Күлген тұрғынды жауапқа тартты : полиция түсініктеме берді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Күлгенім үшін жауапқа тартты. Осылай деп полиция қызметкерлерінің үстінен шағым айтқан тұрғынға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, дейді полицияда.
"Оқиға шамамен түнгі сағат 01:00-де болған. Қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері терезелері ашық тұрған автокөлікке назар аударған. Көліктен музыканың даусы қатты шығып, ондағы қыздар дауыстап айқайлаған. Осылайша түнгі уақытта тыныштық сақталмаған", - дейді ішкі істер министрлігінде.
Полиция қызметкерлері автокөлікке жақындап, құжаттарды тексеріп, жүргізушіге өздерінің не себепті келгенін сабырлы түрде түсіндірген. Сақшылар ауызша ескертумен шектеліп, кейін азаматты жіберген.
"Яғни оған ешқандай айыппұл салынған жоқ және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Соған қарамастан, азамат полиция қызметкерлерімен сөйлесу барысында эмоцияға беріліп, дауысын көтерген және болған жағдайды бейнетаспаға түсірген. Кейін осы оқиға бойынша әлеуметтік желілерде бұрмаланған ақпарат жариялаған", - дейді полицияда.
Оқиғаның барлық мән-жайы полиция қызметкерлерінің бейнетіркегішіне жазылған. Бейнежазбалар тексеріліп, полиция қызметкерлерінің әрекетінен заң бұзушылық анықталған жоқ, дейді министрлікте.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 15:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















