Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды

Астанада цифрландырудың мемлекеттік сатып алуларға қалай әсер ететіні талқыланады

Соғыс жылдарындағы қазақ әндерінің шынайы тарихы

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Сырдың соңғы солдаты

Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Астанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай күйі қандай?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бассейн, сауна, релаксқа арналған бөлмелер және проекторлары бар интерактивті залдар - жақында Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияда оңалту орталығы жұмыс істей бастады.

Краткий пересказ текста от Tengri AI Этот текст сгенерирован ИИ

2023 жылы Қазақстанның бірнеше өңіріндегі президенттік резиденцияларды балалардың қажеттіліктеріне беру туралы шешім қабылданды, ал жергілікті әкімдіктер олардың жаңа мақсатын өздері анықтауы тиіс болды. Қостанай облысында бұрынғы президенттік резиденция ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы болып қайта бейінделді. Tengrinews.kz редакциясы әкімдіктен нысанның фотосуреттерін және оны күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар туралы мәліметтерді сұратты. Резиденцияның жасанды су қоймасының жанында орналасқаны және жеті корпустан тұратыны анықталды. Төрт корпус психоневрологиялық патологиясы бар балалардың тұруына арналған, тағы үшеуі — арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған. Резиденциядан орталыққа бассейн мен сауна қалды, ал үй-жайлардың бір бөлігі релаксация, процедуралар бөлмелері мен интерактивті залдарға жабдықталды. Әкімдіктің мәліметінше, мекеме 60 төсек-орынға есептелген және жыл сайын 1,6 жастан 18 жасқа дейінгі 900-ге дейін баланы қабылдай алады. Нысанды резиденциядан оңалту орталығына айналдыруға шамамен үш жыл уақыт кетті. Реконструкциялауға облыстық бюджеттен 126,1 миллион теңге бағытталды, тағы бір миллиард теңгені жабдықтарға "Қазақстан халқына" қоры бөлді. Ал 2026 жылы орталықтың жұмысын қамтамасыз етуге 686 миллион теңге қарастырылған, алайда ашық деректер бойынша бұл қаржыландыру механизмін бақылау мүмкін болмады. Редакция Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қайда тұратынын бөлек сұрады. Оның баспасөз қызметі оның резиденцияда емес, кәдімгі көпқабатты үйдегі қызметтік пәтерде тұратынын және коммуналдық қызметтерді өзі төлейтінін хабарлады. Материал сонымен қатар өңірлерде бұрынғы президенттік нысандарды әлеуметтік салаға беру бастамасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы кеңірек мәселені қозғайды.

Айта кететін жайт, 2023 жылдың басында Қостанай, Тараз, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы президенттік резиденцияларды балалар игілігіне беру туралы шешім қабылданған болатын. Жергілікті әкімдіктер бұл нысандардың кімге - балабақшалар, сауықтыру орталықтары немесе басқа да мекемелерге берілетінін өздері анықтауы тиіс еді. 

Арада үш жыл өткенде бұл бастама қалай жүзеге асып жатыр? Tengrinews.kz редакциясы оның орындалу барысын бақылап отыр. Біз Жамбыл облысындағы бұрынғы резиденцияда балаларға арналған оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырылғанын анықтадық. Онда балалар лагерьдегідей ауысыммен демалып, ем алады, тіпті бұрынғы президенттік бассейнде жүзе алады. Сонымен қатар, тілшілеріміз Жамбыл облысы әкімінің қайда тұратынын да білді.

Бұл материал - топтаманың жалғасы. Онда Қостанай облысындағы резиденцияның тағдыры не болғанын, оны күтіп ұстауға қанша қаражат жұмсалатынын және өңір басшысының қайда тұратынын талдаймыз. 

Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденция: қазіргі жай-күйі

Tengrinews.kz редакциясы нысанның суреттерін ұсынуды және оны күтіп ұстауға бюджеттен жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін айтуды сұрап, Қостанай облысының әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Енді бұрынғы президенттік резиденцияның іші мен сырты қандай екенін көре аламыз. Нысан шағын жасанды су қоймасының жанында орналасқан. Қазір бұл ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы болып қайта жабдықталған.

Резиденцияның жоғарыдан түсірілген көрінісі. Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік өкілдері бұрынғы резиденцияның жеті корпустан тұратынын айтты. Оның төртеуі психоневрологиялық патологиясы бар балалардың тұруына арналған. Тағы үш корпус "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге" бөлінген. 

Бұл резиденцияда бұрын да бассейн болған - ол бөлек ғимаратта орналасқан. Орталық үшін ол сақталып қалды - қазір жаңа мекеменің "жетінші корпусы" ретінде есепте тұр. 

Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденциядағы бассейн. Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Бассейнмен қатар балаларға сауна да бұйырған - суреттерге қарағанда, ондағы пеш кірпіштен қаланған.

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік ұсынған суреттерден кейбір бөлмелердің балаларды сауықтыруға және релаксация жасауға арналған арнайы бөлмелерге айналдырылғанын көруге болады. 

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Сондай-ақ проекторлары бар жеке интерактивті залдар бар:

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Сонымен қатар сауықтыру процедураларына арналған арнайы жабдықтар қойылған. Суретке қарап, олардың жаңадан сатып алынғанын немесе орталыққа алдыңғы иесінен қалғанын дөп басып айту қиын.

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік мәліметінше, оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген. 

"Жылдық жоспарлы қамту 1,6-дан 18 жасқа дейінгі 900 бала. Жоспарланған оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнтізбелік күнге дейін (15 кезең) ұзартылды", - делінген облыс әкімдігінің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында. 

Өзгеріс үш жылға созылды

Бұл резиденцияның балалар қажеттілігіне берілетіні туралы 2023 жылдың ақпанында белгілі болған еді. Сол жылдың наурызында онда оңалту орталығын ашу туралы шешім айтылды. Дегенмен, ойға алған істі жүзеге асыру жолы қатарынан үш жылға жуық уақытты алды.

Әкімдік "Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сі 2025 жылғы 15 желтоқсанда ашылғанын, ал алғашқы балаларды мекеме жақында ғана - 5 қаңтарда қабылдағанын хабарлады. 

"2026 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша орталықта 128 мүгедектігі бар бала (4 кезең) оңалтудан өтті, бүгінде 35 мүмкіндігі шектеулі бала оңалту қызметін алып жатыр", - деп хабарлайды облыс әкімдігі. 

Бүгінде бұрынғы резиденцияның ғимараттары мен оған іргелес аумақтар Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгерімінде.

Бұл қанша тұрады? 

Мұндай нысандарға қатысты тағы бір маңызды мәселе - қаржыландыру. Өңір әкімдігі бастапқыда осының барлығын реконструкциялауға облыстық бюджеттен 126,1 миллион теңге бағытталғанын айтады. Бірақ бұнымен біткен жоқ, жабдықтауға да қаражат қажет болған:

"Орталықты заманауи оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етуге "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры бір миллиард теңге бағыттады", - деп толықтырды шенеуніктер. 

Орталықтың жұмысын қамтамасыз ету - бөлек шығын. Бұған облыстық бюджеттен 2026 жылға 686 миллион теңге қарастырылған.

Біз бұл қаражаттың тендерлер аясында бөлінген-бөлінбегенін анықтауға тырыстық.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар тізілімінен "Қостанай облыстық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сін таба алдық. Алайда оның заңды мекенжайы Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 11-үйде орналасқан - бұл бұрынғы резиденция тұрған жер емес.

Сондай-ақ қатысушының карточкасынан тіркелген күнін көреміз - 2016 жылғы 5 қаңтар. Яғни, бұл ескі мекеме, ол 2025 жылғы 15 желтоқсанда құрылмаған. 

Сонымен қатар, дәл осы тізілімнен тиісті тіркеу күні мен мекенжайы бар "Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сін таба алмадық.

Қаржыландыру Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жүзеге асырылды деп болжауға болады, өйткені бұрынғы резиденция солардың теңгеріміне өткен.

Алайда, жыл басында да, былтырғы жылдың аяғында да бұл басқарма КММ-мен оңалту орталығының қызметін жүзеге асыру бойынша келісімшарт жасаспаған. Сондай-ақ басқарма мұндай қызметтерді жеткізуші ретінде де көрінбеді. 

Сондықтан қолда бар деректер негізінде оңалту орталығының қалай қаржыландырылатыны туралы әзірге нақты айту қиын. 

Қостанай облысының әкімі қайда тұрады?

Егер президенттік резиденция балалардың игілігіне берілсе, онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов қайда тұрып жатыр деген сұрақ туындайтыны заңды, өйткені кейбір өңір басшылары резиденцияларды қызметтік тұрғын үй ретінде пайдаланған немесе пайдаланып келеді.

Қостанай облысының әкімшілігі әкімнің "көпқабатты тұрғын үйдің қызметтік пәтерінде" тұратынын айтты. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-тағы жарияланымдарға сілтемелер жіберілді, онда Ақсақаловтың өз тұрмысы туралы айтқан сөздері келтірілген. 

"Мен қалада тұрамын. Көпқабатты үйде. Бірінші қабатта, ешқандай күзет жоқ. Мүлдем. Көршілерімді танимын ба? Иә. Бір этаждағы көршім - аула сыпырушы. Аулада жұмыс істейтін әйел. Күн сайын жұмысқа шыққанда оны кездестіремін, ол әрқашан қар күреп, ауланы сыпырып жүреді. Ол МИБ-те (ОСИ) жұмыс істейді. Өте жағымды, биязы әйел", - деп келтірді БАҚ өңір басшысының биыл наурыздағы сөзін. 

Сондай-ақ өңірлік әкімшілік бізге Құмар Ақсақаловтың коммуналдық қызметтер үшін ақыны өзі төлейтінін хабарлады. Бірақ бұл тақырып бойынша басқа ешқандай мәлімет берілмеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 09:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

09 Мамыр 2026 22:34see114

Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды

09 Мамыр 2026 14:45see112

Астанада цифрландырудың мемлекеттік сатып алуларға қалай әсер ететіні талқыланады

09 Мамыр 2026 14:12see112

Соғыс жылдарындағы қазақ әндерінің шынайы тарихы

09 Мамыр 2026 11:40see110

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

10 Мамыр 2026 14:05see109

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

09 Мамыр 2026 11:40see108

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

10 Мамыр 2026 10:01see107

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

10 Мамыр 2026 09:56see105

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

09 Мамыр 2026 11:41see105

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

10 Мамыр 2026 16:03see105

Сырдың соңғы солдаты

09 Мамыр 2026 11:41see105

Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады

09 Мамыр 2026 16:28see105

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

10 Мамыр 2026 20:44see104

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

09 Мамыр 2026 12:20see103

Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті

09 Мамыр 2026 13:14see102

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

10 Мамыр 2026 16:51see102

Астанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

09 Мамыр 2026 10:49see100

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

10 Мамыр 2026 11:37see98

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

10 Мамыр 2026 10:35see97

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

09 Мамыр 2026 22:52see96
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары