Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар мұнай өндірісіне әсер етті министр
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдарға байланысты мұнай өндіру жоспары қайта қаралады. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәлімдеді.
"Бастапқыда биыл былтырғыдай 99 млн 550 мың тонна мұнай өндіріп, көрсеткішті 100 млн тоннаға жеткізуді жоспарлаған едік. Қаңтардағы шабуылдардан, сондай-ақ маусым-шілдеде жалғасқан шабуылдардан шамамен 3,5 млн тонна мұнай өндіру көлемінен айырылдық. ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын биылдан келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл белгілі бір мүмкіндік берді", – деді министр.
Сондай-ақ NCOC операторлары да жөндеу жұмыстарын 2027 жылға ауыстырған.
"Біз 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлаған едік, қазір түзетілген жоспар – 96 млн тонна. Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар Қазақстанда мұнай өндіру көлемін 3,5 млн тоннаға қысқартады. Есеп осындай", – деді Энергетика министрлігінің басшысы.
Қазақстанның экспортталатын мұнайының 80%-ы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыры арқылы тасымалданады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 13:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















