Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқаруға серт берген салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары, ардагерлер, әскери бөлім басшылығы және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Қолбасшы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ант қабылдаған жауынгерлерге жүрекжарды жылы лебізін жолдады. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі – Отан алдындағы борышын өтеуге келген екі жүзге жуық жас сарбазмен бірге танымал айтыскер, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы Жұлдызай Маратбекованың да әскери ант қабылдауы болды. Жұлдызай Маратбекова әскери бөлімде кадр және саптық бөлімшесінің аға маманы лауазымында қызмет атқарады.

– Бала кезімнен әскери қызметші болуды армандадым. Кейін сөз өнеріне деген қызығушылығымның арқасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын меңгеріп, мектепте ұстаздық еттім. Дегенмен әскери қызметке деген құлшынысым мені бүгін Ұлттық ұлан қатарына алып келді. Енді ел қауіпсіздігі жолында адал қызмет етуге бар күш-жігерімді саламын, – деді қатардағы Жұлдызай Маратбекова.

Салтанатты рәсім барысында айтыскер домбырамен арнайы арнау орындап, әскери ант қабылдаған жас сарбаздарға ақ жол тіледі. Ол өз жырында Отанға адал қызмет етудің маңызын дәріптеп, жастарды елжандылық пен патриоттық рухқа үндеді.

Айта кетейік, Өскемен қаласындағы 6699 әскери бөлімінде әскери қызметін өтейтін жас сарбаздар Абай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Тамыз 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары