Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Оралда алдағы екі жылда 3 магистралдық жылу желісін жаңғырту көзделіп отыр

Оралда алдағы екі жылда 3 магистралдық жылу желісін жаңғырту көзделіп отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтің тұрғындармен кездесуде мәлім еткеніндей, өткен жылы шаһарда 1,3 млрд теңгеге бір магистралдық жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Мұрат Болатұлының сөзіне қарағанда, соның нәтижесінде 63 көпқабатты тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысан тұрақты жылумен қамтылды.

- Биыл құны 9,9 млрд теңге болатын ірі магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жоба нәтижесінде 75 көпқабатты тұрғын үй мен 7 әлеуметтік нысан тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етілді. Алдағы екі жыл ішінде тағы 3 магистралдық желіні жаңғырту жоспарланған. Бұл мақсатқа 8,1 млрд теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылған кезде қаланың 50 пайыз жылу желісі жаңартылады, - деді шаһар басшысы.

Оның айтуынша, сонымен қатар ауыз сумен қамту бағытында барлық 22 су жинау ұңғымасы қалыпқа келтіріліп, 22 тереңдік сорғы орнатылды. Қазіргі уақытта өндірілетін су көлемі соңғы бес жылмен салыстырғанда, тәулігіне 19 мың текше метрге ұлғайып, су тапшылығы мәселесі ішінара шешімін тапты.

Оған қоса биыл 12,1 млрд теңгеге екі ірі су жинау станциясын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар қаланың «Жұлдыз», Ескі әуежай, 10, 7, 6, 5, 4-шағынаудандарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тағы 5 су ұңғымасын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

- Осы орайда суды үнемдеудің маңыздылығын айта кеткім келеді. «Судың да сұрауы бар» дейді халқымыз. Өкінішке қарай, қалада таза ауыз суды көлік жуу немесе бау-бақша суару секілді мақсаттарға шектен тыс пайдалану жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан тұрғындар суды үнеммен жұмсай білуі керек. Ал шағын және орта кәсіп иелеріне суды үнемдеумен қатар оны қайта өңдеуде әлемдік тәжірибеге сүйену керектігін еске саламын, - деді М.Байменов.

Қала әкімдігінің деректеріне сәйкес өткен жылы 4,6 млрд теңгеге № 3 және № 2 кәріз-сорғы станциялары жаңартылса, биыл «Ақжайық» шағынауданында жаңа кәріз-сорғы станциясы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 2 млрд теңгеге № 18А кәріз-сорғы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылы тағы екі нысан – № 29 және № 1 кәріз станцияларын қайта жаңғыртуға 4,1 млрд теңге көлемінде қаражат бағыттау көзделіп отыр. Осы жобалар іске асқанда, сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 55-тен 52 пайызға дейін азаяды.

Тағы бір маңызды мәселе – қаладағы электр желілерінің тозғандығы. 2024 жылы 207 километр электр желілері жаңғыртылды. Биыл 12,2 км желіні жаңарту жұмыстары басталды.

- Облыс орталығында апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында 3,6 млрд теңгеге 168 км электр желілерін қайта құру жобасы жүзеге асырылуда. Соның аясында 1,1 млрд теңгеге ұзындығы 51 км 0,4 кВ әуе желісін ауыстыру басталды. Бұл жұмыстар атқарылған кезде электр желілерінің тозуы 72-ден 63 пайызға дейін төмендейді, - деп қосты қала әкімі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда қандай жылу нысандары жаңартылып жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 20:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары