Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Олжас Бектенов алдағы мерекеде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды тапсырды

Олжас Бектенов алдағы мерекеде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды тапсырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Төтенше жағдайлар министрі — Шыңғыс Әрінов, оқу-ағарту министрі — Жұлдыз Сүлейменова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі — Светлана Жақыпова, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиында Түркістан облысы мен Астана қаласы әкімдіктері басшылығының баяндамасы тыңдалды.

Мереке күндері Қазақстанда қоғамдық тәртіпті қорғау және өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп, резервтік күштер дайындыққа келтірілді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көшелердегі полиция патрульдері тығыздығының артуы және стратегиялық нысандарда, азаматтар көп жиналатын орындарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру туралы баяндады.

Ел өңірлерінде барлығы 1 мыңнан астам бұқаралық іс-шара жоспарланған, олардың басым бөлігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, жоспарланған іс-шаралардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

— Біздің міндет — іс-шаралар өтетін жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ету. Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың профилактикасының тиімді жүйесін құрған жөн. Жағдайды бақылауға алып, оның ішінде бейнекамералар арқылы визуалды бақылау ұйымдастыру қажет. Қажет болған жағдайда оқиғаларға шұғыл әрекет ету шараларын қамтамасыз етіңіздер. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін кешенді профилактикалық шаралар қабылдансын. ІІМ мен ТЖМ-ға күшейтілген режимде жұмыс істеу тәртібіне көшуді тапсырамын, — деп тапсырды Премьер-министр.

Мереке күндері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де көңіл аударылды. Іс-шаралардың басым бөлігі адамдар көп жиналатын нысандарда, сондай-ақ ойын-сауық және қоғамдық орындарда өтеді. Оның ішінде пиротехникалық өнімдер де қолданылады. Бүгінде айналымнан 700 бірліктен астам және 97 қорап сертификатталмаған пиротехника алынды. Мереке қарсаңында тағы бір мәрте «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шараларын өткізу тапсырылды. Оның аясында пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындарына рейдтер ұйымдастырылатын болады.

Өрт қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. ТЖМ күштерімен адамдар көп жиналатын 7 мыңнан астам нысанға тексеру жүргізілді және өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындар тексеріліп, пайдалануға рұқсат берілді. Халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтар тұратын тұрғын үйлерде өртке қарсы датчиктерді монтаждау жалғасуда. Қазіргі уақытта 36 мыңнан астам қорғаныс құрылғылары орнатылған.

Премьер-министр іс-шаралар өткізілетін нысандардағы қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мақсатта нысандарда алдын ала тексеру, қызметкерлерге тиісті нұсқаулар беру, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды. Әсіресе өрт сөндіру құралдары мен гидранттардың жарамдылығын тексеру қажет. Ауа райына қарамастан, адамдар көп жиналатын нысандарға баратын жолдар тәулік бойы ашық болуы керек. ТЖМ мен ІІМ бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Сонымен қатар адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтап, қажет болса, қосымша оқу-жаттығуларын өткізу қажет.

Мереке күндері қала ішінде де, шығаберіс жолдарында да автомобиль трафигі артуына байланысты автомобиль жолдарында ерекше бақылау орнатылды. Құтқарушылар ауа-райының нашарлауына дайын: автожолдарда жылыту пункттері жабдықталған, арнайы техника мен авиация жедел ден қою режиміне ауыстырылды. ІІМ Көлік министрлігімен бірлесіп, автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, автожолдардың жай-күйін, сондай-ақ жүктемесі үлкен және туристік бағыттарда қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруды бақылауға алады. Өңірлерде балаларды тасымалдауда міндетті түрде полиция қызметкерлері бірге еріп жүруге тиіс. Әкімдерге бұл мәселені ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік көмек әлеуметтік тәуелділік пен құқық бұзушылықтың алдын алумен тікелей байланысты екенін айтты. «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін 153 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бері орталық мамандары 76 мың азаматқа 111 мыңнан астам қызмет көрсетті, бұл қиын өмірлік жағдайда отбасыларды кешенді сүйемелдеудің тиімділігін көрсетеді.

Бұдан бөлек, бұрын сотталған адамдар тарапынан қылмыстарға жол бермеу жөніндегі шаралар қаралды. Осылайша, жаңа заң барлық босатылған азаматтар үшін ойын-сауық орындарына баруға және түнгі уақытты өткізуге шектеулер бар әкімшілік қадағалауды енгізеді. Елімізде 2402 төсек-орынға арналған 27 әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. Желіні кеңейту, сондай-ақ жұмыс берушілерді азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруға ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының цифрлық картасы және FSM Social платформасы арқылы белсенді қызмет көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізуде.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өңірлік комиссиялардың жұмысына талдау жүргізді. Әкімдіктерге комиссияның жұмыс тәртібін жаңа тәсілдерді ескере отырып қайта форматтау тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті, көші-қон жағдайын және тағы басқаларды қамтамасыз ету тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелерін қамтитын ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see100

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары