Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

“Кокаин емес, кокос деп ойладым“: 13 тонна есірткі ісі бойынша айыпталушы сотта мәлімдеме жасады

“Кокаин емес, кокос деп ойладым“: 13 тонна есірткі ісі бойынша айыпталушы сотта мәлімдеме жасады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда салмағы 13 тоннадан асатын кокаиннің рекорд партиясын транзитпен өткізбек болды деген іске байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылар орнында екі түркиялық отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, оларға өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Істі алқабилер соты қарап жатыр. Сотта айыпталушылардың бірі не дегенін Tengrinews.kz тілшісі тарқатты.

Мән-жайы

2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК Алматыда ел тарихындағы ең ірі көлемдегі кокаин партиясы тәркіленгенін хабарлаған еді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 тонна 183 келі болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жүк Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен жөнелтілмек болған. Бірақ оның нақты қай елден шыққаны айтылмаған.

Сол кезде құқық қорғау органдары есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдікті ұстаған.

13 тонна 183 келі кокаиннің салмағы шамамен тоғыз Toyota Camry көлігімен пара-пар. Ал мұндай жүкті көліктердің жүксалғышына тиеп тасу үшін 25-тен аса көлік керек болар еді.

Бағасына келсек, ІІМ 2025 жылғы наурызда 600 грамм кокаиннің құнын 100 миллион теңге деп бағалаған. Осы есеппен алғанда, Алматыда тәркіленген партияның шамамен құны 2 триллион 197 миллиард 167 миллион теңгеден асады.

Қандай айып тағылды?

Сот алдында түркиялық О. М. мен Я. У. жауап беріп жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.

Біріншісі – 297-баптың 3-бөлігі, яғни аса ірі көлемде өткізу мақсатында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау. Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Екіншісі – 286-баптың 4-бөлігі, яғни аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу. Бұл үшін 15 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дау тудырған істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Сот процесіне орыс тілінен түрік тіліне аударатын тілмаш қатысты.

Айыпталушылардың тағдырын 12 алқаби шешеді.

Сотта айыпталушы не деді?

17 сәуірде сотта айыпталушы О. М. сөз сөйледі. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Оның айтуынша, өзін бұрыннан танитын танысы алдап соққан.

О. М. сотта 2022 жылдан бері Алматыда тұратынын айтты. Ол танымал түрік мейрамханаларының бірінде менеджер болып жұмыс істеген, 2023 жылы ықтиярхат алған. Жұбайы – Қазақстан азаматы, балалары жергілікті мектепке барған. Отбасы Қазақстанда тұрақтап, үй сатып алуды жоспарлаған.

Айыпталушының сөзінше, бәрі 2022 жылы ескі танысы А.-ның хабарласуынан басталған. Ол әйелі қайтыс болғанын, балаларын енесіне қалдыру үшін Қазақстанға көшкісі келетінін айтып, Түркия мен өзге елдерден тауар импорттайтын компания ашуға көмектесуді сұраған.

Оның сөзінше, А. компанияны жұбайының атына рәсімдеуді өтінген, себебі ол Қазақстан азаматы болған.

Соттағы мәліметке қарағанда, 2024 жылы айыпталушының жұбайының атына Point Dis Ticaret атты ЖШС тіркелген.

Диффузорлармен байланысты жайт

Компания тіркелгеннен кейін отбасы қойма жалдап, сол жерге А. алғашқы тауар партиясын жеткізген. Айыпталушының айтуынша, ол металл құтыларға салынған диффузорлар болған.

О. М. жүктің келген сәтінде қораптардың жыртылып, орамдарының кірлеп, мыжылып тұрғанын көргенін айтты. Ол осының бәрін видеоға түсіріп, А.-ға жіберіп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, тауар қоймада үш ай жатқан, кейін 2024 жылғы күзде А. диффузорларды логистикалық компанияға сатқанын хабарлаған.

Бұл жайт сотта бұрын жауап берген куәнің сөзімен де үндесіп отыр. Іс бойынша куә ретінде жауап берген көлік компаниясының директоры З. Л. дәл осындай металл құтылардың ішінде Қазақстаннан Еуропаға жөнелтілген жүктен Германия полициясы 450 келі героин тапқанын айтқан еді.

Фото: zoll.de

Айыпталушы болса, қораптарды сұрыптап жүргенде оның жай тауар деп ойлағанын, ішінде жасырын нәрсе барын білмегенін алға тартты.

Шындық 2025 жылғы ақпанда белгілі болған. Оның айтуынша, сол кезде логистикалық компания өкілдері Германияда олардың жүк көлігі "тыйым салынған заттарға" байланысты ұсталғанын хабарлаған.

О. М. бұған қатты таңғалғанын, бірден А.-ға хабарласып, неге алдағанын сұрағанын айтты. Бірақ танысы сабырлы қалып танытып, жүк оннан аса кеденнен өткенін, сондықтан бұл жай ғана аэрозольдегі газды тексерудің әдеттегі рәсімі болуы мүмкін екенін айтқан.

Айыпталушының сөзінше, осыдан кейін ол жұбайымен бірге адвокатқа жүгініп, А.-мен барлық байланысты үзуді ұйғарған. Сондай-ақ, олар келесі партияға қатысты келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан. Бұл партия "кокос" деп аталған.

"Доминиканнан келетін кокостар"

Екінші эпизод А.-ның мәрмәр мен кокос тасымалдау жоспарына қатысты.

Айыпталушының айтуынша, диффузорлар сатылғаннан кейін, бірақ Германияда жүк ұсталғаны туралы ақпарат шықпай тұрып, А. Ауғанстаннан мәрмәр мен кокос әкелгісі келетінін айтқан. Кейін қателескенін, кокостар Доминикан Республикасынан жеткізілетінін жеткізген. Сондай-ақ, жүкті Ресей арқылы транзитпен өткізбек болған. Бұл О. М.-ға қисынсыз көрінген.

Сотта О. М. есірткі қолданбағанын және "кокос" сөзінің есірткіге қатысты жасырын мағынасы барын білмегенін айтты. Оның сөзінше, ол мұны расымен кәдімгі жеміс деп түсінген.

Айыпталушы жеткізілім ақыры болмағанын айтты. Себебі ол 2025 жылғы ақпанда диффузорлардың ішінен есірткі табылғанын естіген соң, әрі қарай жұмысты жалғастырудан бас тартқан.

ҰҚК

2025 жылғы ақпанда О. М.-мен А.-ның інісі байланысқа шыққан. Кафеде өткен кездесуде ол А.-ның Түркияда ұсталғанын айтып, Point компаниясының шотындағы ақшаны қолма-қол шешіп, басқа бір фирманың қарызын жабуға көмектесуді сұраған.

О. М. бұл ұсыныстан бас тартқан. Ал бірнеше күннен кейін, 2025 жылғы ақпанның ортасында, оны ҰҚК қызметкерлері өзі жұмыс істейтін мейрамханада ұстаған. Оның айтуынша, дәл сол кезде ғана А.-ның Еуропа арқылы Қазақстанға есірткі жөнелткенін білген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 10:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары