Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан мәдениетінің халықаралық беделі артып келеді

Қазақстан мәдениетінің халықаралық беделі артып келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту және креативті индустрияларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл кезеңде өнер саласында айтарлықтар өзгерістер орын алып, Қазақстанды Орталық Азияның жетекші мәдени орталығы ретінде танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылдан бері еліміздің мәдени өмірінде маңызды өзгерістер орын алды. Мемлекет мәдени саясатты жаңғыртуға, шығармашылық әлеуетті арттыруға және мәдени мұраны халықаралық деңгейде дәріптеуге басымдық берді. Осы мақсатта бірқатар түбегейлі шешімдер қабылданды. Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі, М.Әуезов және Абай атындағы театрлар, М.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры мен Ұлттық кітапханаға «Ұлттық» мәртебесі берілді. Сонымен қатар Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры республикалық меншікке өтті.

Мәдени мұраны сақтау бағытында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 2022 жылы «Ортеке» қуыршақ биі мен Қожанасыр туралы аңыз ЮНЕСКО-ның репрезентативті  тізіміне енді. Қазақ эстрадасының символына айналған «Гүлдер» ансамблі қайта құрылып, мәдениет пен өнер саласында мыңдаған шаралар ұйымдастырылды. Роза Бағланова, Мұхтар Әуезов және Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойларына арналған іс-шаралар халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтті.

2023 жыл мәдени саясатты жүйелеу жылы болды. Осы кезеңде Үкімет 2023–2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат мәдениеттің стратегиялық даму бағытын айқындап, халықаралық ынтымақтастыққа серпін берді. Сол жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 660 іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстан мәдениеті күндері Әзербайжан, Армения, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Мысыр және басқа елдерде жоғары деңгейде өтті. Каирде Сұлтан әз-Заһир Бейбарыс мешітінің ашылуына қазақстандық делегация қатысты, ал Ташкент пен Самарқандта «Абай» операсы мен «Қазақконцерт» ұжымының концерттері табысты өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Тәжікстан, Әзербайжан және Саха Республикасының (РФ) мәдениет күндерін ұйымдастырды.

2024 жыл Қазақстан мәдениетін халықаралық сахнада жаңа деңгейге шығарды. Ел алғаш рет Венеция өнер биенналесінде ұлттық павильонын таныстырды. Париждегі Гиме музейінде және Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы музейде қазақ өнерінің көрмелері өтті. Астанада Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» туындысы көрсетіліп, Qazaq Culture атты бірыңғай мәдени онлайн-платформа іске қосылды. Сонымен қатар жаңа музыкалық ұжымдар – Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті мен «Бірлік» ансамблі құрылды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанатында Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі елдің мәдени имиджін айшықтады. Ашхабадта Құрманғазы мен Абайға, Душанбе мен Қазанда Абайдың бюстері орнатылды.

2025 жылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып, жаңа халықаралық келісімдер жасалды. «Беташар» ұлттық салты ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді, ал Өзбекстанмен бірлескен «Кесте–сюзанне» бойынша ортақ номинациялық құжат жолданды. Бейжің қаласында Қазақстанның Мәдениет орталығы ашылып, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, қос елдің дипломатиялық өкілдері мен шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы – ұзақмерзімді дипломатиялық ынтымақтастық пен келісімнің жемісті нәтижесі. 2022 жылы Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанда тең негізде мәдени орталықтар құру жөнінде келісімге келген болатын.

Биыл Ақтау қаласы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне ие болды. Бішкекте Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Достықтың алтын көпірі» ескерткіші ашылды, ал Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айқындайтын заң қабылданды.

Мәдени салада цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп отыр. 275 музей мен 65 мыңнан астам экспонат қамтылған E-Museum виртуалды жүйесі іске қосылып, 3D форматтағы артефактілерді цифрлы түрде тамашалау мүмкіндігі пайда болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бес жылдық жүйелі еңбегі нәтижесінде Қазақстан өнері халықаралық сахнада жарқырап, ұлттық мәдениет заманауи бағыттармен үндесіп дами түсті. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көшбасшы әрі ұлттық рух пен инновацияны үйлестіре білген мемлекет ретінде танылып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары