Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Өскелең ұрпаққа өнеге

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

“Өмір бойы іздедім“. Бельгиялық домбыра үнін естіп, жаңа арманын тапты

“Өмір бойы іздедім“. Бельгиялық домбыра үнін естіп, жаңа арманын тапты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бельгия тұрғыны домбыра тартуға ден қойды. Ерекше хобби шетелдіктің өмірін өзгертіп жібергені соншалық, ол қазір шапан киіп, қазақ тілін үйреніп жүр және Алматыға көшуді армандайды, деп хабарлайды Tengri Life.

Бельгия тұрғыны домбыра тартуға ден қойды. Ерекше хобби шетелдіктің өмірін өзгертіп жібергені соншалық, ол қазір шапан киіп, қазақ тілін үйреніп жүр және Алматыға көшуді армандайды, деп хабарлайды Tengri Life.

Неден басталды?

Лукас 31 жаста, ол Бельгияның Льеж қаласында тұрады. Негізгі мамандығы латын және француз тілдерінің оқытушысы, алайда бос уақытында домбыра тарту сияқты ерекше іспен айналысады.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Бекзат Аманов (@bekzatamann)

Ұлттық аспапқа деген қызығушылық кездейсоқ пайда болған. Лукас Моңғолияға сапарынан кейін моңғол әндерін жиі тыңдап жүргенін айтты. Бір күні әлеуметтік желі алгоритмдері оған қазақтың "HasSak" этно-ансамблінің "Аманат" композициясын ұсынады.

"Домбыраның үні шыққан бойда мен шауып бара жатқан аттардың дүбірін сезініп, өзімді беймәлім бағытқа зулап бара жатқан көне жауынгердей елестеттім. Бұл менің өмір бойы іздеген сезімім еді", - дейді ол.

Бельгиялықты аспаптың небәрі екі ішекті болғаны ерекше таңғалдырған.

"Екі ішектен осыншама көп дыбыс шығаруға болатынын елестете де алмадым. Батыс менталитетінде біз "неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы" деп ойлауға бейімбіз", - деп атап өтті Лукас.

Уақыт өте келе музыкаға деген қызығушылық Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуге ұласты.

"Уақыт өте келе мен "Ақсақ құлан" күйі туралы аңызға жолықтым. Бұл Шыңғыс ханның сүйікті ұлы Жошының қазасы, әкенің қайғысы және осы суық хабарды жеткізген домбыраның жазалануы туралы еді. Бірақ Қазақстан тарихын, әсіресе Ашаршылықты зерттей келе, мен бұған басқаша қарадым: меніңше, домбыраның екі-ақ ішекті болуы қазақтарға ең ауыр жағдайдың өзінде олардың батылдығы мен таланты бәріне жететінін еске салу үшін сияқты", - деп бөлісті музыкант.

Үйрену барысы қалай өтіп жатыр?

Жаңа әуестіктен шабыт алған Лукас алғашқы домбырасын интернет арқылы алдыртты. Алайда үйрену ол ойлағаннан әлдеқайда қиын болып шықты.

"Бастапқыда жай байқап көру үшін интернеттен ең арзан домбыраны алдырттым. Әрине, менің орындағым келген сүйікті күйлерім көп еді, әсіресе Сейдолла Бәйтерековтің немесе Төлеген Момбековтің "Секеннің қоңыры", "Көңіл толқыны" сияқты шығармалары. Бірақ алғашқы талпыныстарым сәтсіз болды", - деді Лукас.

Кейін Лукас YouTube-тегі сабақтар бойынша жаттыға бастады және көп ұзамай өзінің алғашқы туындысы "Көк ту" күйін орындап шықты.

Уақыт өте келе ол стандартты домбыра өзіне ыңғайсыз екенін түсінді: аспап оның қолы үшін тым үлкен болып шықты. Содан соң Лукас Астана шеберлеріне арнайы өлшеммен домбыра жасатты және Алматыдан онлайн режимде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалім тапты.

"Мен оны Астанадан алдырттым және Алматыдан керемет ұстаз таптым. Ол маған ағылшын тілінде онлайн сабақ береді, қазіргі жетістіктерім үшін сол кісіге қарыздармын", - дейді бельгиялық.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Lucas Mommer (@luciusapuleius74)

Лукастың айтуынша, оған шертпе күй стилінің философиясы жақынырақ. Ал төкпе бағытындағы танымал жылдам күйлерді меңгеру әзірге қиындық тудырып отыр.

Ол әйгілі "Адай" күйін кемінде 5–6 жыл оқығаннан кейін ғана қолға ала алатынын айтады.

Лукас шертпе стиліндегі шығармаларда терең мағына жатқанын, бұл тыңдарманмен бірден байланыс орнатуға көмектесетінін атап өтті.

"Досым Исламбек Сман "Салтанатты" орындағанда, жаным тебіреніп кетеді", - деді ол.

Шетелдіктің сүйікті шығармалары ішінде Абай Құнанбайұлының "Май түні" күйі ерекше орын алады. Оның айтуынша, бүгінде бұл күй домбырашылар репертуарында жиі кездесе бермейді.

"Мен осы күйді өз репертуарымның басты жауһарына айналдырғым келеді", - деді Лукас.

Қазақстандықтардың реакциясы қандай?

Лукас Бельгиядағы қазақтар оны шапанмен көргенде таңғалатынын айтады.

"Пойыздан қолымда домбыра, үстімде шапан және тақиямен түскенім есімде. Бір жұп маған үлкен қызығушылықпен қарап тұрды, олардың қазақ екенін іштей сездім. Мен тәуекел етіп "Сәлеметсіз бе!" дедім, олар бірден күлімсіреп, амандасты. Олар Бельгияда домбырашыны көргендеріне өте қуанышты болды!" - дейді ол.

Әрі қарай не болды?

Қазір Лукас қазақ тілін белсенді түрде үйреніп жүр.

"Қазақша сөйлемей және Қазақстанда тұрмай, домбырада толыққанды ойнау мүмкін емес. Сондықтан мен қазір француз тілі мұғалімі жұмысын іздеп жатырмын, әсіресе Алматыдан", - деп бөлісті ол.

Егер көшудің сәті түссе, Лукас тек күймен шектелмей, қазақ тілінде ән салуды да жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Францияның танымал блогері Алвин Маңғыстау облысына жасаған бір апталық экспедициясынан кейін бұл өңір оның планета туралы түсінігін түбегейлі өзгерткенін мәлімдеген болатын.

Тағы оқыңыз: Желіде жұлдыз болған қазақстандық спортшы аниме “кейіпкеріне“ айналды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 14:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see127

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see120

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Өскелең ұрпаққа өнеге

22 Қыркүйек 2026 03:29see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары