Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Tengrinews.kz бірнеше жылдан бері Астананың оң жағалауын басып өтіп, Есілге құятын Сарыбұлақ өзенінің жағдайын бақылап келеді.

Жылдың жылы мезгілінде мұндағы суды балдыр басып, батпақтың иісі қолқаны қабады, сонымен қатар өзен біртіндеп қоқысқа "толып" барады. Жергілікті тұрғындар бұған наразы.

Жақында біз Сарыбұлақтың қазіргі кейпін көру, мәселені қалай шешуге болатынын анықтау үшін тағы да сол жерге барып қайттық.

Сарыбұлақ тағы да "гүлдеп", иіс шыға бастаған

Біз барғанда Сарыбұлақ жағасында адам көп екен. Жұмысшылар шөп шауып, аумақты ретке келтіріп жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Өзеннің бойында арнайы кеме жүзіп жүр - ол су бетіндегі балдырлар мен өсімдіктерді жинайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жұмысшылардың айтуынша, мұндай санитарлық тазалау жұмыстары күн сайын, тіпті күніне екі рет жүргізіледі. Олар су балдырлар мен тұнбадан, ал жағалау аймағы қоқыстан жүйелі түрде тазартылып тұратынын айтты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сондай-ақ, мұнда Сарыбұлақты биологиялық тазарту әдісі мен ол үшін қолданылатын препараттар сипатталған ақпараттық стенд орнатылғанын көрдік.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жұмыстарды бақылай отырып, бұл шынымен де күнделікті атқарылатын, үйреншікті күтім екен деген әсер қалады.

Алайда жергілікті тұрғындардың пікірі мүлдем бөлек. Олардың айтуынша, мұндай белсенділік әдетте байқалмайды. Осында тұратын халық жағалаудағы шөптің іс жүзінде шабылмайтынын, аумақтың ұзақ уақыт бойы қараусыз қалып, шөп басып кеткенін айтады.

Біз Сарыбұлақ бойымен серуендеп, оның жағдайын өз бетімізше бағалауды жөн көрдік. Жұмыс жүріп жатқан жерден алыстаған сайын өзеннің күйі нашарлай берді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сарыбұлақтағы су жасыл түске боялған – жасыл тұнба байқалады. Бұл микробалдырлардың немесе цианобактериялардың жиналуына ұқсайды. Мұндай құбылысты "гүлдеу" деп те атайды – бұл көбінесе қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор көп болғанда, тұрып қалған немесе баяу ағатын суларда болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жағалауларға балдырлар мен лай жиналып қалған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Олармен бірге пластик бөтелкелер, пакеттер, қаңылтыр банкалар және басқа да қоқыстар жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қоқыстан бөлек, алдымыздан өлген балықтар да шықты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Серуен барысында өзеннің көп бөлігі ұзақ уақыт бойы толыққанды тазарту көрмегендей көрінетініне көз жеткіздік.

Ал иіс бұл әсерді күшейте түседі. Өзен бойында батпақтың өзіне тән иісі қолқаны атады. Әсіресе лай мен балдырлар жиналған тұстарда иіс өте өткір.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұл – іргелес аудандардың тұрғындары көптеген жылдар бойы үнемі шағымданып келе жатқан сол баяғы батпақ иісі. Сарыбұлақты түсіріп жүргенде Жанар есімді жергілікті тұрғынмен таныстық. Ол ұзақ уақыттан бері мұнда мұншалықты көп жұмысшыны бірінші рет көріп тұрғанын айтты.

Жанар Сарыбұлақтың маңында тұрады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Бұл жерде шөп мүлдем шабылмайды. Мұндай жұмыстың жүргізіліп жатқанын бірінші рет көріп тұрмын. Кейде жылғаны тазалайды, бірақ иіс бәрібір шығады, сасып тұрады. Өзен үнемі ластанады", - дейді ол.

Басқа тұрғындар бізбен өзгеше ақпаратты бөлісті – олардың айтуынша, бірнеше күн бұрын жұмысшылар қайықпен келіп, балдырларды тазалаған. Алайда, адамдардың пікірінше, бұдан әзірге айтарлықтай нәтиже байқалмай отыр.

Сондай-ақ олар жағалаудан шабылған шөп пен судан сүзілген балдырларды жұмысшылар қаптарға жинап, көпірлердің астына үйіп кететінін айтады. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, кейбір қаптардың жатқанына екі аптаға жуық уақыт болған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сарыбұлақ басында Астана әкімдігінің су нысандарын және қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы Жанар Садуақасованы да жолықтырдық.

Журналист Аружан Дәрібай (сол жақта) және су нысандарын және қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы Жанар Садуақасова (оң жақта). Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Біз оған өзеннің жағдайына қатысты сұрақтар қойдық.

Неге Сарыбұлақтың жағдайы мұндай?

Су нысандарын басқару бөлімінің басшысы судағы жасыл тұнбаның жіп тәрізді балдырлар екенін түсіндірді. Олар біртіндеп өліп, шіриді. Соның салдарынан лай түзіліп, жағымсыз иіс шығады. Бірақ Жанар Садуақасова балдырлар мен лайдың санитарлық тазалау кезінде жүйелі түрде алынып тұратынын айтып сендірді. Дегенмен, көріп отырғанымыздай, бұл жағдайды түбегейлі өзгертпей тұр.

"Осы мәселені зерттеп, ғылыми қызметкерлермен бірге талдау жүргізе келе, біз Сарыбұлақ жылғасын сақтап қалу үшін, тым болмағанда оның жағдайын бірқалыпты ұстап тұрудың белгілі бір әдістемесін әзірледік. Егер біз мүлдем ештеңе істемесек, жағдай бұдан да нашарлайтынын түсінеміз", - дейді ол.

Сарыбұлақтың тоқтаусыз гүлдеуі мен бұл мәселені шешу жолдары туралы әлі егжей-тегжейлі тоқталамыз. Әзірге Сәдуақасова мәселе тек балдырларда емес, адамдардың да әрекетінде екенін алға тартады.

Оның айтуынша, басқарма мамандары ағын суларды тікелей Сарыбұлаққа ағызу үшін заңсыз құбыр тарту деректерін жиі анықтайды. Бұл өзенді қалпына келтіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатады. Сонымен қатар, іргелес аумақтардың тұрғындары өзенге үнемі қоқыс тастайды. Оның ішінде тек бөтелкелер мен пакеттер ғана емес.

"Күн сайын тек ағынды суларды ғана емес, тіпті суға тасталған матрастар мен ірі габаритті қалдықтарды да көреміз. Әрине, бәріне тұрғындар кінәлі деп айта алмаймыз. Бірақ біз күн сайын бәрін тазалауға тырысамыз", - дейді Жанар Сәдуақасова.

Бұған қоса ол санитарлық тазалау кезінде судан нан, күнбағыс дәндері мен адамдардың құстарды тамақтандыру үшін тастайтын басқа да қалдықтар шығаратынын айтты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Біз жергілікті тұрғындардың өздерінен қоқыс қалдыра ма, жоқ па деп сұрауды жөн көрдік.

"Иә, үйректерді тамақтандырамыз. Нан әкелеміз, - деп жауап берді біз сөйлескен тұрғындар. - Бірақ бұлаққа қоқыс тастамаймыз. Егер өзімізден кейін бірдеңе қалса, оны жинап аламыз. Қоқыстың қайдан келетінін білмейміз".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпірлердің астында апталап жататын балдыр салынған қаптарға келсек - басқармадағылар оларды ол жерде біржолата қалдырмайтынын, кептіріп барып алып кететінін айтып сендірді. Мамандардың сөзінше, қаптарды су күйінде тасу ыңғайсыз: арнайы техника қорабынан су ағады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сарыбұлақ мәселесін шешу мүмкін бе: қалай және қашан?

Дегенмен Сарыбұлақтың негізгі мәселесі - лайлану мен гүлдеуге қайта оралған жөн. Бұл туралы біз дәл сол жерде Сарыбұлақты тазартумен айналысатын компанияның ғылым жөніндегі директорының орынбасары Азамат Садықовпен сөйлестік.

Анықтама: Astana Bioscience Business Centre ЖШС - Астанадағы жеке компания. Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименталды әзірлемелерге маманданған. Бұл серіктестік Сарыбұлақты тазарту жұмыстарына тартылды. Олардың мәліметінше, өзенде пайдалы микроорганизмдер негізіндегі биопрепараттар қолданылып жатыр. Бұл заттар органикалық ластануды ыдыратып, су сапасын жақсартуға септігін тигізуі тиіс.

Садықовтың айтуынша, олардың мамандары Сарыбұлақты зерттеген. Мәліметтерге сүйенсек, ондағы түптік лай қабаты 60 сантиметр болады, ал кей жерлерде 1,4 метрге дейін жетеді. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіштің нормасы 15–20 сантиметр, ал өзеннің орташа тереңдігі 2,2 метр.

Astana Bioscience Business Centre ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Азамат Садықов. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Ол әкімдіктің бейінді бөлімінен Жанар Сәдуақасованың бұған дейін айтқан сөздерін растады: жиналып қалған лай микроорганизмдердің дамуына жағдай жасайды, ал олардың тіршілік әрекеті кезінде күкіртсутегі мен метан түзіледі. Дәл осы процесс Сарыбұлақтан айналаға тарайтын жағымсыз иістің бірден-бір себебі болып табылады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұған Азамат Садықов биыл Сарыбұлақта алғаш рет механикалық емес, дәл осы биологиялық тазарту жүргізіліп жатқанын қосты. Суға органикалық ластануларды қайта өңдейтін және түптік шөгінділерге әсер ететін микроорганизмдер негізіндегі препараттар қосылады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сондай-ақ, мамандар көк-жасыл балдырлардың өсуін тежеуге тырысып жатыр. Сонымен қатар, Садықовтың айтуынша, Сарыбұлақтың батпақтануына себепші болатын тағы бір өсімдік - балықотымен күресу әзірге нәтиже бермей тұр.

Өзенді биотазартудың қазіргі әдісі пилоттық жоба ретінде аталды. Компания оның тиімділігін тек уақыт өте келе бағалауға болатынын айтады - жоба үш жылға есептелген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сонымен қатар, әкімдіктің өзі қазіргі жұмыстардың жеткіліксіз екенін мойындайды.

"Мәселені тек реконструкция жүргізгеннен кейін ғана ауқымды түрде шешуге болады", - деп толықтырды су объектілерін және қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы Жанар Сәдуақасова.

Ол Сарыбұлақты реконструкциялау жобасы әзірленіп қойғанын хабарлады. Жоба түбін тазартуды, лай шөгінділерін жоюды, гидрологиялық режимді қалпына келтіруді және жағалау сызығын абаттандыруды қарастырады.

Реконструкцияның қашан басталатыны қаржыландыруға байланысты. Сәдуақасованың айтуынша, биыл оны өткізуге үлгермейді. Басқарма қаражат 2027 жылы бөлінеді деп үміттеніп отыр.

Сарыбұлақтың жағдайы кем дегенде бір-екі жыл ішінде жақсарады деп күтуге бола ма деген сұраққа ол былай деп жауап берді:

"Біз солай ойлаймыз. Барлығы қаржыландыруға байланысты. Қазіргі уақытта жоба әзірленді, енді қаржыландыруды күтіп отырмыз".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Tengrinews.kz өзеннің жағдайын бақылап жүрген уақыт ішінде мұнда тазарту әдістері өзгерді, жаңа препараттар мен техникалар пайда болды, ал абаттандыру жоспарлары барған сайын ауқымды бола түсті. Бірақ Сарыбұлақтың жағдайы жақсармады. Ендігі үміт - жаңа жобада.

Еске салсақ, бұлақ осыдан бір жыл бұрын да дәл осындай күйде болған. Сол кезде әкімдік пен сарапшылардың не дегенін материалдан оқыңыз: мына сілтемеде.

Айта кетейік, Сарыбұлақ мәселесі сонау 2017 жылы басталған болатын. Сол кезде әкімдік су қоймасында көк-жасыл балдырлардың күрт көбейгенін хабарлаған еді.

Фото: Нұрлан Әлжабаев

Мәтін: Аружан Дәрібай

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Суды ағызып жібермей, ұстап қалу: Астананы нөсер жауған сайын су баспауы үшін не істеуге болады?

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

Алматыдағы Әуежай көліне және оны мекендеушілерге қандай қауіп бар?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 11:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары