Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Мемлекеттік грантқа аз ұпай жетпей қалған талапкерлерге қосымша грант бөлінетін болды

Мемлекеттік грантқа аз ұпай жетпей қалған талапкерлерге қосымша грант бөлінетін болды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі шықты. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр грант иегерлерін құттықтап, сәттілік тіледі. Ал бүгін тізімнен өз аты-жөнін таппаған түлектерге көңіл күйін түсірмеуге шақырды. 

Министрдің айтуынша, мемлекеттік грантқа аз ғана ұпай жетпей қалған талапкерлерге қосымша грант бөлінеді. Оның қатарында ректорлық грант, әкімдіктер бөлген грант, жұмыс берушілердің мақсатты бағдарламалары, жеке қорлар мен ірі компаниялардың гранттары және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардың түлектеріне бөлген гранты бар.

«Құрметті талапкерлер, қадірлі ата-аналар! Бүгін Қазақстандағы он мыңдаған отбасы үшін ерекше күн. Біреу таңертеңнен бері парақшаны қайта-қайта жаңартып, тізімнен өз тегін іздеп, ақыры көрген сәтте ең алдымен ата-анасына қоңырау шалған шығар. Бүгін талай шаңырақта құшақтасу, қуаныштың көз жасы, қай университетті таңдау керек, студенттік өмір енді қандай болады деген ұзақ әңгімелер болады. Ал кейбір үйлерде бүгін үнсіздік орнауы мүмкін. Өйткені көптен күткен есім тізімнен табылмады. Жастық шақтағы осы сезім жақсы есімде: бір емтихан немесе бір конкурс бүкіл алдағы өміріңді анықтап қоятындай көрінеді. 17-18 жаста мұндай сәттерді шынымен солай қабылдаймыз: өттің - алдыңнан жол ашылды, өтпедің - арманың алыстап кеткендей болады. Бірақ білім маған ең маңызды сабақтардың бірін үйретті: адамның жолы сирек жағдайда түзу сызықпен жүреді. Кейде бүгін ашылмаған есік басқа жол іздеуге мәжбүрлейді. Ал кейін дәл сол жолдың ар жағынан сенің шынайы мүмкіндігің табылуы мүмкін», - деді министр.

Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды. 

“Әрқайсыңызды және отбасыларыңызды шын жүректен құттықтаймын. Тізімдегі бір ғана жолдың артында айлар, кейде жылдар бойғы еңбек, ұйқысыз түндер, ата-ананың алаңдауы, ұстаздардың қолдауы және өз табандылықтарыңыз тұр. Сіздер бұл нәтижеге лайықсыздар. Биыл конкурс әсіресе жоғары болды. 2025 жылы 113 мың өтініш берілсе, 2026 жылы олардың саны 127 мыңға жетті. Бұл - 14 мыңға көп. Сондықтан бүгін мемлекеттік грантқа аз ғана ұпайы жетпей қалған талапкерлерге ерекше сөз арнағым келеді. Мемлекеттік грант - сөзсіз үлкен мүмкіндік. Бірақ ол жоғары білімге апаратын жалғыз жол емес. Бүгінде Қазақстанда қосымша қолдаудың тұтас жүйесі бар. Биыл университеттер 2 мыңнан астам ректорлық грант ұсынды. Тағы 2000-нан астам білім грантын әкімдіктер бөлді. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің мақсатты бағдарламалары, жеке қорлар мен ірі компаниялардың гранттары бар. Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардың түлектеріне 350 грант ұсынады. KAZENERGY, «Қазатомөнеркәсіп» және басқа да ұйымдар өздерінің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Көпшілік біле бермейтін тағы бір мүмкіндік бар. Оқуға қабылданғаннан кейін жыл сайын мемлекеттік гранттардың бір бөлігі босайды. Сонымен қатар оқуын ақылы негізде бастап, жоғары академиялық нәтиже көрсеткен студенттер кейін бос білім гранттарына үміткер бола алады. Сондықтан бүгін ата-аналарға айтар кеңесім өте қарапайым. Егер балаңыз грант иеленсе - қуанышын бірге бөлісіңіз. Өз еңбегінің шынымен бағаланғанын сезінсін. Ал грант ала алмаса - дәл бүгін оған сіздің қолдауыңыз бұрынғыдан да қажет болуы мүмкін. Оны өзгелермен салыстырмаңыз. Бір конкурсты үкімге айналдырмаңыз. Оның орнына университеттердің тізімін бірге қарап, қабылдау комиссияларына хабарласыңыздар, ректорлық, өңірлік және корпоративтік гранттар туралы біліңіздер. Келесі жолды бірге іздеңіздер. Ал талапкерлерге айтарым: өмірлеріңізде әлі талай емтихан, конкурс, жеңіс және бірден жүзеге аспайтын сәттер болады. Бірнеше жылдан кейін студенттік жолыңыздың қандай нәтижеден басталғанынан гөрі, қандай маман және қандай адам болып қалыптасқаныңыз әлдеқайда маңызды болады. Бір ғана тізімге арманыңыздың ауқымын анықтауға жол бермеңіз. Болашақ студенттерді өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтаймын. Ал бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің қатарынан өз есімін таба алмаған талапкерлерге ең бастысы - тоқтамауды тілеймін. Кейде арманға апарар жол біз жоспарлағаннан сәл ұзағырақ болады. Бірақ бұл оның басқа бағытқа апара жатқанын білдірмейді», - деді Саясат Нұрбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 21:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары