Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Нәтиже көрінбеген жағдайда орындау тәртібі қатаң бақылауға алынады Берік Бейсенғалиев

Нәтиже көрінбеген жағдайда орындау тәртібі қатаң бақылауға алынады Берік Бейсенғалиев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жыл соңында «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің жұмысы қорытындыланды. Кеңестің жұмыс нәтижесіне қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Берік Бейсенғалиев негізгі мәселелерге тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жыл өз-өзімізді жұбату үшін емес, қалыптасқан жағдайға нақты, принципті және ашық баға беруді талап етті. Себебі бүгінгі өңірлік күн тәртібі – жай ғана «болашаққа қатысты мәселелер» емес, тұрғындар күн сайын бетпе-бет келіп отырған шынайы жағдай: тұрғын үй кезегі, шамадан тыс жүктелген агломерациялар, қыста жылусыз қалу қаупі және моноқалалардағы тоқырауға деген алаңдаушылық. Жалпы алғанда, биыл Кеңес мүшелері Үкіметке, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 50 нақты ұсыныс жолдады.

Жыл басында жұмысымыз тұрғын үй мәселесінен басталды. Кезекте – 658 мың адам, әрі бұл көрсеткіш өсуде. Оның 256 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. Мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, сұраныс толық қамтылмай отыр. Мен мұны айттым және тағы да қайталаймын: тұрғын үйдің қолжетімділігі жақсарып жатқан жоқ, керісінше күрделенуде. Біз отбасылардың ондаған жыл бойы кезек күтуіне жол бере алмаймыз. Бұл – азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен әлеуметтік әділеттілік мәселесі, – деді депутат.

Жазда урбанизация мен агломерациялардың дамуын Кеңес отырысында жан-жақты талқыладық. Бұл да кезек күттірмейтін мәселе.  Бақылаусыз көші-қон ірі қалалардың инфрақұрылымына орасан салмақ түсіруде. Президент Астананы айқын мысал ретінде келтірді: соңғы жылдары қала халқының өсімі жүз мыңдаған адаммен өлшенеді. Ресми деректерге сәйкес, маятниктік миграция (күнде жұмысқа барып-келу) есебінен елордаға күніне 200 мыңнан астам адам келеді. Бұл – жолдарға, қоғамдық көлікке, мектептерге, ауруханаларға және инженерлік желілерге түсетін «көрінбейтін» жүктеме. Осы адамдардың едәуір бөлігі Қосшы қаласында және өзге де қала маңындағы елді мекендерде тұрып, Астанада жұмыс істейді. Бұған қоса, ішкі тұрақты көші-қон үрдісі де сақталып отыр: табиғи өсімнен бөлек, жыл сайын ауылдар мен шағын қалалардан елордаға тұрақты қоныс аударушылар саны артып келеді. Қанша рет жоспарды қайта қарасақ та, бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Осыған орай, біздің ұстанымымыз біреу: агломерациялар ретсіз емес, жүйелі түрде дамуы қажет. Бұл үшін өңірлердің кешенді даму жоспарларын жаңартып, оларды нақты үйлестіру мен ашық қаржыландыру механизмдері арқылы іске асыру маңызды.

Күзде біз жылу беру маусымына дайындық пен жылу инфрақұрылымының жай-күйін талқыладық. Бұл мәселеге баса назар аударудың қажеттілігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Халық Екібастұздағы апатты, аязда адамдардың жылусыз қалғанын ұмытқан жоқ. Сондықтан мәселені жүйелі түрде көтердік: бүгінде жылу көздерінің едәуір бөлігі тозған, ал желілердің тозу деңгейі қауіпті жоғары күйінде қалып отыр. Ашық деректерде жылу электр орталықтарының 76 пайызы 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқаны, ал жылу желілерінің тозуы 52 пайыздан асқаны айтылады.

Президент Жолдауында бұл туралы барынша қатаң айтты: «Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру сияқты шаралар бар».

Біз бұл бағытты қолдаймыз, бірақ бір нәрсені айрықша атап өтеміз: ол уәдемен емес, нақты орындалған жобалармен, мерзімдермен және жауапкершілікпен өлшенуі тиіс.

Нақты мысал келтірсек, Алматы қаласы жылдар бойы ЖЭО бойынша экологиялық әрі технологиялық шешімді күтіп келеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы ЖЭО-2-ні газға кезең-кезеңімен көшіру 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталуы тиіс. Мемлекеттік сараптамадан кейін жобаның құны жүздеген миллиард теңге деңгейінде аталды. Демек, бақылау да соған сай болуы керек: нақты күндермен, кезеңдермен және ашық есептілікпен. Өйткені бұл – жылу туралы ғана емес, адамдардың денсаулығы мен мемлекет қабылдайтын шешімдерге деген сенім туралы мәселе.

Ал желтоқсан айында моноқалаларға арналған отырыс өңірлік саясаттағы ең өзекті бағыттардың бірі ретінде қалып отырғанын көрсетті. Бүгінде елімізде жалпы саны 20 моноқала бар, онда 1,3 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалалардың үлесіне елдегі өнеркәсіп өндірісінің үштен бірінен астамы тиесілі болғанымен, олардың басым бөлігі жойылу алдында тұр.

Бұл – елдің шеткері аймағы емес, елдің өндірістік салмағын арқалап тұрған өңірлер. Алайда іс жүзінде моноқалаларды кешенді дамыту жоспарларының орындалмай қалу қаупі бар: қаржыландыру көлемі екі есеге жуық қысқарды, жүздеген жоба іске аспай қалды, ал негізгі шешімдер белгіленген мерзімде орындалмай отыр.

Сондықтан 2026 жылы Кеңес қағаз жүзіндегі жоспарларға айналып кеткен тетіктерді қайта қарауды талап етеді. Қаражаттың бөлінуі өз алдына, оның нақты нәтижесі болуы шарт. Нәтиже көрінбеген жағдайда орындау тәртібі қатаң бақылауға алынады. Моноқалаларды нақты әртараптандыруды, балама жұмыс орындарын құруды табанды түрде алға тартамыз. Себебі жаңа экономика қалыптаспайынша, қалалар адамынан айырылады – мұны ешқандай есеп-қисап бүркемелей алмайды. Бұл мәселелер енді уәде мен жоспар деңгейінде қалмауы керек — олар нақты мерзімі мен нәтижесі бар мемлекеттік міндеттемелерге айналуға тиіс.

Тағы бір маңызды бағыт – Президенттің Ауыл әкімдерінің диалог алаңында берген тапсырмаларының орындалу барысы. Атап айтқанда, аудан әкімдерін сайлау мәселесі мен IV деңгейдегі бюджеттерді дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу көзделіп отыр. Бұл тақырыптар Кеңестің алдағы отырыстарының бірінде жан-жақты, ашық әрі жауапты түрде қаралатын болады, – деген пікір білдірді халық қалаулысы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары