Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қаржы нарығында кейінгі кезде байқалған оң өзгерістердің бірі – ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамының нығаюы. Қаржы сарапшылары бұған қатысты әртүрлі болжам жасайды, бірі Ұлттық банктің тиімді әрекеті десе, енді бірі бұл уақытша құбылыс екенін айтады. Қалай дегенмен теңге бағамы базардағы бағаға әсер ететіндіктен, қарапайым халық та ұлттық валютаның жағдайына бейжай қарамайтыны анық.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Доллар бағамы 2025 жылғы шіл­дедегі деңгейге қайта түсті. 30 қыркүйектен бері теңге 549 теңгеден 523 теңгеге дейін ныға­йып, небәрі бір айда 25 теңгеге немесе ­4,8%-ға қымбаттады. Сарапшылар теңгенің мұндай күшеюін еліміздің халықаралық нарықта 1,5 миллиард долларлық еурооблигация шығарғанымен байланыстырады. Бұл қаражаттың бір бөлігі ішкі нарықта теңгеге айырбасталып, валюта ұсынысын арттырған болуы мүмкін.

Ұлттық банк нарықта белсенді болды. Қыркүйекпен салыстырғанда шетел валютасын сату көлемі 50%-ға өсіп, 1,54 мил­лиард долларға жеткен. Сарап­шылар мұны «айна операцияларымен» байланыстырады. Яғни Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджет арасындағы валюта қозғалысын теңестіру әрекеті.

Ұлттық банк екінші жартыжылдықта теңгелік өтімділікті қысқарту саясатын күшейтуді жоспарлап отыр.

«Алтын бағасының өсуіне байланыс­ты, біз артық ақша массасын шектеуге көшеміз. Төртінші тоқсанда ай сайын шамамен 467 миллиард теңге айналымнан шығарылады. Ал қаңтар-қыркүйекте бұл көрсеткіш 250 миллиард болған», деп хабарлаған еді реттеуші ұйым.

Бір қызығы, қазан айында Ұлттық банк ва­люталық интервенция да, Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қоры үшін шетел валютасын сатып алу операция­сын да жүргізбеген. Ал керісінше, квази­мем­ле­кеттік сектор тарапынан валюта сату азай­ған 279 миллион доллар, қыр­кү­йек­те бұл көрсеткіш 378 миллион доллар болған.

Қазір теңге нарықта күшейіп тұрға­нымен, сарапшылар бұл уақытша құбы­лыс дейді. Себебі теңгенің тұрақ­тылығы көбіне мұнай бағасы мен Ұлттық банктің валюталық саясатына тәуелді. Мәселен, Halyk Finance сарапшылары теңге бұл тұғырында ұзақ уақыт тұра алмайды деп отыр. Олардың есебінше, жыл соңына дейін доллар 550-560 теңге деңгейіне көтерілуі мүмкін. Тіпті 2026 жылы теңге тағы әлсіреп, 610 теңгеге дейін жетуі ықтимал.

Қаржыгер Сұлтан Елемесов болса «Halyk Finance сарапшыларының болжамы тым пессимистік бағытта», деген пайымда.

«Кейде нақты деген болжамдардың өзі орындала бермейді. Қазір тек санға емес, экономиканың нақты жағдайына да қарау керек. Сол кезде ғана теңге бағамының қай бағытта жүретінін түсінуге болады. Ұлттық банк теңгені әдейі күшейтіп, кейін күрт әлсіретуге мүдделі емес. Онда да  кәсіби қаржыгерлер отыр. Олар инфляциялық тәуекелге әсер ететін құрал – базалық мөлшерлеме емес, мықты теңге екенін жақсы біледі. Бас банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтеруге дайын екенін ашық айтты. Бұл теңгенің тұрақтылығын қолдайды. Оның үстіне, халықаралық нарықтарда бізге долларды төмен мөлшерлемемен қарызға беруге дайын. Бұл да теңгеге сенімнің белгісі», дейді ол.

Жалпы, доллардың арзандағанын көрген жұрт жаппай сатып алу туралы ойлана бастады. Бірақ бұл ойды белгісіздік басып кетіп жатыр. С.Елемесов осы сұраққа да жауап берді. Қарашада теңге тағы 520 деңгейіне дейін нығаюы мүмкін дейді. Одан кейін біртіндеп 540-545 теңгеге қайта оралады. «Егер ұзақмерзімді мақсат үшін доллар керек болса, қазіргі курс – жаман емес. Бірақ бәрібір теңге әлсірейді», деді ол.

Ал экономист Расул Рысмамбетов кейінгі кезде теңгенің қайта күшеюіне таңданысын жасырмады. Оның айтуынша, ұлттық валюта 530 теңгеден төмен деңгейге түсті әрі сол маңда бекігендей көрініп отыр. Сарапшы мұндай жағдай бұрын да болғанын еске алады. Былтыр көктемде де осындай жағдай болған. Сол кезде нарыққа доллар көптеп түсті. Қазір де соған ұқсас көрініс болып тұр.

«Импортқа тәуелді елміз. Сол кезде курсты еркін жіберу дұрыс шешім емес еді деп ойлаймын. Іштей әлі де сол пікірдемін. Бірақ шындықпен санасу­ға тура келді. Теңгенің кейінгі күшеюі Ұлттық банктің шешімдерімен тығыз байланысты. Бірер күн бұрын Ұлттық банк қарашада Ұлттық қордан 600-700 миллион доллар сататынын мәлімдеді. Бұл жаңалықты банктер мен трейдерлер тез ұғып үлгерді. Базалық мөлшерлемені 18%-ға көтеру арқылы Ұлттық банк теңгені нығайтты. Бұған қоса, бюджетке қосымша түсім үшін Ұлт­тық қордан доллар сатты, бұл қалыпты тәжірибе. Бірақ қазір бұл саясаттың әсері ерекше байқалып отыр», дейді Р.Рысмамбетов.

Оның болжамынша, инфляция бәсеңдеген соң, базалық мөлшерлеме біртіндеп төмендейді. Қаңтар айына қарай 17-16, тіпті 15%-ға дейін түсуі ықтимал. Бұл қадам Қаржы министрлігі үшін де тиімді, себебі жоғары мөлшерлеме мемлекеттік шығындарды арттырады.

Доллар дәуірі аяқтала ма?

2000-жылдардан бері сарапшылар доллардың әлемдік үстемдігі әлсі­рейді деп жиі айтып келеді. Қытай эконо­микасының өсуі, еуроның күшеюі, АҚШ саясатына сын айтылуы,  мұның бәрі «доллар дәуірі аяқталады» деген пікірдің кең таралуына себеп болды.  Алайда 20 жылдан астам уақыт өтсе де, доллар әлі де әлемдік экономиканың басты тірегі болып отыр. Жоғарыда айтылған болжамдарға қарамастан, «доллардың дәуірі» неге аяқталмады? Бұл сұраққа Еconomykz-тің тәуелсіз сарапшысы Даулет Жамбайбеков жауап берді.

«Біріншіден, АҚШ экономикасы әлі де ең ірі әрі ең икемді экономикалық жүйе. Технологиялық даму деңгейі, өндірістің жоғары өнімділігі, терең қаржы нарығы бұл елді инвесторлар үшін сенімді бағытқа айналдырады. Сондықтан жаһандық тұрақсыздық кезінде доллар қауіпсіз айлақ ретінде қабылданады. Сонымен қатар әлемдегі көптеген халықаралық мәмілелер, әсіресе мұнай, газ және басқа да шикізат саудасы дәл доллармен есептеледі. Бұл жүйе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасып, қазірге дейін өзгерген жоқ. Сондықтан тіпті доллардан бас тартуға ұмтылған елдердің өзі халықаралық есеп айырысуда бәрібір АҚШ валютасына жүгінуге мәжбүр. Мұның себебі –  институттық сенім. АҚШ-тағы Федералдық резерв жүйесі тәуелсіз жұмыс істейді, сот жүйесі ашық, ал қаржылық ережелер айқын. Инвесторлар өз қаражатының қорғалғанына сенеді», дейді экономист.

Расында, бүгінде әлемдік мемлекеттік және корпоративтік қарыздың шамамен 60%-ы доллармен есептеледі. Бұл жағдай басқа елдердің доллардан толық бас тартуына жол бермейді, себебі олардың өз қарыздары дәл осы валютамен өтеледі. Сонымен қатар АҚШ қаржы жүйесі Еуропамен салыстырғанда қарызға аз тәуелді.  Сосын көптеген орталық банктердің негізгі резервтік активі – АҚШ қазынашылық облигациялары (Treasuries). Олар өтімділігі жоғары әрі сенімді қаржы құралы болғандықтан, елдер долларлық резервтерін сақтауды жалғастырып отыр. Осы облигацияларға деген сұраныс доллардың да ұзақмерзімді тұрақтылығын ұстап тұр.

Даулет Жамбайбековтің пікірінше, доллар «әлсірейді» деген болжамдар көбіне саяси «эмоцияға» негізделген.

«Инвесторлар үшін доллардан толық бас тарту қисынсыз. Ол әлі де дағдарыс кезінде ең қорғанышты актив болып қала береді. Мемлекеттер үшін дедолларизацияны біртіндеп жүргізу орынды. Ал бизнеске келсек, доллар сыртқы сау­дада басты валюта болып қала береді. Дегенмен, аймақтық бастамалар мен жаңа төлем жүйелеріне де назар аудару қажет. Доллар өз билігін жоғалтқан жоқ. Әлемдік экономикада сенім, өтімділік және тұрақтылық тұрғысынан оған тең ке­летін балама әзірге жоқ. Демек, дол­лар­дың дәуірі әлі біткен жоқ, тек жаңа жағ­дайға бейімделіп келеді», дейді сарапшы. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see115

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see115

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see114

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see114

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see114

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see113

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see113

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see112

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see111

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see110

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see108

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see108

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see108

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see108

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see108

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see107

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары