Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Олжас Бектенов: Мемлекет дәрі сатып алудан 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді

Олжас Бектенов: Мемлекет дәрі сатып алудан 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтикалық нарықтағы тәртіпті күшейтіп, дәрілердің әділ бағамен сатып алынуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген жаңа цифрлық жүйе қомақты қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Үкімет басшысы отандық фармацевтика саласына инвестиция тарту үшін жаңа келісімдер жасалып жатқанын, сондай-ақ, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісіне қатысты 9 инвестициялық жоба қолға алынғанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі үш ай ішінде барлық ұйымдастыру шараларын аяқтап, инвесторлармен келісімдерге қол қоюды қамтамасыз етуі тиіс.

«Дәрі-дәрмекке баға белгілеудің жаңа цифрлық жүйесі фармацевтикалық нарықтағы барлық қатысушылар үшін бірыңғай ережелерді бекітті. Биыл препараттарға бағаны төмендетудің арқасында мемлекет дәрілерді сатып алуда 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді. Бұл қаражат халықты қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталады», деді Олжас Бектенов. 
Сонымен қатар, Премьер-министрдің айтуынша, сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнай бермейтіні түсінікті.

«Бірақ біз азаматтарымыздың мүдделерін басшылыққа алуымыз керек. Дәрілер әділ бағамен сатып алынады. Отандық фармацевтикалық өндірушілерге айтарым, біз Сіздерді әрі қарай да қолдаймыз. Оған ешқандай күмән болмасын. Бірақ мемлекеттік қолдау шаралары сапалы медициналық өнімді жеткізетін және бағаны жасанды түрде өсірмейтін нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі», деді Премьер-министр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылға арналған препараттарды сатып алу жаңартылған жүйе бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Дәрі-дәрмектердің кең тізімінің құнын төмендету нәтижесінде айтарлықтай бюджеттік тиімділікке қол жеткізілген. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағалар 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді. Бұл, ең алдымен, онкологиялық препараттарға қатысты. Мысалы, Иматиниб дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден 2348 теңгеге төмендеді, ал Бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 мыңнан 77 мыңға дейін төмендеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар антибиотиктер мен иммунобиологиялық препараттар бойынша да айтарлықтай үнем жасалған: Цефепимнен – 174 млн теңге, Экулизумабтан – 424 млн теңге үнемделген.

Ең жоғары бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ететін ТОП-10 препаратқа Бевацизумаб, Иматиниб, Сорафениб және Сунитиниб сияқты препараттар кірді. Сондай-ақ Инсулин деглудек, Метотрексат, Элтромбопаг, Будесонид және Йопромид бағасы айтарлықтай төмендеді.

Баға төмендеуі бөлшек саудаға да әсер етті: 4 900 дәрі-дәрмекке жаңа шекті бағалар бекітіліп, қазан-қараша айларында танымал препараттардың құны орта есеппен 12%-ға арзандаған:

«Цефапс» – 31%; «Зитмак» – 20%; «Ревмоксикам» – 32% төмендеген.

Министрліктің мәліметінше, отандық өндірушілер жаңа талаптарға тез бейімделіп, өнім бағаларын қайта қараған. Үнемделген қаражат бірінші кезекте алғаш рет анықталған пациенттердің қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Жаңа баға белгілеу моделі нарықты тұрақтандырып, жеткізу қауіпсіздігін күшейтеді және сыртқы баға ауытқуларына тәуелділікті азайтады. Министрлік осы бағыттағы нәтижелерді бекіту жұмысын жалғастырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары