Мемлекет басшысы алғашқы ТМД плюс саммитін өткізуді ұсынды
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Қазақстанның ұсынысымен ТМД жанынан Байқаушылар және Серіктестер институты құрылғанын еске салды.
"Осы бастаманың желісімен "ТМД плюс" форматы пайда болды. Ендігі қадам – алғашқы "ТМД плюс" саммитін ұйымдастыру деп ойлаймын. Жоғары деңгейдегі мұндай кездесу ықпалдастық географиясын кеңейтіп, еуразиялық ауқымдағы ашық әрі сұранысқа ие алаң ретінде Ұйымның рөлін күшейтеді. Қазақстан конструктивті ұстанымға сай Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық тұжырымдамасын жетілдіру бойынша ортақ жұмысқа атсалысуға ниетті. Аталған құжаттың сипаты жағымды, конфронтациялық мазмұннан ада болғаны жөн", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Достастық ұйымы 35 жыл ішінде мемлекеттер мен халықтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Өзбекстанға сәттілік тіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды
20 Желтоқсан 2025 11:41
ОЖБ директоры Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды БАҚ
30 Тамыз 2026 16:27
Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды
22 Тамыз 2026 11:14
Мемлекет басшысы ТМД аясында жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алмасу тетігін құруды ұсынды
09 Қазан 2026 14:51
Зеленский Ресеймен келіссөздерді Әзербайжанда өткізуді ұсынды
25 Сәуір 2026 22:50
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 14:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















