Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан алдағы қыста да Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін

Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі талқыланады

Қазақстан әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын елдердің бірі

Қылмыс көбейген соң Швеция кәмелетке толмағандарға қатаң жаза енгізеді

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

Қазақстанда электромобильдер құны қымбаттайды

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

АЭС тің түпкілікті координаты әлі айқындалған жоқ Сәтқалиев

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан су шаруашылығын цифрландырады

Қазақ қытай ынтымақтастығы артады

Үкімет археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгендерге жазаны күшейтуге неге қарсы

Балаңды орысша оқытпа, мәңгүрт болып қалады Алматыдағы мектеп дауы

Жарық күн телехикаясы экранға шығады

Қазақстанда мейрамхана бизнесі қалай дамып жатыр

Үкімет елдегі банктерге көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін

Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Александр Стубб: Астана велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр

Қазақстанның қаржы кеңістігінде юаньнің орны нығайып келеді

Әлем қандай әдемі

Түбектегі таңғажайып ел

Түбектегі таңғажайып ел

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Таңғы жұпар елі. Оңтүстік Кореяның жаһан жұртына белгілі де бейресми атауы осындай екен. Шынында да Корей түбегіне табан тіресеңіз, таулы өңірдегі ақ жауыннан кейінгі саф ауа мен жайқалған желекке куә боласыз. Біз барған күздігүні біз болған әсем шаһарларын, әсіресе қалаларының арасындағы ауылдарын жасыл барқыт кілеммен көмкеріп қойғандай. Биыл Тынық мұхиты мемлекеттерінің экономикалық саммитін өткізуге таңдалған Кореяда көретін тағы не бар? Осыны баяндамаққа бел будық.

Суреттерді түсірген – автор

Тарихтан тамыр тартқан

Кореяға сапарымыздың алғашқы аялдамасы – ел астанасы Сеул. 10 миллионнан аса халық тұратын алып мегаполиске таң боз бере тоқтадық. Рауандаған күннің сәулесі жерге емес, аспанмен таласқан ғимараттардың «құзар шыңына» түседі екен, содан алтын түске боялған шатырлар жарқ-жұрқ етеді. Кореяның ұлттық туризм ұйымының өкілдері бізді әуелі бағдарлама бойынша Кёнбоккун сарайына алып барды. Кәсіби гидтердің барлығы өз бағдарламасын осы жерден бастайды. Бұл бекер емес. Өйткені Кёнбоккун сарайы – көне мен жаңаның түйіскен нүктесі, бес ғасыр бойы Кореяның тағдырын бойына сіңірген тірі шежіре. Оны көрмей тұрып, кәрістердің бол­мысын терең түсінбейсің, дәл осы жер елдің өткенін ғана емес, корей мәдениетінің өзегін паш етеді.

Сарай қақпасын аттаған сәттен-ақ, уақыт шымылдығы артқа сырғи жөнеледі. Турды ұйымдастырушы ұйым қызметкері, гид Сани хан ордасына дейін апаратын үш жолақтың ортасындағысы екі жағын­дағы­сынан сәл биіктеу екеніне назарымыз­­­ды аудар­­ды. Дәл сол биігірегі – ешбір қызметкер аяқ баспайтын билеушінің жолы-тын. Жоғары жолақпен кеудеңді тіктеп жүріп өткенде әрі көне сарайда турис­тердің негізінен корей ұлттық киімімен сейіл құрып жүргенін көргенде сол дәуірдің салтанаты көз алдыңда қайта тірілгендей күй кешесің. Ал алыстан саң­қылдаған күзетшілердің дауысы патша дәуірінің рухын қайта жаңғыртқандай болады. Күн еңкейгенде сарай үстін алтын шапақ көмкереді. Самалмен бірге өткеннің сыбдыры естіледі. Сондай сәтте Кёнбоккун тарих емес, тірі естелікке айналады. 1395 жылы Чосон династиясының негізін қалаушы Теджо патша салдырған сарай жапон шапқыншылығы кезінде өртке оранып, кейін қайта тұрғызылды. 90-жылдары реставрациядан өткен сарайдың бүгінгі ел ордасының ортасынан ойып орын алғаны, әлі күнге дейін қазіргі үкіметінің мәдени жиын­дарын осында өткізуі бүгінгі мемлекетке рух беріп тұратындай. Ұлттың қазіргісі мен кешегісінің арасындағы нәзік тепе-теңдік Кёнбоккунда ерекше сезіледі.

Сеулде корей елінің тарихын тек мәдени орындардан емес, күнделікті қаланың өмірі­нен де көруге болады. Мысалы, аста­насы­ның қақ ортасында Инсадон мен Иксондон деп аталатын екі аудан бар. Кәдім­гі тіршілігі қайнап жатқан жер. Бірақ бір ерекшелігі – үйлер, көшелер, ғима­рат­тар­дың сонау ғасыр­­­­лар­дан бергі бейнесі бұзылмай сақталған. Қаланың қым-қуыт көшесінен шығып, Инсадонға аяқ басқан сәтте-ақ басқа әлемге енгендей боласың. Мұнда көше бойы ханок – дәстүрлі ағаш үйлермен көмкерілген. Бұл ауданды дәстүр мен мәдениеттің мекені деу­ге болады. Себебі сауда көшелеріндегі сөре­лерде көне қылқаламдар, күрең түсті сия, фар­фор кеселер мен жібек орамалдарды көре аласың. Мұның бәрі де Кореяның мың­жыл­дық руханиятының сырын сақтап тұр.

Ал Инсадоннан бір көше әрі өткенде заманауи Сеулдің қақ ортасында жасырынып жатқан Иксондон қарсы алады. Бұл аудан – ХХІ ғасыр мен Чосон дәуірінің үндестігі. Тар, ирелең көшелер бойында ханок-үйлердің ағаш қақпалары сақталған, ал сол үйлердің ішінде қазіргі заманның кофеханасы мен дизайнерлік дүкені жайғасқан. Бір үйдің ауласында ағаш шамдар ілініп, сазды музыка ойнап тұр. Мұнда адамдар дәстүрлі ханбок киіп, ескі көше бойымен жиі жүреді. Тарихтың куәсі болған әр кірпіш, әр қақпа бүгінгі өмірмен жарасым тапқан. Кешкісін аспан қызыл шапаққа боялып, көше шамдары жанғанда көне үйлердің терезесінен жылы жарық төгіліп, қала тынысы баяулай түседі.

Ашық аспан астындағы музей

Сапарымыздың келесі күні Андон қаласына тарттық. Заманауи ғимараттары көкке шаншылған Сеулден мүлде бөлек әлем. Біз осы Андон іргесіндегі ауылға келдік. Бұл – тау мен өзеннің құшағына орын тепкен Хахве ауылы. Көшелерінен өткенде ғасырлар бұрынғы Кореяны көріп тұрғандай боласың. Шатырлары иілген, қалың қамыспен жабылған үйлер, таспен өрілген дуалдар мен бұралаң соқпақтар – бәрі де елдің бай рухани мұрасын көз алдыңа әкеледі. Хахве атауының өзі «өзен айналып өтетін ауыл» деген мағына береді. Нактонган өзені бұл ауылды орап өтеді. Су мен жердің үйлесімі мұнда ежелден адамдарға береке мен жайлылық сыйлаған. Ауылдың тарихы ХIV ғасырдан, яғни Чосон дәуірінен басталады. Мұндағы әрбір үй – тұтас бір әулеттің шежіресі. Мұндағы көптеген үй мен ғибадатхана ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Содан болар бүгінде Хахве ашық аспан астындағы музей аталып кеткен.

Дәл осы ауылда «Маска театры» атауы­мен танылған халықтық сатира театры жұмыс істейді. Ауылдың өзінде театр сақталған. Қаншама қилы кезеңді бастан өткерген корейлердің өз тарихи мәдениетін сақтаудағы табандылығына таңдай қағасың. Ауылдың ең әйгілі мұрасы да – осы Хахве маскалары мен маскалар арқылы көрсе­тілетін Корея халқының көнеден келе жатқан комедиялық-драмалық өнері. Көпшілікпен бірге біз де осы өнерді тамашаладық. Бір қарағанда бұл жай ғана би мен күлкі көрінісі сияқты. Бірақ әр маска – тұтас философия. Маскалардың бет пішіндері кейде күліп, кейде ызаланып, кейде мұңға батқандай. Олар қоғамдағы түрлі әлеуметтік таптардың бейнесін: ақсүйек, ғалым, шаруалар мен монахтарды, тіпті сарайдың сұлу ханымдары мен әзілқой қызметшілерді бейнелейді. Маска театрының басты ерекшелігі – сатира. Сол арқылы халық биліктегі әділетсіздікті, екіжүзділікті әжуалап, күлкімен сын айтқан. Осылайша, өнер шындықты жеткізудің құралы ретінде қалыптасқан. Ауылға ат басын бұрған туристер тек көне үйлерді та­ма­шалап қана қоймай, шеберлердің мас­ка жасау сәтін көзбен көріп, дәстүрлі би сабақ­та­рына қатысып, ұлттық тағамдардан дәм тата алады. Әсіресе жыл сайын өтетін Хахве маска фестивалі кезінде ауыл ерекше жанданады, түрлі түсті киімдер мен әуен­­дер, күлкі мен би, тарих пен бүгін бір сахнада тоғы­сады.

Ауылдың рухани өзегі – конфуций­шіл-дік. Мұнда әлі күнге дейін үлкенге құрмет, кішіге ізет, табиғатпен үндестік, еңбек пен білімге адалдық секілді құндылықтар халықтың ұстанымына айналған. Бұл – заманауи Кореяның мәдени болмысына әсер еткен басты рухани тамырларының бірі. Андонг өзенінің жағасында, таулардың ортасында орналасқан Досан Сеовон Кон­фуций академиясы бар. Академия XVI ғасырда негізі қаланған бұл академия Кореядағы ең беделді рухани білім ордасының қатарына жатады.

Академия ауласында ескі қарағайлар сыбдырлап, желмен бірге өткеннің үнін жеткізгендей. Мұндағы Конфуций ілімі – құрғақ қағида емес, өмір сүру өне­рі. Тәртіп пен кішіпейілділік, ұстазға құр­мет пен өз-өзіңді тану, осының бәрі ғасыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сып келеді. Корейлер үшін Досан Сеовон – ойшыл­дық­тың мәңгілік мектебі, дана­лықтың бесігі. Тастармен қаланған жолдар, ағаштан өрнек­­те­ліп жасалған қақпалар, сылдыр қаққан бұлақ үні ойға тереңдік, санаға сәуле себеді.

Табиғатпен тілдестірген тыныштық

Андон қаласынан кейін Йондок шаһа­­рын бетке алдық. Бұл енді нағыз табиғатпен тілдесуге таптырмайтын мекен екен. Бұлай деуімізге қаладағы Бёльёнри орманы мен Хэмачи саябағы себеп болды.

Қала орталығынан сәл әрірек шық­саңыз, табиғаттың басқа бір ғажайыбы – Бёльёнри орманы күтіп тұрады. Таңғы тұман арасынан күн сәулесі сығалап, өзен ай­дынына шағылысқанда орман іші жұмбақ тыныш­­­тық­қа бөленеді. Бұл жерде туристердің көбі сөйлеспей, тек тыңдайды. Өйткені ондағы жапырақ сыбдыры, құс үні, алыстағы өзен сарыны – бәрі де табиғаттың өз әуені. Мұнда серуендеген адам өз ойы­мен оңаша қалады, таза ауаны ішіңе тартқандағы әр дем жаңа шабыт сыйлайды.

Ал алып мұхитқа құятын теңіздің жаға­лауына жайғасқан Хэмачи саябағы – Ты­нық­тың тынысы. Тынық мұхитының тол­қынымен тербеліп, мынау әлемнің шеті мен шегін іздегенде Құдайдың осы бір картинасы аспан мен судың арасындағы шекараны жойып жібергендей сезімге бөленесің. Сол сәтте сағат тілі тоқтап, тек жел мен толқынның әуені ғана естіледі. Кореяның шығыс қақпасы саналатын Йондок Хэмачи саябағында толқындар бірде дамылдап, бірде күшейіп, көк аспанды айнадай шағылыстырып жатады. Теңіз иісі мен мұхиттың сәл тұзды ауасы таби­ғат­тың өз қолтаңбасы секілді. Терең тыныс алғанда санаң серпіліп, теңіздің асау толқыны кеудеңді шайып өтетіндей. Күй­бең тіршілікті жағаға қалдырып, терең ойға сүңгіп кетіп, ішінен тек өзіңді іздейтіндейсің.

Уақыт тоқтаған қала

Йондоктан кейінгі бағытымыз Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы жайлы жота арасында орналасқан Кёнджу қаласы болды. Кёнджу – ежелгі Силла патша­­­лы­ғы­ның астанасы, мың жылдан астам уақыт бойы Корея өркениетінің кіндігі болған шаһар. Мұнда патшалардың бейіті, будда храмдары, көне қоңыраулар мен тас мүсіндер өткеннің үнін жеткізеді. Әрбір тасында сыр бар, әрбір бұлағында естелік бар. Сондықтан да корейлер бұл жерді жай ғана қала емес, өздерінің рухани отаны деп атайды. Сапарымызға себепкер болған сөз басындағы саммиттің өтетін орны ретінде Кёнджу қаласының таңдалуы да осыдан екенін ұқтық.

Күн шығыс елінің таңғы шуағы Кёнджу­дің төңірегін алтын түске бояп, таудың қырқасынан баяу ғана көтеріліп келе жатты. Тыныштық пен тылсым үйлескен бұл өлкеде ғасырлар бойы буддизмнің, даналықтың және рухтың шамы өшпеген. Сол киелі мекеннің бірі – Соккурам үңгір ғибадатханасы. Соккурам – тастан туған тыныштық. Төбесі аспанмен тілдескен Тохамсан тауының баурайындағы бұл ғибадатхана – адам қолымен жасалған ғажайып инженерлік туынды. Ортада мүсінделген Будда бейнесі – шексіз сабырдың, рухани кемелдіктің символы іспетті. Ақ граниттен қашалып жасалған бейненің жүзі күн сәулесіне шомылғанда тіпті тас мүсіннің өзі тірі секілді әсер қалдырады. Бұл ғибадатхана VIII ғасырда, Силла патшалығының ең гүлденген кезінде тұрғызылған. Сол заманның шеберлері уақыт пен тас­ты тілдестіріп, мәңгілік тыныштықты мүсіндеп кеткендей.

Әлемнің әр түкпіріндегі буддистердің Оңтүстік Кореяға келгенде соқпай кетпейтін тағы бір орны – Пульгукса ғибадат­ханасы. «Будданың жердегі мекені» саналатын бұл жер – Корея руханиятының алтын қазығы. Қақпадан кірген бойда гүлдің иісі аңқып, дұғаның үні естіледі. Тастарға табаның тигенде тарихтың табын сезгендей боласың. Негізгі залдың ішіндегі алтын Будда мүсіні – нұр мен сенімнің тұңғиығы. Пульгукса ғибадатханасы – тек діни ғимарат емес, адам мен табиғаттың, сенім мен өнердің мәңгілік диалогі.

Кёнджу қаласындағы кезекті бағы­тымыз Вольджонгё көпірі болды. Бұл көпір де сонау VIII ғасырда салынған. Бірақ талай соғыс пен өзгерісті өткерген Вольджонгё кейін жойылып, бертінде қайта жаңғыртылған. Біз мұнда кеш батқанда келдік. Көпірді алғаш көргенде «су үстіндегі салтанат» деген сөз ойға оралды. Қаланың символына айналған Вольджонгё көпірі Кёнджудың жүрегін жарып өтетін Намчхон өзені үстінде керіліп тұр. Кеш түскенде көпір шамдары жанып, су бетінде алтын сәуле жылт-жылт етіп, орманнан салқын самал еседі. Бұл көрініс туристерді бейнебір ертегі әлеміне жетелейді.

Кёнджудегі ендігі тоқтаған жерімізге барғанда қазақ елінің тарихымен үндестікті байқағандаймыз. Қалада жүрсең, үстін жасыл тегіс шөп басқан төмпешіктер көзге түседі. Бұл – сол ежелгі патшалар мен ақсүйектердің мазарлары. Соның ішіндегі ең атақтысы – Чхонмачхон қабірі. Қабірден алтынмен апталған атты адам табылған. Біздің Алтын адам деуге болады. Бұл жер 1973 жылы ашылған. Археологтер жер астынан алтын тәж, нефрит алқалар, күміс ер-тоқым және аттың бейнесі салынған пергамент тапты. Қабір ішіне кірген сәтте ауа салқындайды, ал қабырғалардағы суреттер мен көне жәдігерлер үнсіз «сөйлейді». Чхонмачхон жәдігерлері – Силла өркениетінің биік мәдениеті мен бай рухының куәсі.

Силла патшалығының қанша ғасыр өтсе де тарихи атауы өзгермеген астанасы Кёнджуде көретін тағы бір керемет бар. Бұл – Чхомсонде обсерваториясы. Азиядағы ең көне жұлдыз бақылау мұнарасы VII ғасырда ханшайым Сондоктың бұйрығымен тұрғызылған екен. Сол кездің өзінде-ақ мұндағы ғалым, астрономдар ай мен күн қозғалысын бақылаған. Аспанмен тілдескен мұнара 362 гранит тастан тұрады. Ежелгі астрономиялық ескерткіш – Кореяның зерттеуге бағзыдан бет бұрғанын, ғылымды өкениеттің негізі ете білгенін айғақтайтын әрі білім мен рухтың үйлесімін көрсететін нысан.

Мұнарадан шыққан соң біз Кёнджу ұлттық мұражайына табан тіредік. Бұл мәдени мекенді мәңгі сақталған өркениет орны десе болатындай. Силла тарихының алтын қазынасы болған мұражайда 100 мыңнан астам жәдігер тұр. Ал кіреберістегі ең ерекше көрініс – алтын тәждер мен нефрит сырғалар. Бағалы да құнды жәді­герлер корей халқының байырғыдан сақталған сән-салтанаты мен нәзік эстетикасын паш етеді. Мұражайдың басты жәдігері – Сондок патшаның қоңырауы. Оның үні ерекше жұмсақ, терең және ұзақ жаңғырып шығады. Аңыз бойынша, қоңырау үнінде бала даусы бар деседі, оның үнін естіген адам рухани тазарғандай күй кешеді. Мұражайда жүргенде уақытты бір сәтке ұмытасың, сақталған дүниенің бәрі – шаң басқан жәдігер емес, тірі естелік.

Осыдан кейін туристік топ болып Донггун сарайы мен Вольджи тоғанына тоқтадық. Мұражайдан алған әсеріңнен, сондағы атмосферадан шыға алмаған күйі кешқұрым айдың жарығымен жұлдыздардың судағы әсем бейнесіне куә болдық. Бір кезде бұл жер патшаның жазғы резиденциясы болған-ды. Вольджи дегеніміз – «Ай суы» деген мағынаны білдіреді. Расында, ай тоған үстіне түскенде су беті күміс айнадай жарқырайды. Қазіргі таңда тоған айналасы жарықтандырылып, әдемі саябаққа айналған. Кешкі серуенге шыққанда айнала өлең оқып тұрғандай.

Бір ғана қаладан осыншама байлықты, қазынаны көргенде, «Кёнджу – ұлттың рухы­на саяхат жасайтын, корей халқының жаны сақталған қала» деген ойға келдік. Себебі Сеулдің абыр-сабырынан кейін Кёнджуде жүрегің тынышталады, ал санаң тереңдейді. Мұнда келген адам тарихты оқымайды, оны бастан өткендей сезінеді.

Қимастық һәм сағыныш

Кёнджуден қайтадан Сеулге жол тарттық. Келе жатқанда осыған дейін жүріп өткен үш қаладағы әсерлі сәттер мен қимас күндер көз алдыма келді. Сонда бізге жол сілтеп жүрген Сани гидтің «Мегаполистердегі қатаң жұ­мыс кес­тесінен шаршаған корей жұрты дема­­лыстың сәті түсе қалса, Андон, Йондок, Кёнд­жуге тартып кетеді» дегенінің мәнісін түсін­ген­деймін.

Сеулде кішкене аялдадық. Алматыға апаратын ұшағымыздың көтерілуіне біршама уақыт бар. Сол мүмкіндікті де қалт жібермеуді ойластырған Кореяның ұлттық туризм ұйымы бізді астанасының ортасындағы сауда үйіне апарды. Сауда орталығы дегенде тұрмыс-тіршілікке қажет өнімдер мен бұйымдар, киім, азық есіңе түседі ғой. Сондай оймен келе жатқанда алдыңнан алып кітапхана шыға келгенде корейлердің тапқырлығына таңдай қақпасқа шараң қалмайды. Кітап оқитын ұлт қалыптастыруға таптырмас идея дерсің. Адам сауда үйіне күн сайын тамақ алуға барады. Сол кезде биік эстетикалық талғаммен безендірілген, кітаптармен көмкерілген кітапхана рухани азық алуды да есіңе салып тұрады. Бұл көрініс маған оқитын, оқып тауысуға тиіс деген кітаптарымды үйдегі тамақ ішетін үстелдің жанындағы сөреге қалдыруға әдеттендірді.

Сөйтіп, ұйымдастырушы топқа алғыс­­тан өзге айтарымыз болмай, кеудені қимас­­тық сезім билеп, таным көкжиегімізді кеңі­тіп, жүрек түкпірінде жаныңды елітер естеліктерді сақтауға себепкер болған сапарымызды сәтті аяқтап, аз уақытта сағынып үлгерген елімізге аттандық.

Астана – Алматы – Сеул – Андон – ЙОндок – КЁнджу – Сеул – Алматы – Астана 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:11
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан алдағы қыста да Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін

28 Қазан 2025 12:25see145

Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі талқыланады

28 Қазан 2025 12:51see138

Қазақстан әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын елдердің бірі

28 Қазан 2025 21:59see110

Қылмыс көбейген соң Швеция кәмелетке толмағандарға қатаң жаза енгізеді

29 Қазан 2025 00:38see109

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

29 Қазан 2025 08:14see108

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

29 Қазан 2025 11:42see108

Қазақстанда электромобильдер құны қымбаттайды

28 Қазан 2025 19:33see108

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29 Қазан 2025 04:04see108

АЭС тің түпкілікті координаты әлі айқындалған жоқ Сәтқалиев

28 Қазан 2025 12:25see107

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан су шаруашылығын цифрландырады

29 Қазан 2025 08:24see107

Қазақ қытай ынтымақтастығы артады

28 Қазан 2025 23:40see107

Үкімет археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгендерге жазаны күшейтуге неге қарсы

29 Қазан 2025 12:29see106

Балаңды орысша оқытпа, мәңгүрт болып қалады Алматыдағы мектеп дауы

29 Қазан 2025 14:09see106

Жарық күн телехикаясы экранға шығады

28 Қазан 2025 23:40see105

Қазақстанда мейрамхана бизнесі қалай дамып жатыр

30 Қазан 2025 00:15see103

Үкімет елдегі банктерге көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін

29 Қазан 2025 17:54see103

Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды

29 Қазан 2025 11:52see103

Александр Стубб: Астана велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр

28 Қазан 2025 14:31see103

Қазақстанның қаржы кеңістігінде юаньнің орны нығайып келеді

28 Қазан 2025 16:06see102

Әлем қандай әдемі

29 Қазан 2025 07:58see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары