Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Орталық Азия Қытай : екіжақты ынтымақтастық нығая түседі

Орталық Азия Қытай : екіжақты ынтымақтастық нығая түседі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жиынды Қытай Коммунистік партия­сы Орталық комитетінің Халықаралық байланыстар бөлімі ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – өзара тәжірибе алмасу, саяси партиялардың жаңғырту үдеріс­теріндегі рөлін талқылау және өңірлік ынтымақтастықты нығайту. Отырысқа Қытай және Орталық Азия елдерінің жетекші саяси партияларының өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев бастап барды.

Ол өз сөзінде Қазақстан мен Қытай ежелден тату көрші екенін, олардың арасындағы қатынас берік достыққа негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бұл ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, көпғасырлық серіктестік тарихында «алтын 30 жылдыққа» қадам басты.

Ол маусым айында Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «ортақ тағдыр қауымдастығын» құру бастамасын көтергенін еске салды. Саммит қоры­тын­дысы бойынша, мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылып, Астана декларациясы қабылданды.

«Бұл құжаттар тең құқықты әріптестік, өзара құрмет пен сенім қағидаттарын бекітті. Ол Қытай мен Орталық Азия ел­дері арасындағы жаңа дәуір ынтымақтас­ты­ғына берік негіз қалады», – деп атап өтті партия хатшысы.

Жиында Ержан Жылқыбаев Қа­зақстанның ішкі саяси жүйесін жаңғырту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елдің орнықты дамуына бағытталған ауқымды реформалар жүргізілуде. Сондай-ақ ол қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында саяси партиялар елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. 

«Партияаралық ынтымақтастық саяси көшбасшылар мен халық арасында байланыс орнатудың маңызды құралына айналып отыр. «AMANAT» партиясы өзара түсіністік пен өңірлік өзекті мә­селелерді шешудің ортақ тәсілдерін қалыптастыру мақсатында Қытай Ком­му­нистік партиясымен серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті», – деді Ержан Жылқыбаев.

Саяси партиялар диалогы бағдарламасы аясында партия хатшысы Қытай Ком­мунистік партиясы басшылығымен бір­қатар кездесулер өткізді. ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ОК Секретариатының хатшысы, Қытай Халық саяси консуль­тативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті төрағасының орынбасары Ши Тайфэнмен кездесуде ол Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммитінің маңыздылығын атап өтіп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ха­лықаралық қолдауға ие болған бастама­ларына жоғары баға берді. 

Өз кезегінде Ши Тайфэн Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Ол ҚКП өңірдің саяси партия­ларымен бірлесіп, «Қытай – Орталық Азия рухын» ілгерілетуге және партиялық әрі мемлекеттік басқару бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға дайын екенін айтты.

Бұдан кейін партия хатшысы ҚКП Орталық комитетінің Халықаралық бай­ланыстар бөлімі меңгерушісі Лю Хайсин­мен кездесті. Тараптар «AMANAT» пар­тиясы пен ҚКП арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру барысын және алдағы жұмыс бойынша байланыстарды нығайту жолдарын талқылады.

Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, екі ел көшбасшыларының стратегиялық бағытының арқасында саяси сенім деңгейі тарихи биік межеге жетті. Ол былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 44 млрд АҚШ долларына жеткенін, ал Қытайдың Қазақстан эко­номикасына салған инвестициясы 27 млрд долларға жуықтағанын айтты. Бүгін­де елімізде CNPC, CITIC, SINOPEC және HUAWEI сияқты қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Бұдан бөлек, Ержан Жылқыбаев ҚКП Орталық Комитеті Шаньдун провинция­сы партия комитетінің хатшысы Линь Умен келіссөз өткізді. Тараптар екі елдің қарым-қатынасы өзара сенімге, түсіністік пен дәстүрлі достыққа негізделгенін атап өтті. 

Айта кетейік, 2025 жылғы маусым айында Астанада өткен «Қытай – Орталық Азия рухы» тұжырымдамасы өзара құрмет, сенім және тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделіп, сапалы даму арқылы ортақ жаңғыруды көздейді. Бұл ұстанымдар өңірдегі саяси партиялар диалогының негізгі өзегіне айналып, өзара түсіністікті тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен серіктестікті нығайтуға бағытталған.

Еске сала кетейік, былтыр ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы уақытқа дейін 15-тен астам бірлескен іс-шара өткізілді. Құжат партияаралық байланысты нығайтуға, елдер арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды дамытуға және екі партия арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтуге бағытталған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 04:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары