Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Оңалтудың оң әсері мол

Оңалтудың оң әсері мол

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары халық денсаулығына төнген негізгі қауіптің бірі болып қала береді. Де­н­саулық сақтау министрлігінің мәліме­тінше, 2025 жылы елімізде 21 588 адам миокард инфарктімен, 53 мыңнан астам адам инсультпен ауруханаға жатқызылған. Бұл көрсеткіштер жыл сайын өзгергенімен, жүрек-қан тамырлары ауруларының өзектілігі төмендеген жоқ. Сондықтан мем­лекет аурудың алдын алумен қатар, меди­циналық оңалтуды дамытуға басымдық беріп отыр.

Инсульт пен инфаркт – шұғыл медици­налық көмекті ғана емес, кейінгі ұзақ­­мерзімді қалпына келтіруді де қажет ете­тін аурулар. Егер алғашқы сағаттарда адамның өмірі үшін күрес жүрсе, кейінгі айларда оның өмір сапасы үшін күрес басталады.

Ерте бастау – сауығудың кепілі

Реабилитолог Гүлнәр Бейсембаеваның айтуынша, оңалтуды мүмкіндігінше ерте бастаған жөн.

– Медициналық оңалту – тек массаж емес. Ол – адамның қозғалысын, сөйлеуін, есте сақтау қабілетін және күнделікті өмірге бейімделуін қалпына келтіретін кешенді ем. Ерте басталған оңалту қалпына келуді жылдамдатады. Ал кеш басталған жағдайда бұлшықеттер әлсіреп, жоғалған қызметтерді қалпына келтіру қиындайды, – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, оңалту бағдарла­масы әр науқасқа жеке жасалады. Оның ұзақтығы аурудың ауырлығына, адамның жасына және жалпы денсаулық жағдайына байланысты бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Инсульттен кейін есте сақтау қабілетінің төмендеуі, сөйлеудің бұзылуы, күйзеліс пен депрессия жиі кездеседі. Сондықтан мұндай науқастармен реабилитолог, невролог, логопед, физиотерапевт, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог және қажет болған жағдайда еңбек терапевті жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ересектерге арналған физикалық медицина және медициналық оңалту бейіні бойынша бас штаттан тыс маманы Ғалия Жанаспаеваның айтуынша, медициналық оңалту барлық науқасқа бірдей тағайындалмайды.

Пациенттің қозғалу мүмкіндігі, өзіне-өзі қызмет ету қабілеті және қалпына келу әлеуеті мультидисциплинарлық топтың қатысуымен бағаланады. Медициналық көрсетілімі бар азаматтар ғана оңалтуға жіберіледі.

2026 жылдың алғашқы алты айында миокард инфарктінен кейінгі пациенттердің 19 пайызы, ал инсульттен кейінгі пациент­тердің 51 пайызы медициналық оңалтудан өткен. Кейбір науқастар ауруды жеңіл өткеретіндіктен қосымша оңалтуды қажет етпейді, ал кейбіріне уақытша қарсы көр­сетілімдер болуы мүмкін. 

«Медициналық оңалтуға жолдаманы дәрігер-реабилитологтың ұсынымы негізінде емханадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері береді. Пациентке оңалтуды жалғастыру қажеттілігі ауруханадан шығарылар кезде немесе емханада түсіндіріледі.

Сонымен қатар министрлік деңгейінде халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар оңалтудың маңызы мен МӘМС арқылы тегін көрсетілетін қызметтер туралы жан-жақты ақпарат береді. Ең бастысы – оңалтуды кешіктірмеу. Өйткені емді уақытында бастау қалпына келу мүмкіндігін арттырады», –  дейді Ғалия Жанаспаева. 

Бүгінде медициналық оңалту Қазақстан­ның барлық өңірінде көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде медициналық оңалту қызметін ұсынатын 681 медициналық ұйым бар. Оның 379-ы мемлекеттік, 302-сі жекеменшік.

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 315 медициналық ұйым инсульттен кейінгі неврологиялық оңалтумен, 220 ұйым кардиологиялық оңалтумен және  56 ұйым кардиохирургиялық оңалтумен айналысады.

Егер күрделі оңалту қажет болса, пациент аудандық ауруханадан облыстық немесе республикалық мамандандырылған орталықтарға жіберіледі. Осылайша, қажетті медициналық көмекті тұрғылықты жеріне қарамастан алу мүмкіндігі қарастырылған.

МӘМС аясындағы тегін ем

Медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Ол үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең негізгі еммен қатар ауруханада басталады. Екінші кезең стационарда жалғасады. Ал үшінші кезең емханада, күндізгі стационарда, оңалту орталық­тарында немесе қажет болған жағдайда санаторийде жүргізіледі.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы медициналық оңалтудың екінші кезеңінен өткен жағдайлар саны 91 мыңға жеткен. Бұл оңалту қызметіне сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

Аймақтардағы көрсеткіштер де осы үрдісті айғақтайды. Мысалы, Шымкент қаласында былтыр инсульт алған 1 700-ден астам пациент стационарлық оңалтудан өтіп, бұл мақсатқа 531 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Қаладағы 24 медициналық ұйым бір жыл ішінде 450 мыңнан астам оңалту қызметін көрсеткен. Бұл медициналық оңалтудың денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы артып келе жатқанын аңғартады.

Медициналық оңалтудың тиімділігі тек заманауи құрал-жабдыққа емес, білікті мамандарға да байланысты. 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 130 дәрігер-реабилитолог жұмыс істейді. Оның 144-і ауылдық жерде қызмет көрсетеді. Бүгінде еліміздің 8 медициналық жоғары оқу орны физикалық медицина және медициналық оңалту мамандарын даяр­лайды. Соңғы бес жылда 440 реабилитолог дайындалған. Сонымен қатар эрготерапевт пен кинезиотерапевт мамандарын даярлау жұмыстары да кезең-кезеңімен жолға қойылып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, инсульт пен инфаркттан кейінгі алғашқы апталар мен айлар – ағзаның ең белсенді қалпына келетін кезеңі. Дәл осы уақытта жүргізілген оңалту қозғалыс, сөйлеу, есте сақтау және өзіне-өзі қызмет ету қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

– Оңалтудан бас тартқан адамдарда мүгедектік қаупі артады. Ал уақытылы жүргізілген оңалтудың арқасында қайта жүріп кеткен, сөйлей бастаған, бұрынғы жұмысына оралған науқастар аз емес, – дейді реабилитолог Гүлнәр Бейсембаева. 

Ал Денсаулық сақтау министрлігі алдағы жылдары оңалту бөлімшелері мен орталықтарының санын көбейтуді, жаңа мамандар даярлауды, цифрлық техно­логияларды енгізуді және үй жағдайында көрсетілетін оңалту қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау саласындағы маман­дардың ортақ ұстанымы бір. Инсульт пен инфаркттан кейінгі ем ауруханадан шыққан күні аяқталмайды. Керісінше, сол сәттен бастап адамның қалыпты өмірге қайта оралу жолы басталады. Ал сол жолдың ең маңызды бөлігі – медициналық оңалту.

Айгүл СЕЙІЛ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 06:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары