Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Оралда заманауи көлік хабы ашылды

Оралда заманауи көлік хабы ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ауқымды жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында атқарылды. Соның арқасында өңір тұрғындары мен жолаушыларға жаңа мүмкіндік туды.

Жаңартылған вокзалдың ашы­лу салтанаты Теміржолшылар кү­ніне орай ұйымдастырылды. Іс-ша­раға Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Батыс Қазақстан об­лы­сының әкімі Нариман Төре­ғалиев, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшы­лығы, сала ардагерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Вокзал ғимараты осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салын­ған еді. Сол кемшіліктің бәрі рет­теліп, инженерлік желілер, шатыр, қасбет, ішкі бөлмелер мен вокзал аумағы түгелдей жаңартылды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңірдегі теміржол инфрақұры­лы­мын жаңғырту жұмыстары ауқым­ды мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясының тапсы­рысымен 2025 жылы облысымызда төрт теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырыл­ды. Семиглавый Мар және Шың­ғырлау стансаларындағы вокзалдар жаңадан салынса, Орал мен Ақсай вокзалдары күрделі реконс­трук­циядан өтті. Бұл жұмыстарға рес­публикалық және жергілікті бюд­жеттерден 7,6 миллиард теңге бө­лінді. Бүгінде барлық жұмыс толық аяқталып, жаңартылған Орал вокзалы өңір тұрғындарының игілігіне қызмет ете бастады, – деді облыс әкімі.

Кешенді реконструкция бары­сында вокзал кешенінің барлық дерлік бөлігі жаңартылды. Сыртқы және ішкі инженерлік коммуни­кациялар, жылу, электр және су бұру жүйелері толық ауыстырылып, энергия үнемдейтін заманауи ма­териалдар қолданылды. Ғимарат­тың қасбеті мен ішкі кеңістігі жаңартылып, қауіпсіздік пен қолжетімділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқару­шы директоры Марат Іскалиевтің ай­туынша, жобалау барысында кө­лік инфрақұрылымына қойы­латын халықаралық талаптар ескерілген.

– Ғимаратты бөлшектегеннен кейін іс жүзінде тек іргетасы мен қаңқасы ғана қалды. Барлық инже­нерлік желілер, шатыр және тір­ші­лікті қамтамасыз ету жүйелері за­манауи технологиялар мен ма­те­риал­дарды пайдалана отырып қай­та салынды. Ана мен бала бөлмелері жабдықталды, мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азамат­тарға қолайлы кедергісіз орта жа­салды. Ең маңызды жаңалықтардың бірі – бұрын болмаған заманауи жерүсті конкорсының салынуы. Енді жолаушылар теміржол рель­сін кесіп өтпей-ақ платформа­лар ара­сында қауіпсіз қатынай алады, – деді ол.

Жаңартылған вокзалдың басты артықшылықтарының бірі – жо­лаушыларға жасалған жайлы жағ­дай. Мұнда кең күту залдары, за­ма­науи ақпараттық таблолар мен навигациялық жүйелер орна­тыл­ған. Сондай-ақ төрт эскалатор мен үш лифт пайдалануға берілді. Кон­корстың салынуы платформаларға шығуды бұрынғыдан әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз етті.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жолаушылар ағынының артуымен де сабақтас. Егер осыдан бес жыл бұрын Орал вокзалы ар­қылы тәулігіне 800-900 адам өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш мыңнан асты.

Қазір Орал қаласы арқылы бір халықаралық және үш облысара­лық бағыт бойынша тұрақты пойыз қатынайды. Сонымен қатар ауыл­дық елді мекендердің көлік қол­жетімділігін қамтамасыз ету үшін екі облысішілік теміржол бағыты жұмыс істейді. 2026 жылдың ба­сынан бері теміржол көлігінің қыз­метін шамамен 270 мың жолаушы пайдаланса, жүк тасымалының кө­лемі 2,8 миллион тоннаны құрады.

Бүгінде облыстың теміржол желісіне 25 станса мен разъезд кіреді. Теміржол жолдарының жалпы ұзындығы 318 шақырымды құрайды. Сонымен қатар саланы одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Перспек­ти­валық жобалардың қатарында Индер – Орал теміржол желісін салу, вагон паркін ұлғайту және маршруттар желісін кеңейту мәселелері қарастырылуда. Қорыта айтқанда, жаңартылған теміржол вокзалы тек заманауи көлік ныса­ны ғана емес. Ол – Орал қаласының жаңа келбеті мен өңірдің айшықты визит картасына айналған ма­ңыз­ды инфрақұрылымдық кешен. 

Аида ҒАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 04:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары