Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Маңызды заңдар топтамасын қарады

Маңызды заңдар топтамасын қарады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Отырыс барысында сенаторлар «Қа­зақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын же­тілдіру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарады. Талқы­лау кезінде құжатқа тиісті түзе­ту ен­гізіп, заңды жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарды. Аталған заң қал­дықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар құжатта қайта өңдеу саласын дамытуға және гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын жетілдіруге қатысты маңызды түзетулер қарастырылған.

Сенаторлардың айтуынша, заң экол­о­гия саласын цифрландыруды, көмір­текті офсеттеу мен климаттық қаржы­ландыру тетіктерін дамытуды, сондай-ақ, инвестициялық жобалар мен көмірсутектерді барлау жобала­ры үшін экологиялық рұқсаттар мен қоры­тындылар алу мерзімдерін қысқартуды да көздейді. Бұл ретте теңіздегі көмірсутек кен орындарын барлау жұмысы аталған нормалардан тыс қалдырылғанын атап өткен жөн.

Депутаттар отырыста бірқатар халық­аралық құжаттарды да ратификациялады. Олардың қатарында «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіз­дік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңдар бар. Бұл заңдарды мақұлдау құрылымдардың қызметтік міндеттерін орындауы немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысуы кезінде тасымалдауды ұйымдастырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Трансшекаралық су ресурстарын басқаруда тиімді өзара іс-қимылды дамыту мен суды ұтымды пайдалану, сондай-ақ, мемлекетаралық бірлесіп пайдаланылатын су шаруашылығы нысандарының қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды.

Сонымен қатар халықаралық эконо­ми­калық ынтымақтастықты нығайтуға арналған «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы эконо­микалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды. Құжат тауарлардың БАӘ нарығына шығуына қолайлы жағдай жасап, тараптар арасындағы сауда көлемі мен қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Палата отырысында «Психологиялық қызмет туралы», «Қазақстан Республика­сындағы кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар да қаралып, мақұлданды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы маңызды екенін үнемі айтып келеді. Осыған орай, мақұлданған заң аясында өңірлердегі жергілікті басқарудың құқықтық тетіктерін же­тілдіретін түзетулер қаралды. Заңда өзін-өзі басқару институттарын дамытуға және мәслихаттардың рөлін күшейтуге арналған нормалар да бар. Өңірлердің қаржылық дербестігін нығайтуды көздейтін түзетулер де назардан тыс қал­ған жоқ. Заңды қабылдау жергілікті өзін-өзі басқару институттарын одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат төрағасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы электрондық сауда операторының құқықтары мен міндеттері нақтыланып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен шарттары айқындалғанын атап өтті.

Отырыс кезінде сенаторлар «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да мақұлдады. М.Әшімбаев аталған заңда кредиттік рейтингілік қызметті реттеудің құқықтық негіздері, мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары белгіленгенін айтты. Сонымен қатар рейтингілік агенттіктердің қызметі, оларға қойылатын талаптар мен мемлекеттік қадағалаудың ерекшеліктері жан-жақты реттелген.

Көші-қон саясатын жетілдіру, инклю­зивті мәдениетті дамыту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, техникалық және кәсіптік білім беруді ілгерілету бағытындағы маңызды нормалар депу­таттардың бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда топтастырылған. Осы құжат арқылы Кәсіпкерлік, Еңбек және Әлеуметтік кодекстерге, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сегіз заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Мақұлданған заң көші-қон саясатын және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге арналған. Сонымен қатар инклюзивті саясатты қолдауға, зейнетақы жинақтарын басқаруға және денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты маңызды түзетулер де енгізілді», деді М.Әшімбаев.

Бұған қоса, сенаторлар «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады.

Аталған құжаттарда радиоактивті қалдықтардың классификациясы, ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру тәртібі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін санаттарға бөлу мәселелері нақты регламенттелген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары