Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Мынау Амангелдінің жауы ғой : Қапан Бадыровтың сахна мен кинодағы екі түрлі тағдыры

Мынау Амангелдінің жауы ғой : Қапан Бадыровтың сахна мен кинодағы екі түрлі тағдыры

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қапан Бадыров - қазақ кәсіби театрының алғашқы буынын қалыптастырған актерлердің бірі. Оның шығармашылық жолы театрдың енді ұйымдасып жатқан кезеңімен қатар басталады. Сондықтан оны дайын жүйеге келген актер емес, сол жүйенің ішінде қалыптасқан және соны бірге құрған буын өкілі ретінде қарастыру керек. 

Болашақ актер 1904 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген. Алғашқы білімді ауылда алады. Кейін 1922-1925 жылдары Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқиды. Дәл осы кезеңде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, сахнаға алғаш шыға бастайды. Яғни кәсіби актерлікке дейінгі тәжірибесі оқу орнындағы өнер ортасында қалыптасады. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан қазақ драма театрына қабылданады. Бұл тұрақты дәстүрі қалыптасқан, репертуары жүйеленген театр емес, енді ғана құрылып жатқан ұжым болатын. Актерлердің көпшілігі сияқты Қапекең де тек орындаушы емес, сонымен бірге жаңа сахналық мәдениетті игеруші және қалыптастырушы болды. 

Бадыров бастаған буын үшін тұрақты режиссерлік мектеп, қалыптасқан актерлік әдіс немесе дайын үлгі болған жоқ. Сондықтан олар әр рөлді жеке тәжірибе арқылы талдады. Бұл бір жағынан қиындық болса, екінші жағынан еркіндік берді. Актерлер үшін бұл жағдай бірнеше міндетті қатар қойды. Біріншіден, әр жаңа қойылымда рөлді орындау ғана емес, сахналық тілдің өзін меңгеру қажет болды. Екіншіден, ұлттық материалды сахнаға лайықтау мәселесі тұрды. Дәстүрлі ауызша мәдениет пен жаңа театр формасының арасындағы айырмашылықты игеру, осы буын актерлерінің негізгі тәжірибесіне айналды деп жазады зерттеушілер. Қапан Бадыров осы процестің ішінде болды. Ол дайын мектептен өткен актер емес, сахналық тәжірибені жұмыс барысында қалыптастырған орындаушы. Театрдағы алғашқы жылдары әртүрлі рөлдерді ойнау арқылы актерлік мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл кезеңде рөл таңдау мүмкіндігі шектеулі болғанымен, әр образ тәжірибе жинақтаудың бір бөлігі ретінде қабылданды.

1920-жылдардың соңында ол тек театрмен шектелмей, мәдени-ағарту жұмыстарына қатысады. «Қызыл керуен» сияқты үгіт-насихат топтарының құрамында ел аралап, түрлі қойылымдарға қатысады. Бұл кезеңде оның сахналық тәжірибесі тұрақты театрдан тыс жағдайда, көшпелі форматта жалғасады.

Кейін 1930-жылдары театрға қайта оралып, тұрақты түрде жұмыс істей бастайды. Осы уақыттан бастап оның сахнадағы орны анықталады. Ол тек эпизодтық актер емес, репертуарды ұстап тұратын негізгі орындаушылардың қатарына кіреді. 

Біз Қапан Бадыров жайлы материал жинау барысында қызық дерекке жолықтық. Бұл - 1964 жылы шыққан «Мәдениет және тұрмыс» журналында актерді мерейтойымен құттықтау жолдары. Қыркүйек айы санындағы “Қырық жыл сахнада” атты мақалада жалпылама өмірлік пен актерлік шолумен қатар, назар аударарлық тұста да кездеседі:

145 роль! Бір актерге бұл аз жүк емес. Оның ішінде үлкен роль де, эпизодтық кейіпкерлер де бар. Бірақ Қапан Бадыров еш уақытта «мынау роль кішілеу екен, мынау роль бүкіл спектакльдің жаны ғой, маған осы лайық» деп кеудесін көтерген емес. Әр рольдің өз тағдыры болады, оны еңбексіз, ойсыз сахнаға шығару мүмкін емес екенін Қ. Бадыров сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ көкейіне берік ұялатқан.

…Іле-шала «Астық» спектаклінде обком секретары Майданов, «Арқалықта» Арқалық батыр образын Қ. Бадыровтың орындауында көруші жұртшылық қатты сүйсінді. Жас артистің атағы шыққан да осы образдар еді. Бұдан соң Қапан өзінің творчестволық мүмкіндіктерін айқын сезіне бастады. Оған көбінесе партия қызметкерлерінің, батыр тұлғалы адамдардың ролдері тапсырылып жүрді. Кейінірек Штейн мен Айманов қойған «Абай» спектакліндегі Абай роліне ойнау қазақ совет өнеріндегі зор абырой еді. Осы ролді орындағаны үшін драмтеатрдың басқа да белгілі шеберлерімен бірге Қ. Бадыров Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Осыдан кейін де Қапан сахнада әр түрлі мінездегі талай адамды образын сомдады. Оның ішінде Батыс Европа классиктері туғызған әдебиет шеберлері, қазақ драматургтері туғызған ұлттық образдар бар. Қ. Бадыров бірқатар кинофильмдерде де түсті. Қазақ киностудиясы шығарған өмір жолы «Бір тұлға», «Асау толқын» фильмдерінде ол елеулі рольдерді орындады.

Қазақстанның халық артисі Қапан Бадыров биыл 60 жасқа толып отыр. Қапекең әлі тың. Оның сахнада, экранда әлі де талай тамаша образдар жасайтыны анық.

Журналдағы осы бағалар Бадыровты тек қарапайым актер ретінде емес, белгілі бір кәсіби принциптері қалыптасқан өнер иесі ретінде сипаттатаса керек

Зерттеушілердің пікірінше, Қапан Бадыровтың негізгі шығармашылық салмағы театрда көрінді. Ол ұлттық драматургияда да, әлемдік классикада да рөлдер ойнады. Бұл оның бір ғана бағытта қалып қоймағанын көрсетеді. Актер ретінде ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық жағынан әртүрлі кейіпкерлерді сахнаға шығарды. Оның маңызды рөлдерінің қатарында Абай, Отелло, Науан хазірет, Арқалық батыр сияқты образдар аталады. Мұндай рөлдер актерден тек мәтінді дұрыс айту немесе сыртқы мінез көрсету емес, кейіпкердің ішкі салмағын жеткізуді талап етеді. Әсіресе Абай рөлі Бадыровтың сахналық биігінің бірі болды. 1952 жылы Қапан Бадыров Абай рөлі үшін Сталиндік сыйлыққа ие болды.

Қапан Бадыровтың кино саласындағы ең есте қалған рөлдерінің бірі - Амангелді фильміндегі Қаратай образы. Бұл - жағымсыз кейіпкер, Амангелдіге қарсы тұрған антагонист. Фильмде Қаратай халық мүддесіне қарсы әрекет ететін күштердің өкілі ретінде көрсетіледі. Бадыров бұл образды сыртқы белгі арқылы ғана емес, мінез, әрекет, ішкі күй арқылы жеткізе алған. Соның нәтижесінде кейіпкер көрермен санасында нақты қалыптасты. Бұл рөл оның кинодағы ең танымал бейнесіне айналды.

Осы жерде халық арасында айтылатын бір эпизодты қосуға болады. Естеліктерде Қапан Бадыров Қаратайды соншалық сенімді сомдағандықтан, кейін фильмді көрген адамдар оны көшеде көріп: «Мынау Амангелдінің жауы ғой» деп саусақ кезегені айтылады.  Бұл жағдай актерлік әсердің деңгейін көрсетеді. Көрермен кейіпкер мен актерді ажыратпай қабылдаған. Яғни Қаратай образы жеке рөлден шығып, көрермен санасында нақты тұлғаға айналған.

Жамбыл (1952) фильмі

Әрине, Қапан Бадыровтың кинодағы жұмысы «Амангелді» фильмімен ғана шектелмейді. Ол әр жылдары бірнеше фильмге түсті. Оның фильмографиясында «Батыры степей» фильміндегі Күреген, «Абай әндері» фильміндегі Айдар, «Смелые люди» фильміндегі Хаким сияқты рөлдер аталады. Бұлар Бадыровтың экрандағы әр кезеңін көрсетеді. Дегенмен кино оның негізгі шығармашылық алаңына айналмады.

Мұнда бір ерекшелік бар деп ойлаймыз.  Бадыров экранда аз көрінсе де, есте қалатын бейне жасай алды. Қаратай соның нақты мысалы. Театрда ол үлкен репертуарды көтерген актер болса, кинода санаулы рөл арқылы танылды. Сондықтан Қапан Бадыровтың кино жолын бағалағанда екі нәрсені қатар айту керек. Біріншісі  ол қазақ киносының алғашқы кезеңіне қатысқан актерлердің бірі. Екіншісі оның актерлік мүмкіндігі кинода толық пайдаланылды деу қиын. Оның басты кәсіби кеңістігі бәрібір театр болды.

Қапан Бадыровтың шығармашылық жолы бірнеше бағыттан тұрса да, оның негізгі кәсіби болмысы театрда қалыптасты десе болатындай. Ол қазақ сахна өнері енді ұйымдасып жатқан кезеңде жұмыс бастап, сол ортада қалыптасқан буынға жатады, ұзақ жылдар бойы театрда тұрақты еңбек етіп, жүзден аса рөл орындаған актер ретінде көрінеді. Кино оның шығармашылық өмірінде болғанымен, шешуші рөл атқарған жоқ: Қаратай сияқты бейнелер арқылы көрерменге танылды, бірақ бұл оның жалпы актерлік деңгейін толық ашпайды, негізгі салмағы сахнада қалды. Осы тұрғыдан қарағанда, Қапан Бадыровтың есімі ең алдымен қазақ театрының қалыптасу тарихымен байланысты, ал оның өмір жолы 2000 жылы қайтыс болуымен аяқталды.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,  Аikyn.kz  сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 07:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары