Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

МӘМС қаражатын бақылау күшейеді: төлемдерге цифрлық қадағалау жүйесі енгізілмек

МӘМС қаражатын бақылау күшейеді: төлемдерге цифрлық қадағалау жүйесі енгізілмек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын қорғау жүйесін дәйекті түрде күшейтіп, цифрлық қадағалауға, тәуекелге бағдарланған басқаруға және медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бүгінгі күні 5,5 млн астам қазақстандық МӘМС жарнасын төлеп, аударым жасалған. Бұл жұмыс Қордың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыратын және Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшіру шараларының негізгі бағыттарының бірі.

Бақылауды күшейту және жауапкершілік бұлтартпастығы қағидаты

Құқық қорғау органдары тергеп жатқан қазіргі эпизодтар жүйенің бұрынғы жұмыс кезеңдеріне (2024-2025 жж.) қатысты. Материалдардың едәуір бөлігін Қордың өзі бақылау іс-шаралары барысында анықтап, процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдаған.

Бұзушылықтар іс жүзінде көрсетілмеген медициналық көмекті көрсету, қызмет көлемдерін қосып жазу, азаматтарды жалған бекіту, пациенттердің дербес деректерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ МӘМС қаражатын заңсыз алудың басқа да схемаларымен байланысты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қор жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар жөніндегі 72 материалды құқық қорғау органдарына жолдады. Оларды қарау нәтижесінде 27 қылмыстық іс тіркеліп, олар бойынша келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 3,7 млрд теңгені құрады.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың толық кезеңінде 630 млн теңге сомасына 73 материал жолданып, олар бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген.

Бұл ретте анықталған бұзушылықтар көлемінің артуы теріс пайдалану фактілерінің көбейгенін емес, Қордың бақылау функциясының сапалы күшейгенін, талдамалық құралдардың жетілдірілгенін және әрбір анықталған фактіні құқықтық баға беруге дейін жеткізу жұмысының күшейгенін көрсетеді.

Қордың ұстанымы қағидатты әрі өзгеріссіз: МӘМС қаражатын заңсыз пайдаланудың әрбір расталған фактіге объективті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуға, ал мемлекетке келтірілген залал өтелуге тиіс.

Бұзушылықтарды анықтаудан олардың алдын алуға көшу

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейтумен қатар, Қор қаржылық бақылау жұмыстарына өзгеріс енгізуде.

Егер бұрын бұзушылықтарды анықтау кезіндегі негізгі жұмыс қаражат аударылғаннан кейін орындалса, жаңа модель алдын алу шараларын медициналық ұйымға төлем жүргізгенге дейін орындауды көздейді.

Қордың даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Qalqan IT-платформасын, автоматтандырылған антифрод жүйесін және деректерді талдаудың тәуекелге бағдарланған алгоритмдерін қамтитын қаржылық бақылаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі енгізілуде.

Жаңа цифрлық құралдар нақты уақыт режимінде медициналық көмектің қалыптан тыс көлемдерін, жаппай негізсіз жазбаларды, медициналық қызмет жеткізушілердің жалған қызмет белгілерін, көрсетілген қызметтер көлемін жасанды түрде ұлғайтуды және басқа да тәуекел сценарийлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Пациент бақылаудың толыққанды қатысушысына айналады

Жаңа модельдің маңызды элементі қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту болмақ. Әрбір азамат өзінің атына тіркелген медициналық қызметтерді жедел тексеріп, іс жүзінде мұндай көмек көрсетілмеген жағдайлар туралы хабарлай алады.

Мұндай өтініштер тексерулер жүргізуге арналған тәуекел индикаторларының қосымша көзі ретінде пайдаланылды.

МӘМС қаражатын қорғаудың жаңа моделі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Гүлмира Сәбденбек бақылауды күшейту бір реттік науқан емес, денсаулық сақтаудағы қаржылық басқарудың жүйелі реформасы екенін атап өтті.

«Қор бақылау тәсілін түбегейлі өзгертуге бет бұрды. Яғни, бұзушылықтарды кейін анықтаудың орнына оларды алдын алу шараларын қолға аламыз. Біздің мақсатымыз медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің жасалуына жол бермеу. Бұл әрбір теңгенің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, азаматтардың МӘМС жүйесіне сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Гүлмира Сәбденбек.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 18:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары