Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Экономикада өсім әсері байқала бастады

Экономикада өсім әсері байқала бастады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Tengenomika» телеграм-арнасы­ның зерттеуіне сүйенсек, ел экономикасында халықтың күнделік­ті өміріне әсер ететін нақты өзгерістер байқалған. Ішкі жал­пы өнім 7 айда 6,3 пайызға өс­кен. Бірақ ең маңыздысы сан емес, өсім­нің халық тұрмысына қа­лай әсер еткенінде болып отыр.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Кейінгі  жылдары ел ішінде қозғалыс күшейді. Адамдар жиі сапарлайды. Көбірек демалып, қызмет көрсетуге жиі жүгінеді. Бұрын 6 миллион 600 мың адам саяхаттаса, қазір 10 миллион 500 мың адам ел ішінде демалған. Шетелге шы­ғатындар да үш есе өсіп, 1 миллион 190 мың адамға жетті. Әуе тасымалы да артты. Қазір жылына 14 миллионнан астам адам ұшақпен жүреді. Такси қызметін қолданатындар саны да айтарлықтай өсті. 2018 жылы 54 миллионнан астам адам такси қолданса, былтыр бұл көрсеткіш 73 миллион адам болды.

«Экономика сан үшін емес, адам үшін жұмыс істеуі керек. Егер халық еркін жүрсе, демалса, табысын еркін жұмсаса, міне, осы нағыз өсім. Кейінгі жылдары отан­дастарымыз дәл осындай мүмкіндікке ие бола бастады. Бұл елдің дамуы дұрыс бағытта екенін көрсетеді. Әсіресе адамдардың демалысқа жиі шығып, сапалы қызметтерге жүгінуі сенімнің артқанын білдіреді», деп жазылған зерттеуде.

Тұрғын үй алушылар қатары да көбейген. 2020 жылы 3 миллион 854 мың адамның жеке баспанасы болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 4 миллион 983 мың адамға жетті. Яғни 5 жылда 1 миллионнан астам адам үй алған. Сонымен қатар елде тұтыну мәдениеті де өзгеріп жатыр. Адамдар сапалы тағамға көбірек көңіл бөледі. Ет пен жемісті жиі тұтынады. Әлеуметтік топтарға арналған азық себетіне де 20 тауардың орнына 43 атау енгізілді.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Қала мен ауылда инфрақұ­рылым жаңарып келеді. Газ тарту, жарық орнату, жол жөн­деу, аулаларды жақсарту сияқ­ты жұмыстар жүйелі жүріп жатыр. Әсіресе өңірлер­дегі өзгеріс айқын сезіледі. Көп жыл күткен әлеуметтік жақ­сартулар іске аса бастады. Бұл өмір сапасына ықпал етіп отыр. Экономиканың көлемі артқанымен, басты назар енді оның сапасына ауып келеді. Қазіргі міндет тек өсу емес, сол өсімнің әр адамға әсерін күшейту.

«Инфрақұрылым жақсар­са, қоғамдық көңіл күй де өзгереді. Жарығы бар көше, таза аула, тегіс жол, жылы үй, міне, адамға ең керегі – осы. Экономикалық өсім дегеніміз тек өндіріс емес, ең алдымен тұрмыс сапасының артуы. Қазір осыны көріп отырмыз. Жұрт еркін қозғалады. Қызмет қолжетімді. Болашақта ең маңыздысы өсімнің өзін емес, оның қайда жұмсалғанын бақылау болады. Ел дамуы жұрттың өмірінде көрінсе, еңбектің нәтижесі сонысымен бағаланады. Біз бүгін осы кезеңге өтіп келеміз. Қара­пайым адамның мүмкіндігі кеңейіп, өмір сапасы артып жатыр», деп түйіндеді арна сарапшылары.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 08:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары