Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Суретті түсірген – Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Жаңа ғасыр басында қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының алғашқы кезеңі аясында дария бойында бөгеттер мен су тораптары салынып, ұлы теңіз бен қазіргі айдын арасына Көкарал бөгеті тұрғызылды. Кіші Арал идеясының арқасында аз жылда теңіздегі су көлемі 27 млрд текше метрге жетіп, тартылған көлдердің жартысы қайта толды. Балықшылар ұзақ жыл төңкерілген қайығын теңізге салып, байырғы қоныста тіршілік жандана түсті. Жағалауынан жұрт көшкен 90-жылдар басында тұздылығы жағынан мұхит суымен теңескен Кіші Арал аз жылда қалыпқа келіп, жоғалып кеткен балық түрлері қайта пайда болды. Оны аулау көлемі 20 есеге артты, өнімді экспортқа шығаратын балық өңдеу зауыттары көбейді.

Бірақ 5–6 жыл көлемінде теңізге түсер су көлемі жыл ­сай­ын азайып, салған ауы бос шыққан балықшының салы суға кете бастағандай күй кешіп жүргенін айтпасқа болмайды. Содан келіп тәжірибелі мамандар тұзды суда тіршілік етуге бейім балықтарды жерсіндіруді дереу бастау керектігін көтеріп, дабыл да қаққан еді.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген. Сала өкілдері су үнемдеу, транс­шекаралық өзендердегі су ресурстарын әділ бөлу мәселесінде көршілес елдермен өзара түсініс­тікке қол жеткізіп, нақты қадамдар жасаудың арқасында теңізде жағдай түзеле түскенін айтады. Саланың әлеуметтік желілердегі ақпараттарында Аралды қалпына келтіруге бағытталған жоба, ең алдымен, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отырғаны айтылады.

Осыдан екі жыл бұрын Арал ауданы тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрлігі мамандары Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатқаны, теңізге өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су жіберілгені жөнінде айтқан еді.
Министрліктің былтырғы мәліметіне сүйенсек, екі жылда кіші теңіздегі су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен. Осылайша, 2030 жылға қарай Солтүстік Арал ауқымын 27 млрд текше метрге жеткізу жоспарланыпты. Теңізді сақтау жобасында жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріліп, Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесіндегі су деңгейін тұрақтандыратын су торабын салып, Көкарал бөгетін екі метрге ұлғайту нұсқасы қарастырылыпты. Министрліктің есебінше, 2024 жылы Аралға 2,6 млрд текше метр-ге жуық су жіберілген. Биылғы бес айда теңізге 748 млн текше метр су түскен.

«Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан су қойма­ларындағы су көлемі былтыр 16 млрд текше метр болса, қазір 14,3 млрд. Осы күні бізге қарай секундына 550 метр текше метр су жіберіліп, соның 538 текше метрі облыс шекарасынан өтіп тұр. Аралға 48 текше метр су түсіп жатыр. Күнделікті мониторинг жүргізіліп, барлық су нысандарының жұмысы бақылауға алынды. Жалпы, үнемдеу арқылы теңізге жоспарға сәйкес су береміз», дейді Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы басшысы Зейнулла Қазтоғанов.

Министрліктің теңіз жағ­дайына қатысты мәліметімен келіс­пейтіндер де аз емес. Соның бірі «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚҚ жетекшісі Жомарт Қартбаев.

«Теңіздің белгілі бір бөлігі сақталды, балық шаруашылығы қалпына келіп жатыр деген мәліметтер көп айтылғанымен, іс жүзінде теңізге су толық жетіп жатқан жоқ. Су негізінен ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне, әсіресе күріш алқаптарына бағыт­талып отыр», дейді ол.

Ж.Қартбаев кейінгі жылдары Аралдың су экожүйесін сақтау мәселесіне барынша назар аударыла бастағанын айтады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Аралды құтқарудың халықаралық қорына құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Осы жиында қордың даму келешегі талқыланып, Арал теңізі бассейнінің экожүйесін сақтауды көздейтін ортақ шешімдер айқындалды. Осының бәрі теңіздің ертеңіне деген үмітті оятады.

Қоғам белсендісі Аралды құтқару мақсатында құрылған қор осы өңірде орын тебуі керек деген пікір білдірді. Себебі теңіздің нақты жағдайын көзбен көріп отырған мекеме жұмыс тиімділігін арттыра түсер еді.

«Жуырда ғана кіші теңіздің батыс жағалауындағы Тастүбек елді мекенінде болдым. Айдын жанданған жылдары ел қарасы көбейе бастаған ауылда қазір тұрғындар саны кеміп кеткен. Өйткені теңіз қайтып, балық азайған. Ауылдағылар кейінгі үш жылда су көлемінің айтарлықтай артпағанын айтып отыр. Бұл туралы әлеуметтік желілерге де жарияладық», дейді ол.

Тастүбектің тұрғыны Алмат Айтбаев келген судың Қамбаш көлін толтырып жатқанын айтады. Осыдан 3–4 жыл бұрын көшіп келе бастағандардың алды қазір басқа саладан жұмыс іздеп, қайта кете бастаған. Ж.Қартбаев түбекте балық аулап жатқандармен де тілдесіпті. Олар былтыр көктемнен бері теңіз деңгейі әжептеуір шегініп кеткенін мәлім етіпті. Теңіз толғалы сырт мемлекеттерге жөнелтіліп, Аралдың брендіне айналған көксерке балығы қазір көрінбеуге айналған.

«Мемлекет басшысы Арал мәселесін үнемі назарда ұстап отыр. Ұлттық құрылтайдың Сыр бойында өткен V отырысында да айдынның алдағы тағдырына алаңдаушылық білдірді. Енді құзырлы мекемелер қозғалуы керек. Мен осы жөнінде тиісті орындарға хат жазып, тынбай ұсыныстар беріп келемін. Соның бір парасы – Аралды құтқару халықаралық қорының жұмысы туралы. Бейресми деректер жыл ­сай­ын қорға шамамен миллиондаған қаржы бөлінетінін айтады. Осы қаражаттың қалай жұмсалып жатқанын сұрап бірнеше рет ресми сауал жолдадым. Алматыда инвесторлармен кездесулер өткізіліп, түрлі жиындар ұйымдастыратын қор өкілдері Аралға тек есеп беруге ғана келетін сияқты. Онда жұмыс істейтіндер арасында теңізді көрмегендер кездессе де таңғалмаймын. Қор бейнет кешіп отырған ел ортасында – Қызылордада немесе Аралда болуы керек. Олар екі күннің бі­рінде министрлікке шапқылап, мәселе шешіп жатқан жоқ», дейді ол.

Қаратерең ауылының тұрғыны Ерболат Жанбаев та амалдың жоғынан атакәсіпті тастап, басқа саладан нәпақа іздеген жастың бірі. Ол екі айдынның ортасын бөліп тұрған Көкарал бөгетіндегі ел аузында «Тоғыз очко» аталып кеткен шлюздерден ұлы теңізге қарай су ақпағалы біраз жылдың жүзі ауғанын айтады. «Арал шалқары ұлғайды ма?» деген сауал туғанда теңіз жағалауындағы жұртшылықтың осындай пі­кірлері жиі естіліп қалады. Қыс­­қасы, аудан тұрғындары бар мүм­кіндікті тиімді пайдаланып, тек экологиялық емес, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесіне айналып отырған Аралды сақтап қалу бүкіл қоғамға ортақ міндет екенін алға тартады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары