Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты ресми түрде наразылық білдірді. Бұл – халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акт.
Қазақстан жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде энергия ресурстарын тұрақты және үздіксіз жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде айрықша орын алады.
«Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдайды деп күтеміз», – деді Айбек Смадияров.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 10:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















