іс-шаралар қарым-қатынасты одан әрі дамытудың берік негізін қалыптастырады.

Көптеген екіжақты және көпжақты күн тәртібі мәселелері бойынша ықпалдастықты кеңейтуге дайын екендерін тарап өкілдері жуырдағы телефон арқылы сөйлесу барысында да растады. Диалог бастамашысы Израиль болғанының өзі бұл елдің Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға жоғары қызығушылық танытатынын көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды белсенді қолдап отыруға келісті, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру мәселесі де сөз болды. Екі мемлекет арасында қалыптасқан көпқырлы қатынастар алдағы уақытта да табысты дамиды деуге негіз бар.

– Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуын жоғары бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұл шешімді ұзақ мерзімді, нәзік әрі байыпты көпвекторлы дипломатияның нәтижесі ретінде қарастыруға бола ма және ол жаһандық шиеленіс күшейген кезеңде Қазақстанның жауапты әрі конструктивті халықаралық ойыншы ретіндегі рөлін күшейте ме?

– Израиль басшылығының Қазақстанға алғыс білдіруін еліміздің халықаралық беделі мен дербес сыртқы саяси бағытының мойындалуының дәлелі ретінде қарастыруға болады. Израиль Премьер-министрі Президент Тоқаевтың Қазақстанды Авраам келісімдеріне қосу бастамасын бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық тәртіп пен диалогты дамытуға айрықша мәні бар батыл әрі көреген қадам деп атады. Бұл – негізсіз пікір емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың ішінде дипломатиялық тәжірибесі өте мол тұлғалардың бірі. Ол – кәсіби дипломат. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында білім алған. Әрине, мұндай шешімге ол салмақтап, жан-жақты ойластырып келді. Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы – шынымен батыл қадам. Себебі мұсылман халқы басым мемлекеттер арасынан бұл бастаманы алғаш қолдаған ел басшыларының бірі – дәл осы Президент Тоқаев болды. Көпшілік үшін бұл қадам күтпеген шешім болуы мүмкін, алайда ол Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы кемел әрі тәжірибелі бағытын толық көрсетеді.

– Қазақстанның Авраам келісімдеріне қатысуы Таяу Шығыстан тыс өңірлерде, оның ішінде Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерістеріне қалай әсер етуі мүмкін?

– Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы – экономикалық және технологиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге, жаһандық желілерге интеграциялануға және халықаралық аренада тұрақты серіктес ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Авраам келісімдеріне қосыла отырып, конфронтацияны еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысына негізделген халықаралық құқықты қолдауға өз үлесін қосуды мақсат ететінін атап өткен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақстанның бұл шешімі еліміздің бірде-бір мемлекетпен екіжақты қатынастар аясындағы міндеттемелеріне әсер етпейді және көпжақты дипломатияның бейбітшілік пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге бағытталған табиғи жалғасы әрі көрінісі болып табылады» деген мәлімдемесі ерекше маңызды. Бұл Қазақстанның Президент Тоқаевтың басшылығымен дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан бейбітсүйгіш сыртқы саяси бағытын тағы бір мәрте дәлелдейді. Авраам келісімдерін қолдау Қазақстанның әлемдік саясаттағы алдын ала болжанатын, жауапты ойыншы ретіндегі имиджін одан әрі нығайтады.

– Қазақстанның әртүрлі ықпалды орталықтармен белсенді байланыстар орнатуы, ірі державалар арасындағы тікелей коммуникациялар әлсіреген кезеңде, елімізге диалог көпірі әрі модераторы болуға қаншалықты мүмкіндік береді?

– Қазақстан бүгінде аймақтық саясаттың дербестігін күшейтуге және мемлекетаралық қатынастар тұрақтылығын сақтауға бағытталған бітімгерлік бастамаларды белсенді алға жылжытып келеді. Президент Тоқаевтың пікірінше, Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан сыртқы процестерге сырттай бақылаушы болып қала алмайды. Қазіргі күрделі кезеңде еліміз халықаралық қатынастардың негізгі мәселелері бойынша өз ұстанымына ие болуы керек, әрі ол ұстаным байыпты, теңгерімді болуға тиіс.

Қазақстан орта державалардың «ұжымдық дауысы» ретінде дамушы елдердің мүддесін халықаралық алаңдарда белсенді түрде қорғайды. Республика интеграциялық жобаларға қатысады, өңір елдерімен ынтымақтастықты дамытады және жетекші әлемдік державалармен серіктестік қатынас орнатқан. Қазақстанның халықаралық аренадағы табыстары оның беделінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан бүгінгі таңда халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде сұранысқа ие. Республиканың халықаралық рөлінің кеңеюі Еуразиядағы күштер тепе-теңдігіне және көпжақты ынтымақтастық перспективаларына оң әсер етеді. Бұл, әсіресе, жетекші әлемдік ықпал орталықтары арасындағы сенім дағдарысы күшейген жағдайда айрықша маңызға ие.

Соңғы жаңалықтар

Израильдің алғысы – Қазақстанның халықаралық беделі мен сыртқы саясатының мойындалғанының дәлелі

Сұхбат • Бүгін, 21:16

Қазақстан – диалог пен теңгерімді дипломатияны таңдаған «орта держава»

Сұхбат • Бүгін, 21:10

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне кінәлілер бостандыққа шықты

Қылмыс • Бүгін, 18:00

Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды

Білім • Бүгін, 17:32

Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады

Білім • Бүгін, 17:20

Биыл бокстан әлемде қандай жарыстар өтеді

Бокс • Бүгін, 17:03

Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды

Алматы • Бүгін, 16:49

Мадуроның жақтастары наразылыққа шығып, президентті қайтаруды талап етті

Әлем • Бүгін, 16:22

Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды

Аймақтар • Бүгін, 16:01

Шерзат ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбайдың шені өсті

Қоғам • Бүгін, 15:54

Финляндия Оттава конвенциясынан ресми түрде шықты

Әлем • Бүгін, 15:32

Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Заң • Бүгін, 15:13

Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды

Қоғам • Бүгін, 14:45

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты

Әлем • Бүгін, 14:32

Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады

Қоғам • Бүгін, 14:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 21:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары