Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салық жүйесінің тиімділігі. Нұрлыбек Шаймахановпен сұхбат

Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарға үндеу жасады

Балаларға ана тілін тегін үйретеді

Прокуратура интернет алаяқтар ұрлаған 850 мың теңгені иесіне қайтарды

Алаяқтар алдау әдісін күрделендіріп жатыр Бас прокуратура ескерту жасады

Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

No comment: Олимпиада алауы Венецияда

Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жуықтады

21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары соттың онлайн өтуін сұрап отыр

ЕАЭО тізгіні Қазақстанда: Астана интеграцияның жаңа векторын қалай айқындайды?

KASE де еуромен есеп айырысу енгізілуі мүмкін

Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді

Әуе арқылы жүк тасымалын арттыру қажет

Әйгілі Alibaba бағалы қағаздары Қазақстан биржасында саудаға шықты

Атыраудағы түнгі клубта болған жаппай төбелес: Күдіктілер ұсталды

Экспорт пен импорт: Бәсекелестік әділ болуы керек

Синдзо Абэні өлтірген адам сотталды

Сенат қандастарға әлеуметтік қолдау көрсететін құжатты мақұлдады

Медициналық қызмет: қаржы бар, қадағалау ше?

Медициналық қызмет: қаржы бар, қадағалау ше?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі газеті­мізде қордың жұмыс бағы­тын түсіндіретін, енді бірде сын садағына алған мақалалар жарық көрді. Шетелде тиімділігін көрсеткен сақтандыру жүйесі салаға тартылған қаражат көлемін ұлғай­туға септескені рас. Алайда бізде әлі күнге меди­циналық көмек сапасына күмәнмен қарайтындар көп. Мұның негізгі себебі қаржы мәелесіне байланысты болса керек.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бәсекеге қабілеттілігі ескерілуі керек

Қордың жұмысын ұтымды үйлестіру бағытында бірқатар жүйелі, мақсатты қадамдар жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі де бірнеше маңызды шешім қабылдады. Саланы цифрландыруға көп көңіл бөлінді. Қазір медици­налық көмектің қашан, кімге, қай уақытта көрсетілгені – бәрі-бәрі жүйеге тіркеледі. Дәрі-дәрмек айналымы да осыған ұқсас тәртіппен бақылауға алын­ған. Дәрі өндірілгеннен бастап, дәріханаға, одан кейін тұтынушының қолына тигенге дейінгі аралық түгел тіркел­ген. Сол секілді мемлекеттен ден­саулық жағдайы бойынша есепте тұрған нау­қастарға берілетін тегін дәрі-дәрмек те жөнсіз, есепсіз үлес­тірілмейтін болды. Мұның барлығы ден­саулық сақтау саласында қар­жыны үнемдеп, ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік берді. Бастысы, цифрландырудан соң дәрігерге ұзын-сонар кезек азайды, қаржыны тиімді басқару­дың мүмкіндігі артты, медицина­лық қызметтер бұрынғыдан қолжетімді бола түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkis­tan» газетіне берген сұхбатында медицина саласын цифрландыруды жалғастыру қажет екенін айтты.

«Бұрын жекешелендірілген медицина мекемелері көбінесе күрделі құрал-жабдықтар сатып алмайды, тексеруден өту үшін науқастарды мемлекеттік емхана­ларға жібереді. Бірақ ең бастысы, оларға шын мәнінде науқастардың санына қарай емес, «тіркелген» адамдардың санына қарай бюджеттен ақша бөлінеді әрі бұл «жан басына сәйкес қаржыландыру» деп аталады. Науқастардың санында мүлде нақ­тылық жоқ, тіркеу жұмыстары қалай бол­са солай жүргізіледі. Барлығы ашық бо­луға тиіс, осы саладағы үрдістің бәрін цифр­ландырған жөн. Жалпы, бұл – күрделі мә­селе, Үкімет бұған назар аударуға тиіс. Мен лауа­зымды тұлғалардың мұндай жағ­дайға жол беріп қана қоймай, мемлекет мүд­десіне қайшы келетін нәрсе­лерді «өз қо­лымен» жасағаны­на таңғаламын. Бір сөз­бен айт­қанда, тиісті мекемелердің жөн­сіз іс-әрекеттерінің кесірінен білім және ден­саулық сақтау салаларындағы жеке кәсіп­кер­лік ұғымы бұрмаланып кеткен. Ахуалды түзеу қажет», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы жеке­меншік меди­циналық ұйым­дарды артық қаржы­лан­ды­руды тоқтатып, бәсекеге қабі­летсіз құрылымдарға бюд­жет қаражатын орынсыз жұм­самауды алға тартып отыр. Меди­цинаға мемлекеттен, МӘМС есебінен, яғни халық қалтасынан түскен қаражат тиімді жұмсалса, саланың ақсап келе жатқан бағыттарын аяққа тұрғызуға болады.

Жақында Премьер-ми­нистр Олжас Бектенов Пре­зи­дент тапсырмасын орын­дауға қатыс­ты жиын өткізді. Басқосуда жеке ұйым­дардың азаматтарға медициналық қыз­мет көрсетуі саласында тәртіп орнату мақсатында үкіметтік жұмыс тобы азаматтардан түскен өтініштерді қаперге ала отырып, «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» АҚ-ның активтеріне талдау жүргізілетіні мәлімделді. 

Жүгенсіздікті жауапты министрлік бақылайды

Қаржы министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының қыз­метіне қатысты жүргізген талдауы нәти­жесінде бірқатар жүйелі заңбұзушылық­тар анықталып отыр. Айталық, бірнеше емдеу мекемесі жалған па­циент­­терді тір­кеумен айна­лыс­қан. Контингентте 1 мың тіркелсе, іс жүзінде меди­цина­лық қыз­метке 500-ге жуық адам бар­ған. ­Бірақ төлем бүкіл контин­гентке жүргі­зіл­­ген. Сол секілді азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету, МӘМС пен жұмыс берушілердің ерікті медици­налық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру, қыс­қа мерзімде медици­налық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету сынды мәселелер бар. Ол аздай қай­тыс болған азаматтарға қыз­мет көрсету, балаларға кү­ніне мыңнан астам дәрі-дәр­мек­терді жазып беру сынды заң­сыз әрекеттер анықталған. Мысалы, жекеменшік клини­ка бір күнде 1 442 пациент қабылдадық деп көрсетсе, іс жүзінде олар тәулігіне ор­та есеппен 24 адам ғана қа­был­­даған. Расында, шағын ұйым­­­дардың бір күнде мың­да­­ған адамды қабылдауы іс жү­­зінде мүмкін де емес нәр­се. Тек­серу барысында бас дә­рі­гер­дің өзі бір айда 4 832 нау­қасты қабылдағанына қайран қалмасқа амал жоқ. Сондай-ақ бір маман бір айда 1 713 ем­шара жасаған деген дерек те тіркеліпті. Сонда әлгі ма­ман жекелеген күндері тәу­лі­гіне 300-400 тексеруді қалай жа­сағаны ақылға сыймайды. Жекеменшік клиникаларда қайтыс болған пациенттерге 996 медициналық қызмет көрсетілген. Дәл осындай 3 640 оқиға анықталған.

Соның бірін ғана айтсақ, 2023 жылы қайтыс болған адам 2025 жылы дәрігердің қа­был­дауында болған. Жекемен­шік кли­никалардың ақшаны жымқыруға қатысты жасаған алаяқтық әрекеттері мұны­мен шектелмейді. Мысалы, 768 827 ер адам ­әйел жатыр мойны обырына скрининг­тен, ­619 ер адам маммограммадан өткен. Тек ­бір аудандық аурухананың өзінде осындай ­11 123 жағдай анықталып­ты. Фактілерді ­тізе берсек тау­сыл­майды. Қысқасы, осы­дан кейін қордың қаржы ағын­дарын бақы­лау мақсатында Әлеуметтік медицина­лық сақ­­тандыру қоры Қаржы ми­нистр­лігінің қарамағына бері­ле­тін болды. ­Енді министр­лік қаржыны негізсіз жұм­са­мау жағын қатаң қадағалайды. 

МӘМС пен медициналық ұйымдар тату болса...

Жалпы, кейінгі бірер жыл­­д­ың жүзінде медици­на­дағы шығындарды азайтып, қаржы үнемдеуге бағытталған бірқатар іс-шара қабылданды. Дегенмен қаражат үнемдеу керек екен деп, жергілікті емхана, ауруханаларды шөміш­тен қыса беруге де болмайды. Астана қалалық №3 көпбе­йін­ді ауруханасының бас дәрі­гері, медицина ғылымда­ры­ның докторы, профессор Жұлдыз Данбаевадан МӘМС-тің медициналық ұйымдарды қаржыландыру қағидаты туралы таратып айтып беруді сұраған едік.

– Біз МӘМС-ке аз ақша тө­леп, медици­налық көмектің сапасы шетелдегідей болға­нын қалаймыз. Қызмет көрсету сапасында кемшіліктер бар. Дегенмен негізгі емшараны, медициналық көмекті халық алып отыр. Оған операция­ларды қосыңыз. Қазір КТ, МРТ аппараттары қолжетім­ді. Бұрын бір қалада бір ғана ­МРТ, КТ болатын. Оған екінің ­бірі бара бермейтін. КТ – сәу­ле­лік диагностика, жиі түсе беруге тағы болмайды. Мұны халық түсінбейді. Өзіне-өзі диагноз қойып алатын пациенттер дәрігерден бірден КТ талап етеді. Мысалы, кеуде қуысындағы ауруды анықтау барысында дәрігер алдымен рентген арқылы жіті қарайды. Науқастың жалпы ахуалын дәрігерлер сол тексеруден-ақ көріп біледі. Егер қандай да бір асқын­ған ауруларға күдік болса, сәулелік диаг­нос­тика тағайындайды, – дейді Ж.Данбаева.

Бүгінде халыққа көрсе­тіп отырған меди­циналық қыз­меттің ақысын мерзімінен ­кеш аламыз дейтін медициналық ұйымдар ­көп. Алысқа ұзамай-ақ қоялық, был­тыр­дың өзінде қызмет ақысын мерзімі­нен 2–3 ай кешіктіріп алған мекемелер бар. Қиыны, жыл ба­сында да салаға бірден қа­ра­жат бөлінбеген соң, салдары кей­бір құрал-жабдықтардың тапшылығына, ме­дициналық көмектің сапасына әсер етеді. Бұл – жергілікті емхана, қа­лалық ауруханамен қоса жедел жәрдем қызметіне де қа­тысты. Қаржы мәселесіндегі тағы бір жай­­дың түйінін тар­қатсақ, вирустық ин­фек­­ция­лар өршігенде пациент­тер жер­гілік­ті емханаға емес, тіке ауруханаға баруды әдетке айналдырған. Былтыр жыл аяғын­да ауруханаларда ұзын-сонар кезек тізілді. Пациент­тер ауруханада небір анализдерден бастап, УДЗ, КТ, МРТ аппараттарынан өтуді талап етті. Осындайда бір пациентке аурухана шамамен 20 мың теңгеден 60 мың тең­геге дейін қаржы жұмсауы мүмкін. Кейін аурухана басшылығы деректі компью­терге тіркеп, қорға есеп береді. Өкініш­тісі, мұндайда қордан медициналық ұйымға дәрігердің қабылдағаны үшін 2 700 теңге ғана төленеді екен. Шұғыл келген кейбір па­­циенттердің осылай тегін қа­ра­­лып кетуі әдетке айналған. Себе­бі қандай да бір ауру анық­талмаған соң, пациент пала­тада жатып ем алмайды. Ден­саулық жағдайы туралы қағаз­дарды қолына алып, үйіне қайтады. Осындай қай­шы­лықтардан да қарыздар пай­­да болады. 

Мәселенің көбі қаржыға тіреліп тұр

Шын мәнінде медицина бізде ғана емес, әлемде көп қаржы жұмсайтын, шығын­далатын сала. Сондықтан қа­ра­жат тапшы болса, даму мүм­­­кін емес. Тәжірибелі, бі­лік­­ті менеджерлердің өзі қа­ра­жатты қы­сып, үнемдесе, сал­дары сапаға әсер етуі әб­ден мүмкін. Үнемдеу саясаты­ның салдары­нан кредитор­лық берешектері жиналып қал­ған ұйымдар да жоқ емес. Халық ден­саулығы мемлекеттің бас­ты байлығы еке­нін ескерсек, медицинаның ең негізгі деген бағыттарына жіті назар аударып, ақшаны жеткілік­ті деңгейде бөлген дұрыс. МӘМС жүйесі енгізілгелі са­лаға бөлінген қаражаттың кө­лемі екі есе ұлғайды. Алай­да осы аралықта медициналық құрал-жаб­­­дықтардың, опера­циялардың құны да жо­ға­­­ры­лағанын ескерген дұрыс. Дәрі­гер­лер­дің жалақысын өсірмесе тағы болмайды.

Былтыр медицина саласында ауқым­ды реформалар үйлесім тапты. МӘМС-ті жетілдіру жөніндегі заңға қол қойылды. Биылдан бас­тап әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыздардың жарнасын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болды. Сондай-ақ медицина ма­мандарының құ­қығын күшей­тетін заң Парламентте ма­құлданды. Медицина қызмет­керлеріне зорлық-зомбылық көр­сеткендердің жазасы қатаң­датылды. Кейінгі жылда­ры елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа ұлғайды. Жалпы өлім-жітім 2,6, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 6,35%-ға төмендеді. Сол секілді сәбилер өлімі 18,7%-ға азайып, тарихи ең төмен көрсеткіш тіркелді. 

– Ана мен бала денсаулы­ғын сақтау жүйесі айтарлық­тай күшейтілді. Өткен жылы 4 миллионнан астам бала профи­лак­­тикалық тексеруден өтті. 2 миллион­нан астам бала аудиологиялық, психо­физикалық даму, 300 мың­нан астам бала неоноталды, 13 000 бала офтальмология­лық скри­нингтермен қамтылды. Бұл біздің отандастарымызға көрсетіп отырған қолжетімді медицина қызметінің ай­қын көрінісі, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық саласын қар­жыландыру кейінгі жылда­ры үш есе өсті. Былтыр ­3 трлн­ теңгеге жеткен. Бұл ме­ди­ци­налық көмек­тің көлемін ке­ңейтіп, инфрақұрылым­ды ауқымды түрде жаңартуға мүмкіндік ­берді. Мысалы, Ұлттық онкология орталы­ғы мен Астанада шұғыл медицина орталығы, Алматыда Ұлттық жұқпалы аурулар орта­лығы ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы­мен «Ауылда денсаулық сақ­тау­ды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын. Қазір­дің өзінде ауылдық жерлерде ­650-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақ­тандыру тетігі іске қосыл­ды. Әлеумет­тік қолдау шара­ларының арқасында дәрі­герлер тапшылығы жалпы 19%-ға, ауыл­дық жерлерде 16%-ға төмендеген.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұл­танғазиев биылдан бастап ин­фек­циялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкер­лері­нің жалақысы өсетінін мәлім етті. Әрине, бұл қуантарлық хабар. Алайда қала, ауылдардағы жергілік­ті емханада жұмыс істейтін мамандардың ахуалы назардан тыс қалып қойғандай. Жұқпалы, мейлі жұқпалы емес ауруға шалдыққандар бірінші кезекте сол мамандардың алдынан өтеді. Ауылдық жерлерде 30–40 жылдан бері жанын салып жұмыс істеп, аз жалақыны қанағат тұтып келген медбикелер бар. Салыстырмалы түр­де олардың жалақысы мұ­ғалімдерден әлдеқайда аз. Бәсеке күшейген заманда бі­лікті маманды ұстап қалу деген өз алдына бөлек тақырып. Бірақ мұның да түйіні қаржы мәселесіне келіп тіреледі. 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Кеше

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Кеше

Он үшінші білім ошағы

Білім • Кеше

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • 22 Қаңтар, 2026

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • 22 Қаңтар, 2026

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • 22 Қаңтар, 2026

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 00:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салық жүйесінің тиімділігі. Нұрлыбек Шаймахановпен сұхбат

22 Қаңтар 2026 18:13see112

Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарға үндеу жасады

22 Қаңтар 2026 17:30see111

Балаларға ана тілін тегін үйретеді

23 Қаңтар 2026 07:39see111

Прокуратура интернет алаяқтар ұрлаған 850 мың теңгені иесіне қайтарды

22 Қаңтар 2026 13:50see111

Алаяқтар алдау әдісін күрделендіріп жатыр Бас прокуратура ескерту жасады

22 Қаңтар 2026 23:04see109

Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

22 Қаңтар 2026 15:25see109

No comment: Олимпиада алауы Венецияда

23 Қаңтар 2026 12:16see108

Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жуықтады

23 Қаңтар 2026 16:39see108

21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары соттың онлайн өтуін сұрап отыр

23 Қаңтар 2026 09:39see107

ЕАЭО тізгіні Қазақстанда: Астана интеграцияның жаңа векторын қалай айқындайды?

23 Қаңтар 2026 16:14see107

KASE де еуромен есеп айырысу енгізілуі мүмкін

23 Қаңтар 2026 13:06see107

Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр

23 Қаңтар 2026 12:25see106

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

22 Қаңтар 2026 19:45see106

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді

22 Қаңтар 2026 02:51see106

Әуе арқылы жүк тасымалын арттыру қажет

22 Қаңтар 2026 20:09see105

Әйгілі Alibaba бағалы қағаздары Қазақстан биржасында саудаға шықты

23 Қаңтар 2026 20:53see104

Атыраудағы түнгі клубта болған жаппай төбелес: Күдіктілер ұсталды

22 Қаңтар 2026 13:34see104

Экспорт пен импорт: Бәсекелестік әділ болуы керек

22 Қаңтар 2026 13:39see104

Синдзо Абэні өлтірген адам сотталды

22 Қаңтар 2026 19:46see104

Сенат қандастарға әлеуметтік қолдау көрсететін құжатты мақұлдады

22 Қаңтар 2026 14:17see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары