Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Көкшетаудағы бала өлімінен кейін: Ақмолада ашық құдықтарға қатысты 2 101 шағым түскен

Көкшетаудағы бала өлімінен кейін: Ақмолада ашық құдықтарға қатысты 2 101 шағым түскен

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қайғылы оқиғадан кейін жұртшылықтың жанайқайы күшейіп, адам өміріне қатер төндіретін нысандарға жауапты қызметтердің жұмысы сын садағына қайта ілікті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Өңірде биылғы тоғыз ай ішінде ғана тұрғындардан түскен 45 011 өтініштің 2 101-і құдықтар мен люктерге қатысты болып шықты. Қауіпті жоюға бөлінген уақыт – 24 сағат. Бірақ бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін заманда мәселе дер кезінде шешілмей, жауапты органдардың сылбырлығының салдарынан түйткілдің түйіні тарқамаған. Қауіп дабылы тұрғындармен дер кезінде қағылғанымен, құзырлы органның жылдам әрекет етпеуі қайғылы оқиғаларға ұласқан оқиғалар жиілеген. 

Күні кеше Көкшетауда жоғалып кеткен төрт жасар баланың денесі ашық кәріз құдығынан табылғаны туралы суыт хабар жергілікті қоғамды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде төрт жастағы Аланның күлімдеп түскен суреті тарады. Қалың жұртшылықтың қабырғасы қайысты. Ата-аналар балаларын ойлап алаңдады. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Оның барлық мән-жайына құқық қорғау органдары баға беруге тиіс. Алайда тергеудің аяқталуын күтпей-ақ айтатын мәселе шаш-етектен. 

Ашық құдықтың адам өміріне қатер төндіретіні ешкімге құпия емес. Ендеше, мұндай қауіптің алдын алу үшін неге қайғылы оқиға болғанша күтуіміз керек? Неліктен қарапайым ғана қауіпсіздік қағидаларының орындалуы қоғамның ашу-ызасы күшейгеннен кейін ғана күн тәртібіне шығады? Бұл бір баланың қазасына қатысты эмоциялық сауал ғана емес. Жалпы, қаланың қауіпсіздігіне, коммуналдық қызметтердің жұмысына және жауапкершіліктің нақты кімге жүктелгеніне қатысты күн тәртібінде күйіп тұрған аса өзекті мәселе.

45 мың шағым – 45 мың дабыл

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жарияланған деректерге қарағанда, «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығына биылғы тоғыз айдың ішінде ғана 45 011 өтініш түскен. Бұл өткен жылдың толық көрсеткішінен 3 627 өтінішке немесе 8,8 пайызға көп болып отыр. Бір қарағанда, мұны тұрғындардың цифрлық қызметтерге қолжетімділігі артып, мәселесін жеткізу мүмкіндігі жақсарғанының белгісі деп түсіндіруге болады. Бірақ өтініш санының жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көбейе түсуі жұмыстың сапасыз атқарылып, тіпті мүлде жүргізілмей жатқанын айғақтаса керек. Тұрғындарды әсіресе электрмен жабдықтау мәселесі аса қатты алаңдатып тұр. Бұл сала бойынша 4 483 өтініш түскен. Құдықтар мен люктерге қатысты шағым саны 2 101-ге жеткен. Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша – 1 886, сумен жабдықтау бойынша – 1 432, санитарлық тазалық бойынша 1 348 өтініш тіркеліпті.

Осы сандардың ішінде әсіресе құдықтар мен люктерге қатысты көрсеткіш бейжай қалдырмайды. Себебі қоқыстың уақытында шығарылмауы немесе абаттандыру жұмысының кешеуілдеуі тұрғындардың тұрмысына қолайсыздық туғызса, ашық құдық кез келген жағдайда адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді. Яғни, бірінші кезекте болуы тиіс қауіпсіздіктің өзі елеусіз қалғаны ащы шындық.

Халықтың алаңдаушылығын туғызған 2 101 өтініштің астарында қандай ахуал жатыр? Оның қаншасы ашық құдықтарға, қаншасы ақаулы люктерге қатысты? Ең бастысы, осы шағымдардың белгіленген мерзімде шешімін тауып, қанша қауіпті нысан қоршалып толық жөнделді? Өйткені іс жүзінде бір ғана олқылықтың дер кезінде орындалмауынан қайта-қайта шағымдануға мәжбүр болған тұрғындар қаншама? Өкінішке қарай, жарияланған деректерде бұл сауалдардың жауабы жоқ. Ал нақты нәтиже мен атқарылған жұмыстың ашық есебі болмаса, мәселенің қаншалықты шешілгенін бағалау да қиын. Әрине, барлық өтініштің сипаты бірдей емес.  Олардың бәрін бірдей апаттық жағдай деп қарастыруға да болмайды. Дегенмен адам өміріне қатер төндіретін нысандарға қатысты өтініштерді жеке есепке алып, олардың орындалу барысын ашық көрсету қоғам сенімін нығайтуға, ең бастысы орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік бермес пе еді?!

24 сағат бар. Ал жауапкершілік қайда?

«iKomek 109» орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Тұрғындар 109 нөміріне қоңырау шалып, Telegram-бот пен әлеуметтік желілер арқылы да өтініш қалдыра алады. Орталықтың міндеті – хабарламаны қабылдап қана қоймай, оны жауапты ұйымға жолдау, орындалу мерзімін бақылау және мәселенің іс жүзінде шешілгенін анықтау. Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты  Smart Aqmola  мекемесінің басшысы Дастан Әнелұланның айтуына қарағанда, өтініштер қауіп деңгейіне қарай үш санатқа бөлінеді.

– Бірінші санат – жоғары деңгейдегі өтініштер. Бұған адам өмірі мен денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін жағдайлар жатады. Олардың орындалу мерзімі 24 сағатқа дейін белгіленген және оны ұзартуға болмайды. Жол үстіндегі ашық люк, үзілген электр сымы, су құбыры желісіндегі апат немесе жолдың қауіпті зақымдануы осындай санатқа кіруі мүмкін. Екінші санаттағы өтініштер 72 сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға тиіс. Оған қоқыстың уақытында шығарылмауы, контейнер алаңдарының толып кетуі, жарықтандыру, сумен жабдықтау немесе жол инфрақұрылымындағы кейбір кемшіліктер жатады. Үшінші, стандартты санаттағы өтініштерді орындау мерзімі 10 күнге дейін созылады. Бұлар – жоспарлы абаттандыру, аумақтарды тазалау, жасыл желектерді күтіп-баптау, шөп шабу секілді шұғыл араласуды қажет етпейтін мәселелер, – дейді Дастан Әнелұлан.

Әрине, мұның бәрі қағаз жүзінде қисынды көрінеді. Қауіп деңгейі анықталған, мерзім белгіленген, жауапты ұйымға берілетін тапсырма тайға таңба басқандай көрсетілген. Алайда жүйенің шынайы тиімділігі ереженің қаншалықты сауатты жазылғанымен емес, оның өмірде қалай орындалатынымен өлшенеді емес пе? Мәселен, ашық құдық туралы хабар түсті делік. Ол тіркеліп, жауапты ұйым анықталды. Орындау мерзімі белгіленді. Бірақ құдық сол күйі ашық жатса, осы әрекеттердің бәрі құр далбаса болмай ма?!

Қауіпті нысан туралы хабар түскен бойда оның айналасын қоршау, ескерту белгісін қою немесе өзге де шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет болуы мүмкін. Ал ақауды толық жоюға белгілі бір уақыт керек болса, сол аралықта адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бірінші кезекке шығуға тиіс. Сондықтан 24 сағатты жауапкершіліктің соңғы шегі ретінде ғана қарастыру жеткіліксіз. Қауіптің сипатына қарай алғашқы әрекет әлдеқайда ерте жасалуы қажет. Өйткені құдықтың ашық жатқаны туралы хабарлама мен сол құдықтың жанынан өтіп бара жатқан баланың арасындағы уақыт кейде санаулы минуттармен ғана өлшенуі мүмкін.

Көкшетау көш бастады. Бұл нені аңғартады?

Өтініштердің географиялық бөлінісіне қарасақ та назар аударарлық дерек бар. Тоғыз айда Көкшетау тұрғындарынан 16 854 өтініш түскен. Сондай-ақ  Целиноград ауданында – 4 054, Қосшы қаласы бойынша 3 721 өтініш тіркеліпті. Бұдан бөлек, Степногор, Атбасар, Аршалы және облыстың өзге де аудандары тұрғындарынан шағымдар көп.

Көкшетаудың өтініштер саны бойынша алда тұруы қаланың коммуналдық мәселелері басқа елді мекендерге қарағанда міндетті түрде көп дегенді білдірмейді. Бұған тұрғындар саны, өтініш беру белсенділігі, цифрлық қызметтерді пайдалану деңгейі және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл көрсеткішті өздігінен жұмыстың нашарлығының дәлелі ретінде көрсету дұрыс емес. Бірақ қаладағы инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қатысты шағымдарды жеке саралау қажеттігі анық. Қай көшеде ақау жиі қайталанады? Қандай нысандарға қатысты шағымдар бірнеше рет түседі? Қай мекемелер тапсырманы мерзімінде орындайды, ал қайсысы кешіктіреді? Осындай деректер ашық жарияланса, мәселенің түп-төркіні де айқын  көрінер еді. Тұрғындардан келіп түскен әрбір хабарламаны тек статистикаға қосып қоя салу оңай. Ал оның артындағы мәселенің шынымен шешілген яки шешілмегенін тексеру әлдеқайда күрделі. Өйткені, мемлекеттік қызметтің сапасы да дәл осы тұста көрінеді.

Қайғылы оқиғадан кейін ғана қимылдаймыз ба?

Көкшетаудағы қайғылы оқиға қоғамның назарын ашық құдық мәселесіне тағы аударды. Бірақ қоғамдық резонанс басылғаннан кейін қауіпсіздікке қатысты талаптардың да көмескі тартпағаны маңызды. Бүгін бір құдықтың маңындағы қауіп туралы айтсақ, ертең басқа көшедегі ашық люк, қоршалмаған құрылыс алаңы немесе үзілген электр сымының салдарынан суыт хабар тарауы мүмкін. Осындай оқиғалардың әрқайсысынан кейін ғана тексеріс басталып, жауапты қызметтер шұғыл әрекетке көшетін болса, онда алдын алу жұмыстарының тиімділігі қалай болмақ?

Әрине, Көкшетаудағы баланың өліміне қатысты нақты жауапкершілік мәселесі тергеу нәтижесіне, анықталған фактілерге және уәкілетті органдардың қорытындысына сүйеніп шешілуге тиіс. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталмай тұрып, белгілі бір мекемені немесе адамды кінәлау орынсыз. Бірақ бұл сақтық коммуналдық қауіпсіздікке қатысты жүйелі сұрақтарды көтеруге кедергі болмаса керек. Егер қауіпті нысан туралы шағым бұрын түскен болса, ол қашан тіркелді? Қай мекемеге жолданды? Қандай шара қабылданды? Ал шағым болмаған жағдайда, жауапты ұйымдардың өз аумағындағы қауіпті нысандарды анықтау және жою жөніндегі жұмысы қалай ұйымдастырылғаны назарға алынса мәселе дер кезінде шешімін таппас па еді. Бұл сауалдар кінәлі іздеу үшін ғана емес, келесі қайғылы жағдайдың алдын алу үшін де қажет.

Қағаздағы есеп емес, көшедегі қауіпсіздік керек

Иә... «iKomek 109» орталығының жұмысы тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда байланыс арнасының тиімділігіне тек қабылданған өтініштердің саны арқылы баға беру жеткіліксіз. Нақты нәтиже үшін орындалған өтініштердің үлесі, мерзімінен кешіккен тапсырмалар, қайта түскен шағымдар және адам өміріне қауіп төндіретін ақаулардың жойылу уақыты секілді көрсеткіштер де қажет. Әсіресе, ашық құдықтар мен люктерге қатысты өтініштер бойынша қоғамға түсінікті есеп ұсынылса, тұрғындар мәселенің қалай шешіліп жатқанын көре алар еді. Қай қауіпті нысан анықталды, ол қашан қоршалды, қашан жөнделді, жұмысқа қай мекеме жауапты болды? Мұндай ақпарат жауапкершілікті нақтылап қана қоймай, алдын алу шараларының сапасын бағалауға да мүмкіндік береді.

Расында да, бір ашық құдықтың қақпағын жабу – көзге көріне бермейтін, бірақ адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Оған салтанатты жиын да, дабыралы есеп те қажет емес. Ең бастысы,  дер кезінде әрекет етіп, қауіптің алдын алу. Ақмола облысында тоғыз айда тіркелген 45 011 өтініштің әрқайсысы – тұрғындардың шешімін күткен назардан тыс қалдыруға болмайтын дабыл. Ендігі міндет – осы сандардың артында нақты нәтиже бар екенін дәлелдеу. Қауіпті нысандар жойылып, жауапты мекемелер міндетін мінсіз атқаруға тиіс. Халыққа керегі – қабылданған өтініштің саны емес, аман сақталған өмір маңызды. Ал бір баланың қазасынан кейінгі ең үлкен сабақ – қайғылы оқиғаның алдын алу үшін енді ешкімнің құрбан болмауы тиіс.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 14:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары