Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі: 5 маусымнан бастап не өзгереді?

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

TURGYNDAR AMANATY: Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық мәселесі оң шешімін тапты

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

“Нағыз сиқыр“. Мыңдаған қазақстандық әйелді босандырған дәрігерді не таңғалдырады?

“Нағыз сиқыр“. Мыңдаған қазақстандық әйелді босандырған дәрігерді не таңғалдырады?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Гүлмира Мағзұмова - акушер-гинеколог, Астанадағы Ана мен бала орталығындағы (UMC) "Ұрық медицинасы" бағдарламасының жетекшісі. Ол Қазақстанда әлі дүниеге келмеген сәбилерге қан құюмен айналысатын жалғыз дәрігер: бұл бала құрсақта шетінеп кететін немесе туғаннан кейін санаулы күндер ғана өмір сүретін жағдайларда жасалады.

Гүлмира Мағзұмова - акушер-гинеколог, Астанадағы Ана мен бала орталығындағы (UMC) "Ұрық медицинасы" бағдарламасының жетекшісі. Ол Қазақстанда әлі дүниеге келмеген сәбилерге қан құюмен айналысатын жалғыз дәрігер: бұл бала құрсақта шетінеп кететін немесе туғаннан кейін санаулы күндер ғана өмір сүретін жағдайларда жасалады.

Сонымен қатар, ол әріптестерімен бірге фетальды (құрсақішілік) оталар жасайды. TengriHealth материалында 20 жылдық тәжірибеден кейін де бұл мамандық несімен таңғалдыратыны туралы сөз қозғаймыз. 

"Алғашқы босану - шок"

Неге акушерлік сала? Жалпы неге медицина? Гүлмира Мағзұмова дәрігер болатынына ешқашан күмәнданбағанын айтады: ата-анасы медицина қызметкерлері, өзі де осы ортада өскен. Тіпті бала кездегі ойыншықтары - фонендоскоп пен скальпель болған... Сондықтан мамандық таңдау мәселесінде бәрі айқын еді.

"Мен әрқашан ота жасағым келетінін білдім. Үлкен хирургияға бару керек пе еді? Иә, мықты хирург әйелдер бар, бірақ оларға ерлер арасында жұмыс істеп, жол табу қиынға соғады - ол жерде іріктеу де, бәсекелестік те өте қатал. Студент қыздарға жиі: "акушерлік пен гинекологияға барыңдар" деп айтып жатады", - дейді кейіпкеріміз.  

Қызықты жайт. Расында да, үлкен хирургия әйелдерге арналмаған: қиын, үнемі өз-өзіңді дәлелдеу керек деген стереотип бар. Ал акушерлік - әйелдерге тән сала саналады. Дегенмен, бұл - орасан зор жауапкершілік, ана мен бала өлімінің әрбір жағдайы үшін дәрігер қатаң жауапқа тартылады.

- Неге акушерлікте жеңілірек деп ойлайды? Гендерлік стереотиптер әсер ете ме? - талқылаймыз. 

- Солай деуге болады, баланың туылуы және осыған байланысты барлық нәрсе әйел дәрігерлерге көбірек сәйкес келеді деп есептеледі. Негізі бұл жерде жеңіл емес, керісінше, қиынырақ. Бірақ мен осы салаға баратынымды бірден білдім, бұл менің жолым екенін сездім. Төртінші-бесінші курстарда акушерлікті оқығанда, маған өте қызықты болды. 

- Өзіңіз қатысқан алғашқы босану процесі есіңізде ме?

- Шынымды айтсам, алғашқы босануды көру мен үшін үлкен соққы болды. Өзімді азды-көпті дайынмын деп ойлағанмын, бірақ бәрі мен елестеткеннен мүлдем басқаша өтті. Кім туылғаны есімде жоқ - ұл ма, қыз ба, бірақ алған әсерім, процестің өзі мені қаншалықты таңғалдырғаны жадымда нық сақталып қалыпты. Әйелдің бастан кешетін ауырсынуы, физиологиялық сәттер және сонымен бірге туылу құпиясы (бұл өте дәл сөз). "Демек, бәрі осылай болады екен ғой..." деп ойладым сол сәтте. 

- Көріп тұрғанымдай, бұл гинекологияға бару ниетіңізді суытпаған ба? - деп жымидым. 

- Керісінше, қызығушылығым арта түсті. 

Гүлмира Мағзұмова (оң жақта) жақында жасалған оталардың бірінде. Артқы планда - жаңа ғана дүниеге келген сәби

Уақыт өте келе кез келген мамандықтағыдай көзқарас өзгереді - Гүлмира Мағзұмованың акушерлікте жүргеніне 20 жылдан асты. Бәріне үйренесің. Босандыру - қалыпты жұмысқа айналды. Олардың санын, тіпті арнайы есептесең де, түгендеу мүмкін емес. 

- Ал әйелдерге деген көзқарасыңыз өзгере ме? 

- Білесіз бе, иә. Жеке басымда эмпатия сезімі жас ұлғайған сайын пайда болды. Алғашқы жылдары бұл жай ғана жұмыс еді. Ауыр ма? Иә, бірақ босану керек қой. Ал соңғы кездері, керісінше, төзімдірек бола бастадым.  

Бұған қоса - жұмыстың ерекшелігі бар. Босану бөлімінде дәрігер үнемі қауіп-қатер үстінде, экстремал жағдайларға жақын ортада жұмыс істейді. Ұрықтың жағдайы қауіпті әйелді алып келгенде - акушер-гинекологтың отаны ұйымдастырып, баланы шығарып алуға небәрі 10 минут уақыты болады.

Ол жерде ерекше сезімге берілуге уақыт жоқ. Ал қазір мен пациенттерімді ұзақ уақыт бақылаймын, өйткені күрделі жағдайлармен айналысамын - оларға бауыр басып, уайымдайсың. "Балаларымның" қалай өсіп-жетіліп жатқанын білемін, көптеген анамен байланыстамыз. 

Ана организмі баламен "күрескенде" 

Мыңдаған әйелді босандырған акушер-гинекологты бірдеңемен таңғалдыру мүмкін бе? Мүмкін екен. Біз құрсақішілік қан құю туралы айта бастағанда Гүлмира Әуезханқызының дауысы мен интонациясы қалай өзгергенін сездім.

Бұл - ұрыққа донорлық қанды тікелей ана құрсағында құятын медициналық процедура. Ол балада ауыр анемия дамыған жағдайда жасалады. Көбінесе бұл резус-конфликт салдарынан болады.

"Әйелдің қан тобы теріс, ал ұрықтың резус-факторы оң болса, ана организмі антиденелер шығара бастайды, яғни баламен "күресуге" тырысады. Антиденелер ұрықтың қан жасушаларын - эритроциттерін, лейкоциттерін, тромбоциттерін бұзады. Тек плазма ғана қалады", - деп дәрігер күрделі дүниені қарапайым тілмен түсіндіруге тырысты.

Қан сұйылып (су араластырған сияқты көрінеді) сау адамдікіндей қою болмайды. Оның түсі де әдеттегіден ақшылдау келеді. 

Анемия белгілерін УДЗ-дан көруге болады - Қазақстанның барлық аймағында мұны істей алады. Гүлмира Әуезханқызы өзі бірнеше облысқа барып, әріптестерін үйреткен. Кейін резус-конфликті бар жүкті әйелдерді күту бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысты.  

Ота кезінде әріптестерімен бірге. Жеке мұрағаттан алынған сурет

Енді қазір өңірде іштегі нәрестесі анемиядан зардап шегетін жүкті әйел анықталса, Астанадағы Ана мен бала орталығына жіберіледі. Мағзұмова оны тексеріп, мәселенің бар екенін растайды және әлі дүниеге келмеген шаранаға жатыр ішінде қан құю процедурасын жасайды.

Бірақ бұл - қазіргі жағдай. Ал осыдан 13 жыл бұрын, нақты алгоритмдер болмаған кезде, бәрін іс жүзінде кездейсоқ жағдай шешті.

"Бұл нағыз сиқыр! Ғажайыптың ғажайыбы!"

Гүлмира Әуезханқызы алғашқы пациентін еске алады.

2013 жылдың жазы. Орталыққа Ақмола облысынан бір әйел түседі.

"УДЗ кезінде іштегі нәрестенің құрсақ қуысы мен жүрек қуысына сұйықтық жиналғанын көрдік. Жүктілік мерзімі - 28 апта шамасында. Кесар тілігін жасасақ - нәресте шетінеп кетеді. Өйткені ол тым шала туылып қана қоймайды, оның үстіне ауыр анемиясы бар", - дейді Мағзұмова.

Сол кезде барлық жағдай сәтімен келді. Ана мен бала орталығына Каунастағы Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің клиникасынан біздің дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізу үшін профессор Владас Гинтаутас келген болатын. Ол Каунастағы акушерлік-гинекология бөлімін басқаратын. Профессор Гүлмира Әуезханқызына іштегі нәрестеге жатыр ішінде қан құюды ұсынған.

- Қалай? Мен мұны бұрын-соңды істеп көрген емеспін ғой? - деп еске алады ол сол диалогты.
- Уайымдама, мен саған бағыт-бағдар беремін.

Осы жерде сәл шегініс жасауға тура келеді. Қан балаға емес, нақты ұрыққа құйылады. Гүлмира Әуезханқызы тек осылай айтады. Мен тіпті:

- Қай сәтте сіз "ұрық" емес, "бала" деп айта бастайсыз? - деп сұрадым.

- Ана құрсағында жатқанда - ол ұрық, дүниеге келгеннен кейін - жаңа туған нәресте немесе бала. Дәрігер үшін мұны ажырату маңызды. Медицинада өз жіктелімдері бар, себебі құрсақтағы ұрық пен баланың аурулары әртүрлі болуы мүмкін.

Қан құю тақырыбына қайта оралайық.

- Ол қалай жүзеге асады? - деп сұрадым.

- Құюға арналған қанға тапсырыс береміз, ол қоюырақ болады - оны осы процедура үшін арнайы дайындайды. Әрқашан әмбебап топты - бірінші теріс резус-факторлы қанды құямыз. Біздің жағдайда ол барлығына бірдей келе береді. УДЗ бақылауымен ұзын жіңішке инемен әйелдің кіндігін тесемін - онда бір вена және екі артерия болады. Дәл сол венаға түсу керек.

Оның айтуынша, 2008 жылдан бері скрининг үшін генетиктерге беру мақсатында әйелдердің кіндігінен қан алып жүргені көмектескен. Осылайша көп жыл бойы машықтанып, үлкен дайындықтан өткенін айтуға болады.

"Ол кезде, әрине, медицинаның одан әрі қарыштап дамитынын және 2013 жылы жатыр ішінде қан құюды бастайтынымды білген жоқпын", - деп жымияды ол.

Бәрі ота жасау бөлмесінде болады. Әйелдің есі жиюлы. Дәрігерлер бәрін онымен талқылап, түсіндіріп отырады. Болашақ ана да УДЗ аппаратының экранынан барлық әрекетті: қанның қалай енгізіліп жатқанын, тамыр бойымен қалай жүргенін көреді.

- Мұны алғаш рет жасаған сәттегі сезім есіңізде ме?

- Мен сізге алғаш рет босану процесін көргенде қандай күйзеліске түскенімді айтқан едім. Мұнда да соған ұқсас сезімде болдым. Әрі таңғалыс, әрі таңырқау. Бұл нағыз сиқыр! Ғажайыптың ғажайыбы.

Қорқынышты болды деп айта алмаймын, бірақ қатты толқыдым. Мұны жасау керек екенін түсінесің, әйтпесе ұрық шетінеп кетеді. Сөйтіп жасайсың.

Гүлмира Мағзұмова (оң жақта) жатыр ішінде қан құю кезінде. Жеке мұрағаттан алынған сурет

- Бала көз алдыңызда жан біткендей күй кеше ме?

- Жан біткендей емес. Бірақ біз қан құйғаннан кейін бірден ортаңғы ми артериясындағы қан ағымының жылдамдығын өлшеп, көрсеткіштердің қалпына келе бастағанын көре аламыз.

Біз донорлық қан құятынымызды және уақыт өте келе оның да ыдырай бастайтынын түсіну керек. Сондықтан әдетте бір емес, бірнеше рет қан құйылады. Осылайша біз уақыт ұтамыз - ұрық біртіндеп өсе береді. Біз анасын жүктіліктің қауіпсіз мерзіміне дейін жеткізіп, содан кейін босандырып аламыз.

Резус-конфликт кезінде бұл - жалғыз құтқару жолы. Маған осы процедура пайда болғанға дейін жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейін бірден алты-жеті баласынан айырылған әйелдер келді. Ал енді оларда мүмкіндік пайда болды.

Біз ең алғашқы пациентпен әлі күнге дейін араласып тұрамыз - оның ұлы дүниеге келді, қазір ол 12 жаста, қарашада 13-ке толады. Басқа әйелдермен де байланыс үзілген емес.

Зергерлік жұмыс

Өскемендік Лариса Щукина Гүлмира Әуезханқызына 2015 жылдың сәуірінде келген. Бұл оның үшінші жүктілігі еді. Ол кезде үлкен ұлдары 19-да және 2,5 жаста болатын, ал Ларисаның өзі 41-де еді.

Ол Мағзұмова қан құю процедурасын жасаған ең егде жастағы жүкті әйел болған шығармын дейді. Ларисаның қан тобы теріс резусты, алғашқы екі баласында бұл білінбегенімен, үшіншісінде, өзі айтқандай, "бәрі болған" - 20-аптадан бастап резус-конфликт басталды.

Өскеменде оған көмектесе алмайтындарын айтқан. Жүктілікті тоқтатуды (түсік жасатуды) ұсынған.

"Бала қимылдап жатқанда, қандай түсік? Амал іздей бастадық. Қалай бастадық деймін-ау? Мен еңіреп жылап отырдым, күйеуім интернетті шарлады. Сөйтіп Гүлмира Әуезханқызы туралы ақпаратқа тап болды. Хабарластық. Ол мұндай ерте мерзімде бұрын-соңды қан құймағанын айтты. "Көрейік. Қолымнан келгенше көмектесемін" деді. Біз Астанаға келдік. Ол біздің ұлымызды аман алып қалды", - деп еске алады Лариса.

2015 жылғы сәуірден тамызға дейін Лариса жолдасымен Ана мен бала орталығына бірнеше рет келген. Қан құю кезінде ол ауруханада бір апта жатады, жолдасы хостелде тұрады. Содан кейін үйлеріне қайтады. Бірнеше аптадан соң - тағы да Астанаға жол тартады.

"Егер Гүлмира Әуезханқызы болмағанда, оның алтын қолы мен үлкен жүрегі болмағанда - ұлымыз да болмас еді. Ал ол... Оның қан құю кезінде қалай тұрғанын көру керек - кіп-кішкентай болып, бір қолымен УДЗ аппаратының сканерін, екінші қолымен балаға қан жіберілетін инені ұстап тұрады. Бұл нағыз зергерлік жұмыс", - дейді тебіренген Лариса.

Ол маған кенже ұлы Ярославтың (қазір ол 11 жаста) суреттерін жіберіп, былай деп жазды: "Ұлымыз керемет, дені сау, басқа балалар сияқты дамыды, өте ерте туылса да, қатарластарынан еш айырмашылығы жоқ".

Ярослав 4-сыныптың бітіру кешінде және бірнеше жыл бұрын анасымен бірге. Лариса Щукинаның жеке мұрағатынан алынған сурет

Лариса Гүлмира Әуезханқызын Ярославтың екінші анасы деп санайтынын жасырмайды. Бұл туралы ұлы да біледі.

Гүлмира Мағзұмованың тағы бір пациенті Балжан Оспанова астаналық дәрігердің олар үшін не істегенін ұлдары Ермұхамет пен Ернұрахметке әлі талай айтып береді.

"Біз көпбалалы отбасымыз, алты баламыз бар - үш ұл, үш қыз. Кенже ұлдарымыз - егіз. Мен 2024 жылдың аяғында жүкті болдым, жүктіліктің 25-аптасында мәселелер басталды. Маған сәбилердің жағдайы ауыр - оттегі жетіспеушілігі деді. Бірақ қолдарынан келер қайран жоқтығын айтты. Кейін ауруханаға жатқызды. Тіпті шұғыл кесар тілігін жасағысы келді, бірақ ол жағдайда сәбилер тірі қалмас еді. Консилиумнан кейін дәрігерлер ең дұрыс жолды тауып, бізді Гүлмира Әуезханқызына жіберді. Ол - біздің қорғанышымыз бен құтқарушымыз", - дейді Балжан.

Сәбилер перзентханадан шығар сәтте ата-анасы және Гүлмира Әуезханқызымен бірге, сондай-ақ бір жылдан кейінгі үйдегі сәті. Балжан Оспанованың жеке мұрағатынан алынған сурет

Балжан бес рет қан құю процедурасынан өтіп, жүктіліктің 34-аптасында оған кесар тілігі жасалған. Ол сәбилерінен айырылып қалудан қатты қорыққанын жасырмайды.

"Бірақ үмітім үзілмеді. Гүлмира Әуезханқызының көмегімен бәрі жақсы болады деп сендім, Аллаға шүкір, солай болды да", - дейді әйел.

Ол сөзін жалғап: босанғаннан кейін батырларымды көргенде, көрген қиындығымның бәрін ұмытып кеттім дейді. Қазір ұлдар 9 айлық - бірі пысық, екіншісі салмақты әрі сезімтал.

Ана құрсағындағы оталар

Бұл сурет 2024 жылғы 24 шілдеде түсірілген. Ортада - Гүлмира Мағзұмова. Сол күні Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында: "Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей операция жасалды" деген жаңалық шықты. Бұл шетелдік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сағаты болатын.

Фетальды хирургия бойынша шеберлік сағаты. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің суреті

Фетальды хирургия - бұл дәрігерлер балаға әлі ана құрсағында жатқанда ота жасайтын медицина саласы.

Анықтама: "Феталь" сөзі латынның fetus - ұрық деген сөзінен шыққан. Мұндай оталар ұрықта өлімге, мүгедектікке немесе туғаннан кейінгі ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін ауыр туа біткен патологиялар анықталған жағдайда жасалады. Мақсаты - бала дүниеге келгенге дейін мәселені шешу немесе кем дегенде аурудың салдарын азайту.

Бұл жерде біз тағы бір оқиғаны баяндаймыз - сонда бәрі түсінікті болады.

Гүлнұр (ол аты-жөнін көрсетпеуді өтінді) үшінші баласына жүкті кезінде Гүлмира Мағзұмовамен танысқан. Бірінші УДЗ-да әйелге егіз болатынын айтқан, бірақ бір ұрықтың дамуы тоқтап қалған.

20-аптада дәрігерлер "фето-фетальды трансфузиялық синдром" диагнозын қойды. Бұл - бір ұрық донор, ал екіншісі реципиент болатын, яғни екіншісі бірінші сәбидің есебінен қоректеніп, өсетін жағдай.

"Мен тіркеуде тұрған қалада маған бірден жүктілікті тоқтатуды ұсынды, өйткені өмірмен үйлеспейтін көптеген қорқынышты диагноздар қойылды. Бұл біздің отбасымыз үшін өте ауыр кезең болды. Не істерімізді және әлі туылмаған сәбиімізді қалай құтқарарымызды білмедік. Содан кейін жолдасым екеуміз Астанаға кеңес алуға бардық", - деп еске алады Гүлнұр.

Олар Гүлмира Мағзұмовамен осында танысқан.

Ол кейін не болғанын түсіндіреді:

"Елестетіп көріңізші, әйел егіз бала көтеріп жүр, олардың плацентасы ортақ. Плацентада қан бір ұрықтан екіншісіне ауысатын тамырлар түзіледі. Бірі екіншісін қоректендіреді, бірақ шын мәнінде екеуі де зардап шегеді, олар біртіндеп өле бастайды".

- Отаны қалай жасайды? - деп сұрадым.

- Ота жатыр қуысына енгізілетін фетоскоп аспабы көмегімен жасалады. Бұл - ұшында оптикалық камерасы бар ұзын әрі жіңішке түтікше. Біз оны ішке енгізіп, плацентаны, ұрықты көреміз. Соның көмегімен тамырларды лазермен күйдіріп, жатыр қуысында жиналған артық қағанақ суын ала аламыз. Ұрықтың өзіне тиіспейміз, тек плацентаға ғана әсер етеміз.

Ең жақсы жағдайда екі ұрық та аман қалады, бірақ біреуі ғана тірі қалса да, бұл - жаман нәтиже емес. Себебі ешқандай араласусыз екеуі де шетінеп кетеді - бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе.

Ота жүктіліктің ерте кезеңінде - 20-22-аптасында жасалады. Содан кейін әйел баланы 32-аптаға дейін көтеріп, сосын кесар тілігі арқылы босандырып алады.

Гүлнәрға ота жасалды. Жүктіліктің 38-аптасында оның Даниял есімді ұлы дүниеге келді, бұл есім "Құдайдың сыйы" деген мағынаны білдіреді. Қазір ол бір жаста - дені сап-сау, басқа балалар сияқты өсіп-жетіліп келеді.

Гүлмира Әуезханқызының айтуынша, Қазақстанда фето-феталды трансфузиялық синдром және осы диагноз кезінде жасалатын оталар әзірге енді ғана дамып келеді.

"Нәтижесін бірден көресің"

Гүлмира Мағзұмова фетальды оталарды да, жылына 70-ке жуық (бұл шамамен 25-30 әйел) құрсақішілік қан құю процедурасын да жасайды. Мен одан: "Осынша жылдан кейін де бойыңызда сол бір ерекше сезім, ғажайыпқа деген сенім сақталды ма?" - деп сұрадым.

"Иә, бұл сезім әлі де бар. Маған қан құю процедурасын жасаған ұнайды. Бұл - нәтижесін бірден көретін сәт, бұл адамға ерекше шабыт береді, оны ештеңемен салыстыруға болмайды. УДЗ-ға қарасаң - жағдай өте нашар, ал қан құйғаннан кейін - көрсеткіштер лезде қалпына келеді", - деп ағынан жарылды ол.

Бұрын резус-конфликті бар әйелдерге мұндай жіті назар аударылмайтын. Көбінесе мәселе анықталғанда кеш болатын. Қазақстанда қан құю процедурасы қолға алынғаннан кейін біз бұл мәселеге баса назар аударып, мұндай әйелдерге мониторинг жүргізе бастадық. Нәтижесінде олардың да, болашақ сәбилерінің де өмірге деген мүмкіндігі артты.

"Фетальды оталар да бірте-бірте осындай деңгейге жетеді. Таяуда ғана болашақтың медицинасы болып көрінген дүниелер бүгінде нақты тәжірибенің бір бөлігіне айналып жатыр. Уақыт өте келе олар қолжетімді бола түседі. Бұл өте маңызды. Өйткені әрбір осындай оқиғаның артында тек медициналық технологиялар емес, аман қалған нәрестелер, сақталған жүктілік және үміт сыйланған отбасылар тұр", - дейді кейіпкеріміз.

Сөзінің соңында: "Бұл нәтижені өз көзіңмен көруден артық мотивация жоқ шығар..." - деп түйіндеді.

Авторы: Оксана Акулова

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігер

Денсаулық

ана мен бала

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 11:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

28 Мамыр 2026 17:28see125

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

28 Мамыр 2026 18:47see125

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

28 Мамыр 2026 18:15see123

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

28 Мамыр 2026 15:20see122

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

28 Мамыр 2026 12:32see120

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

28 Мамыр 2026 00:01see120

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28 Мамыр 2026 10:53see116

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

28 Мамыр 2026 15:22see115

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

28 Мамыр 2026 12:08see112

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

28 Мамыр 2026 15:13see112

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

28 Мамыр 2026 10:55see111

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

28 Мамыр 2026 18:44see111

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

28 Мамыр 2026 13:44see111

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

28 Мамыр 2026 16:49see110

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

28 Мамыр 2026 15:21see110

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

28 Мамыр 2026 15:14see110

Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі: 5 маусымнан бастап не өзгереді?

28 Мамыр 2026 12:32see109

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

28 Мамыр 2026 11:14see109

TURGYNDAR AMANATY: Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық мәселесі оң шешімін тапты

28 Мамыр 2026 15:13see108

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

28 Мамыр 2026 11:14see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары