Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Көлсай таңғажайып табиғат тартуы

Көлсай таңғажайып табиғат тартуы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Табиғаты талайды там­сан­дыр­ған таулы өңірде отан­дық туризм индус­триясын дамытуға ерекше ба­сым­­дық беріліп отыр. Соның нәти­жесінде «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында көп­теген игі жұмыстар атқарылып, демалушылар мен табиғатсүйер қауымға қолайлы жағдай жасалып отыр. Бүгінгі Көлсайдың келбеті өзгеше. Туристердің жыл он екі ай еркін жүріп-тұруына, тынығуына және тамақтануына қолайлы орындар жасалып, сервистік қызмет түрлері көбейген. Ең бастысы, тазалық пен қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында ұлт­тық парк аумағында туристер­ге арналған тоғыз туристік маршрут жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Саты ауылы – Қайыңды көлі», «Саты ауылы –  Саты асуы», «Төменгі Көлсай көлі – Сарыбұлақ асуы», «Күрметі ауылы  –  Ортаңғы Көлсай көлі», «Күрметі ауылы  –  Қыземшек тауы», «Кіші Өрікті сайы – Мәжі көлі», «Төменгі Көлсай көлі», «Таң­балы тас», «Алғабас ауылы – Суық­тоғай шатқалы» бағыттары қыз­мет көрсетеді. Демалушыларға атпен және қайықпен серуендеу, балық аулау, табиғат аясында шатыр тігу сияқты қызмет түрлері ұсынылады.

– Әсем табиғатымен әлемге танылған «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылы Үкімет қаулысымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде құрылған. 2024 жылы Көлсай көлдеріне 395 мың турист келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 600 мыңнан асып түсті. Биыл мамыр айының соңына дейін келгендер саны 120 мың адамға жетті. Осы жылы ұлттық парк аумағындағы туристік-рекреациялық мақсатта пайдаланылатын жерлер бо­йынша өткізілген тендер мен конкурс қорытындысына сәйкес 19 ұзақмерзімді және 6 қысқамерзімді жер учаскесі пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда жер пайдаланушылар тарапынан Көлсай, Қайыңды және Күрметі сайларында визит-орталықтар, экоқонақүйлер, глэмпингтер, қоғамдық тамақтану орындарын салу, сондай-ақ Төменгі және Ортаңғы Көлсай көлдерін байланыстыратын аспалы жол салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын аспалы жол 2028 жылға қарай пайдалануға берілсе, мүм­кіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы туристердің Көлсай көлдерін қиындықсыз тамашала­уына мүмкіндік туады. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда туристік сервистің сапасы да, келушілер саны да арта түспек.

Өткен жылы туристік-рекреа­ция­лық қызметтен 546,4 млн теңге табыс түскен. Парк аума­ғында алғаш рет 112 жедел құтқару стансасы ашылып, моторлы құтқа­ру қайықтарымен жабдықталды. Сонымен қатар тікұшақ қонатын алаң салынды. Өрт сөндірушілер арнайы техникамен қамтамасыз етілді. Көл жағалауында төтенше жағдайлар жөніндегі құтқарушы-инспекторлар тұрақты кезекшілік атқарады. Сондай-ақ жеті «Сергек» камерасы орнатылды. Мұның барлығы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, – дейді «Көлсай көлдері» МҰТП директорының орынбасары Хамит Ахметов.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың тазалығын сақтау және табиғатқа жанашырлық таныту мақсатында ұлттық парк аумағында жыл сайын еріктілердің, мектеп оқушыларының, студенттердің және парк инспекторларының қатысуымен экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 26 рет өткізіліп, оған 2,5 мың адам қатысты. Акция аясында 5 215 түп ағаш отырғызылып, 3,2 тонна қоқыс шығарылды.

Ұлттық парк аумағының тазалы­ғын қадағалау үшін мекеменің арнайы есепшотынан 12 тазалық қызметкері жұмысқа қабылданған. Олар Көлсай және Қайыңды көлдері аумағында күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізеді. Парк аумағынан шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтар Саты ауылдық округі әкімдігіне қарасты арнайы полигонға жеткізіледі. Жалпы, жыл басынан бері ұлттық парк аумағынан 36 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналған.

– Көлсайға апаратын жол бо­йында орналасқан Саты ауылында 363 түтін бар. Мұнда 1400-ге жуық адам тұрады. Ауылда туризм саласындағы кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Осы жылдың бас­ты жаңалығы – Саты ауылына кіре­берістегі стелладан бастап Көл­сай көлдері бекетіне дейінгі 14 ша­қырым жолға жарық шамдары тартылуда. Жобаның құны 300 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда қаражаттың 30 пайызы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ Саты өзенінің жаға­лауын абаттандырып, Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауына ұқсас заманауи аллея салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның құны – 1 млрд 850 млн теңге. Жобаны облыс әкімі қолдап отыр. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда бұл туристерді тартуға зор мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі 12 шақырым жолды салуға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Жол құрылысы тамыз айының соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі, – дейді Саты ауылдық округінің әкімі Нұрым Сағымжан.

Дегенмен туристік жүктеменің артуына байланысты электр энер­гия­сының тапшылығы мен кәріз жүйесіне қатысты мәселелер әлі де толық шешімін таппай отыр.

Туристер легі үзілмейтін өңір үшін қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Осы мақсатта жақын­да Саты ауылында жаңа өрт сөн­діру бекеті ашылды. Салта­нат­ты іс-шараға Төтенше жағдай­лар министрі, генерал-лейтенант Шың­ғыс Әрінов пен Кеген ауда­нының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев қатысты. Таулы өңірдегі бұл өрт сөн­діру бекеті Саты және Күр­меті ауылдарымен қатар, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының қауіпсіздігін қам­тама­сыз етіп, түрлі төтенше жағ­дай­лардың алдын алуға қызмет етеді.

– Еліміздегі ең танымал әрі өзіндік ерекшелігімен дараланған туристік орындардың бірі – Қайың­ды көлі. Ол 1911 жылғы жер сілкінісі кезінде тау жыныстарының опырылып, өзен аңғарын бөгеп қалуының нәтижесінде пайда болған. Ұлттық парк аумағының 70 пайызы орманды алқаптан тұрады. Бұл өңір «Қайыңды сайы» деп аталады. Көл­ге ерекше көрік беріп тұрған – Шренк шыршалары. Олардың су бетіндегі діңдері қурағанымен, су астындағы бөлігі жақсы сақталған. Соның арқасында көлдің түсі қысы-жазы жасыл реңкке боялып, туристердің қызығушылығын арттырады.

Қайыңды көлінің ұзындығы шамамен 400 метр болса, тереңдігі 30 метрге жуықтайды. Көлсай көлдеріне келген туристердің басым бөлігі Қайыңды көлін де көруге тырысады. Өткен жылы мұнда 600 мыңнан астам турист келсе, оның 184 мыңы арнайы Қайыңды көліне барған. Оның 128 мыңы – шетел азаматы, – дейді «Көлсай көлдері» мекемесінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Руслан Иманбаев.

Өткен жылы Алматы облыстық туризм басқармасынан 67 млн теңге бөлініп, жаяу жүргіншілерге арналған 150 метрлік жол, 10 орын­дық және 10 тамақтану үстелі орнатылды. Сонымен қатар көл жағалауларында пирстер мен шатырлар салынып, 10 заманауи әжетхана пайдалануға берілді. Оның төртеуі Қайыңды көлі жаға­лауында орналасқан.

Қайыңды көліндегі тағы бір жаңашылдық – көл жағалауына апаратын темір баспалдақтың орнатылуы. Бұл бастаманың жүзеге асуына ұлттық паркке қарасты Қарабұлақ орманшылығының орманшысы Асхат Нұрдәулетов мұрындық болған.

– Ата-анам осы Қайыңды сайын­да мал бағып, еңбек етті. Сондық­тан бұл өлкенің табиғаты мен тыныс-тіршілігі маған етене жақын. Қайыңды көліне келетін адамдардың таудан төмен түсіп, көлді тамашалауы үшін арнайы жолдың болмауы мені көптен толғандыратын. Сол мәселені шешу үшін бизнес-жоспар әзірлеп, қорғап шықтым. Нәтижесінде, ені – 1, ұзындығы 450 метр болатын темір жаяу жүргіншілер жолы салынды. Биыл оған қарама-қарсы бағытта дәл осындай көлемдегі екінші жолды салуды жоспарлап отырмыз. Өйткені қазіргі жол туристер санына байланысты тарлық ете бастады, – дейді іскер азамат.

Қайыңды көлінен төмен қарай ағатын өзеннің үстімен ирелеңдей салынған жарты шақырымға жуық темір өткелмен жүру – әрбір турист үшін ұмытылмас әсер сыйлайтыны сөзсіз.

Алматы облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 23:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары