Өскеменде дзюдодан болған жарыс кезіндегі төбелес: Полиция тергеуді бастады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Оқиға Жекпе-жек сарайында дзюдодан өткен облыстық жарыс кезінде болған. Әлеуметтік желіге видео таратқан куәгерлердің айтуынша, жанжал шыққан соң спортшылар мен жаттықтырушылар арасында жаппай төбелес болған.
Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ресми ақпарат берді.
- Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталған. Істің мән-жайын жан-жақты және толық анықтау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда бір-бірін аяусыз ұрған қыздар төбелесінің видеосы тарағанын хабарлаған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 09:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















