Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Орташа табыс қақпанынан шығу жолдары қандай?

Орташа табыс қақпанынан шығу жолдары қандай?

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақ­стан­ қазір «орта табыс қақпанында» қалып отыр. Бұл әлбетте ел азаматтарының әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. 

Сол себепті Үкімет алдында елдің экономи­ка­лық тұғырын нығайту мақсатында ауқымды жұмыс тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан газетіне берген сұхбатында айтты. Жалпы экономикадағы теңсіздікті болдырмаудың, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің жолы қандай? Қазақстан орта табыс тұзағынан қалай шықпақ? 

Елімізде орташа жалақы мөлшері соңғы алты жылда шамамен екі жарым есеге дейін артқан. 2019 жылы азаматтардың орташа айлығы 187 мың теңгені құраса, қазір 429 мың теңгеге жеткен. Алайда құбылмалы инфляция жеткізбей келеді. Осыдан үш жыл бұрын азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттап, инфляция деңгейі 20 пайызға шарықтағаны ел есінде. Қазір бұл көрсеткіш 12 пайызға түскен, десе де соның өзі қалтаға салмақ салуда. «Орташа табыс қақпанында» қалудың кері әсері осы. Табысың ұлғайған сайын, шығының да соншалықты өспек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бизнес өкілдеріне келер болсақ, олар жұмыс орындарын ашып, салық­та­рын адал төлейді. Алайда несие өсімі­нің жоғары болуы, айналымдағы қара­жаттың аздығы олардың кең ауқымда дамуына, жаңа нарықтарға шығуына, за­манауи технологияларды енгізуіне мүмкіндік бермей тұр. Экономиканың құрылымы өзгеріп жа­тыр. Дегенмен меніңше, өзгеріс қар­қы­ны баяу. Халықаралық қаржы инс­титут­тары мен рейтинг агенттіктерінің ба­ғалауынша, елімізді бақуатты, тіпті бай мемлекет деп атауға болады. Бұл сөз­дің жаны бар. Соған қарамастан, эко­номикамызда теңсіздіктер әлі де сақ­та­лып отыр. Оның бәрін шұғыл реттеп, түзу жолға салуымыз керек.

«Ал инфляция деңгейін бір қалыпта ұстап тұру үшін алдымен ауыл шаруашылығына ден қойып, делдал санын қысқарту керек», - дейді экономист Бекнұр Қисықов. 

Бекнұр Қисықов, экономист:

- «Инфляция қай жерден шығады? Міне, қараңыз. Яғни тауар ауылдан келеді. Ол қалаға келем дегенше, дүкенге барам дегенше оның арқасында қанша делдалдар бар. Орысша айтқанда спекуляция деп айтуға болады. Сол делдардардың бәрі инфляцияны көтеріп тұр. Түркияда мынадай аграрлық бір саяси бар. Егер диқан өзінің тауарын шығарса, ол өзінің тауарын сатпайды. Оған келіп, мемлекет сатып алады да, соны алып келіп, бізге сатады. Тек бір делдал бар оның арасында. Ол – мемлекет. 

Сол себепті экономисттің айтуынша, Түркия тәжірибесіне сүйене отырып, бізде де отандық тауар өндірушілердің өнімін өткізетін мемлекеттік агрокорпорация құрылуы қажет. Импорттық тауар бағасын реттеуді де естен шығармаған жөн.

Шынар Төлешова, Экономикалық зерттеулер институтының орталық директорының орынбасары:

- Экономиканың өсіп, дамуы үшін, кіріс деңгейі жоғарылауы үшін ең бірінші еңбек өнімділігі деген бар. Осыны арттыру керек. Біз өзімізді кедей санамаймыз. Сіз де, біз де. Бізде бар кіріс белгілі бір деңгейде. Біз кел келген нәрсені кредитке алып, ипотекаға үй аламыз. Каспи банктің бөліп төлеуі бар. Бәрін қарызға алып, жақсы өмір сүріп жатқан сияқтымыз. Соған қарағанда біз өзімізді орташа өмір сүреміз деп айтамыз. Орташа тап деп негізінде белгілі бір бизнес, кәсібі бар, белгілі бір деңгейде кіріс түсіріп жатқан адамдарды айтады.

Экономиканың басты қозғаушы күші де осы – орта тап өкілдері. «Сондықтан еңбек өнімділігін арттырып, халықтың әл-ауқатын алға жылжыту үшін шағын және орта бизнеске қолдауды күшейту қажет», - дейді маман.

Авторлары: Назым Кенжебай, Ержан Рахманбердиев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 14:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see135

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары