Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Оралда ет өнімдеріне жалған сертификат рәсімделгені анықталды

Оралда ет өнімдеріне жалған сертификат рәсімделгені анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оралда мұздатылған етті жартылай фабрикаттарға сынақ жүргізілмей, сәйкестік туралы құжат рәсімделгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл фактіні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп анықтады.

Тексеруге мұздатылған ет құрамды жартылай фабрикаттарды бақылау мақсатында сатып алу кезінде алынған материалдар негіз болған. Өнім Беларусь Республикасының сертификаттау органы рәсімдеген ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясымен бірге сатылған.

Құжаттарды зерделеу барысында декларация Алматы қаласындағы аккредиттелген сынақ зертханасы бергені көрсетілген сынақ хаттамасына сүйеніп тіркелгені анықталды.

Алайда департамент құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін зертханаға ресми сұрау жолдаған. Зертхана жауабында аталған өнімге сынақ жүргізілмегені, ал көрсетілген сынақ хаттамасының мүлде рәсімделмегені және берілмегені расталды.

Осыған байланысты сәйкестік туралы декларацияның өнімнің ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сай екенін растайтын нақты дәлелі болмағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде декларацияның Қазақстан аумағындағы қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Тиісті ақпарат уәкілетті органға және техникалық реттеу саласында бақылау жүргізетін мемлекеттік органдарға жолданды.

Сәйкестікті растау және бағалау тәртібін бұзғаны үшін өнім өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департаменттің мәліметінше, бұл жағдай өнімнің сәйкестігі туралы декларацияның арнайы тізілімде тіркелуі оның қауіпсіздігі іс жүзінде тексерілді дегенді білдірмейтінін көрсетті.

Мамандар сынақ хаттамаларының түпнұсқалығын тексеру және өнімге жүргізілген сынақтардың қадағалануын қамтамасыз ету «сұр» сертификаттауға қарсы күрестің маңызды тетігі екенін атап өтті.

Департамент осындай күмәнді құжаттарды анықтау және тиісті сынақтар жүргізілмей декларация рәсімдеу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see165

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see156

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see151

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see147

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see140

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see139

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see137

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see133

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see132

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see131

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see130

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see127

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see126

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see118

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see118

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see118

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары