Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Көкшетаудағы мұз аренасы неге екі жарым жыл бойы бос тұр

Көкшетаудағы мұз аренасы неге екі жарым жыл бойы бос тұр

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сарыарқа шағынауданының тұрғындары мен хоккей жанкүйерлері көлемі 26×56 метр болатын хоккей корты бар мұз аренасы есігі қайта айқара ашылады деп үміттенеді. Алайда қазір нысан бос тұр, оның аумағына кіруге шектеу қойылған.

Осы күнге дейін нысан тағдырына қатысты іс сотта бірнеше рет қаралды. Мәселе жер дауынан басталған. Биыл мамырда Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты дауға нүкте қойды. Талапкер - Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті, жауапкерлер - аренаны салған «Qazaq Union» ЖШС, «KOKSHE» ӘКК» АҚ және Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Мәселенің мәні

2021 жылғы маусымда «KOKSHE» ӘКК» АҚ-қа Көкшетау әкімдігінің қаулысына сәйкес, жабық мұз аренасын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру үшін 4 гектар жер учаскесін жеті жыл мерзімге уақытша жер пайдалану құқығымен (жалдау құқығын сатып алу шартымен) беру туралы шешім қабылданған.

Бірнеше күннен кейін қаладағы жер қатынастары бөлімі мен «KOKSHE» ӘКК» АҚ арасында жерді жалға алу және уақытша жер пайдалану құқығын сату туралы келісімшарт жасалды. Кейін 2021 жылғы 21 маусымда, «KOKSHE» ӘКК» АҚ «Qazaq Union» ЖШС-мен «Хоккейге арналған жабық мұз аренасын қосалқы үй-жаймен бірге салу» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойды.

Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Ал 2023 жылғы мамырда Көкшетау әкімдігі «Qazaq Union» ЖШС-не аталған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беріп, тараптар жерді сату-сатып алу келісімін жасады.

Жер ресурстарын басқару департаменті жоғарыда аталған мәмілелер заң талаптарына сай келмейді деп есептеп, сотқа жүгінді. Талапкердің дерегінше, жер учаскесі берілген кезде мұз аренасын салу жоспарланған ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, бекітілмеген. Осы негізде департамент жер қатынастары бөлімі, «KOKSHE» ӘКК» АҚ және «Qazaq Union» ЖШС арасында жасалған үш шартты жарамсыз деп тануды сұрады.

Сот анықтағандай, жер учаскесі берілген сәтте егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы расында болмаған. Ол Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен тек 2021 жылдың қыркүйегінде, яғни даулы шарттар жасалғаннан кейін бекітілген.

Сонымен қатар сот Жер кодексі мен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның нормаларына сүйеніп, мемлекеттік меншікке жататын жер учаскелерін беру тек конкурс (аукцион) арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті, егер заңда өзгеше көзделмесе.

Сондай-ақ сот «KOKSHE» ӘКК» мен «Qazaq Union» арасындағы ұқсас дауға байланысты бұрын заңды күшіне енген шешімді де ескерді. Ол шешім бойынша бір шарт жарамсыз деп танылған, себебі жер учаскесін беру конкурстық рәсімсіз өткен.

Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Нәтижесінде сот отырысы қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «KOKSHE» ӘКК» АҚ және «Qazaq Union» ЖШС арасында жасалған үш шартты жарамсыз деп таныды.

Шенеуніктер не дейді

Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, «KOKSHE» ӘКК» АҚ да бірлескен жобаның қатысушысы ретінде Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған жер учаскесінің сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берген.

- 2024 жылғы 3 қыркүйектегі сот шешімімен талап қанағаттандырылды. 2023 жылғы 26 мамырда Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен «Qazaq Union» ЖШС арасында жасалған №95 жер учаскесін сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылды. Сот жер учаскесін жеке меншікке беру заң талаптарына және бірлескен қызмет шартының талаптарына сәйкес келмегенін анықтады, - деп мәлімдеді ведомство.

Алайда мұз аренасы 2023 жылғы 11 сәуірде пайдалануға берілген, аталған факт қабылдау актісімен расталған. Осыған байланысты нысан иесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 52-бабында көзделген құқықты пайдаланып, ғимаратқа меншік құқығы сол нысан орналасқан жер учаскесіне құқық беретінін негізге алған.

- Қазір құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін нысанды мақсатты пайдалану тәртібі айқындалады, - деп түсіндірді Көкшетау әкімдігінен.

Айта кетсек, Петропавлда халықаралық талаптарға сай мұз аренасы салынып жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 20:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары