Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Орталық Азия мен Ресей: экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі

Орталық Азия мен Ресей: экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан: 171 жоба іске асырылып жатыр

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 27,8 млрд долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсті. Бұған негізгі әсерін Ресейден келетін импорттың 8%-ға ұлғаюы тигізді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 20%-ға жетіп, 2023 жылғы 19%-дан артты. Сонымен қатар Ресейдің Қазақстанға импорттағы үлесі 28%-дан 31%-ға өскен, ал экспорттағы үлесі сәл төмендеп, 13%-дан 12%-ға дейін кеміді.

Фото: Canva

2024 жылы Қазақстанның Ресейге экспорт құрылымы да өзгерді. Химиялық өнімдердің жеткізілім көлемі 189 млн долларға, ал металл өнімдері 47 млн долларға артты. Ал машина жасау өнімдерінің экспорты 629 млн долларға, минералдық өнімдердің экспорты 370 млн долларға қысқарды. Бұл өзгерістер Ресей тарапынан Қазақстанның шикізат өнімдеріне сұраныстың өскенін көрсетеді: шикізаттық өнімдердің экспорттағы үлесі 80%-дан 83%-ға дейін артса, терең өңделген өнімдердің үлесі 20%-дан 17%-ға төмендеді.

Егер 2022 және 2023 жылдары Қазақстан импортының ішіндегі ресейлік тауарлардың үлесі азайып келген болса (35,1%-дан 27,9%-ға дейін), 2024 жылы бұл тенденция өзгеріп, ресейлік импорт үлесі жалпы көлемнің 30,5%-ына дейін өсті.

Ресей мен Қазақстанның бірлескен жұмысының негізгі бағыттары – жаңа жылу электр станцияларын салу, Екібастұз ЖЭС-ін жаңғырту, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың ауқымды бағдарламаларын іске асыру.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Өнеркәсіптік кооперация ерекше дамып келеді. Қазіргі таңда жалпы құны шамамен 33 миллиард доллар болатын 75 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде Қостанайда КамАЗ қатысуымен зауыттың іске қосылуы, Саран қаласында жылына 3,5 миллион дөңгелек шығаратын «Татнефть» компаниясының зауытының ашылуы, сондай-ақ EuroChem және Uralchem компанияларының қатысуымен минералды тыңайтқыштар өндірісінің жаңа қуаттарының құрылуы бар.

Тау-кен өнеркәсібі стратегиялық маңызын сақтап отыр. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы «Буденовское» уран кенішін игеруде елеулі үлеске ие болды. «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» жобалары аясында кемінде 6 миллиард доллар инвестиция тарту жоспарланған, бұл ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективасын көрсетеді.

Қазақстанда ресейлік капитал бар 23 мыңнан астам компания тіркелген. Бұл елдегі шетелдік қатысуы бар барлық кәсіпорындардың шамамен 40%-ын құрайды. Қос тарап экономикасының жоғары дәрежеде интеграцияланғанын және қолданыстағы серіктестік байланыстарының берік екенін айқын көрсетеді.

Бүгінде Ресейдегі жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттерінің саны шамамен 67 мың адамды құрайды. Қазақстан Ресейде шетелдік студенттер арасында көш бастап тұр. Қазақстан студенттеріне арналған білім гранттары үкіметаралық келісімдер аясында бөлінеді.

Фото: .freepik.com

Қазақстандық жастар Ресей жоғары оқу орындарының филиалдарына да оқуға түседі. 2022 жылы КазҰУ базасында МИФИ және Атырау университетінде РГУ филиалдары ашылды. 2024 жылы Тараз университетінде РХТУ филиалы ашылды. МГИМО филиалы 2025 жылдың қыркүйегінде Астанада студенттер қабылдауды бастады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 университетімен ынтымақтастықта. Қазақ университеттері Ресей ЖОО-ларымен 1882 келісімге қол қойып, 34 білім беру және ғылыми жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде 32 екі дипломды және 41 бірлескен білім беру жобалары бар.

Орталық Азия — Ресей

Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінде ресейлік капиталдың қатысуымен барлығы 25 мыңға жуық компания жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кооперация қарқынды түрде кеңейіп келеді. Бірлескен индустриялық парктер, сауда үйлері, көтерме-тарату орталықтары құрылуда, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар өндірісінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» магистральдық бағыттарын бірлесіп жабдықтау, сондай-ақ жаңа трансконтинентальдық дәліздер салу жұмыстары жүргізілуде.

Ресей Орталық Азия мемлекеттерімен бірлескен бағдарламаларға 33 миллион доллардан астам қаражат бөлді.

Аймақтағы мемлекеттердің азаматтары мен өнеркәсібі үшін сенімді газ жеткізудің жаңа энергетикалық қаңқасы қалыптасуы да маңызды. Оны құруға Қазақстан, Ресей және Өзбекстан белсенді қатысып жатыр.

Фото: hausa.cri.cn

Ресей Орталық Азия елдері үшін аса маңызды серіктес болып қала береді және бұл серіктестікте Қазақстан ерекше орын алады. Бұған географияның өзіне қараса да түсінікті - еліміздің солтүстік көршімен құрлықтағы шекарасы әлемдегі ең ұзын және 7,5 мың шақырымнан асады. Қазақстан көпвекторлы дипломатияға және экономикалық қатынастарды әртараптандыруға сүйене отырып, көршілерімен ынтымақтастықта барынша пайда көріп отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 09:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары