Өз өзіне оқ атқан: Жамбыл облысында тәртіп сақшысы қайтыс болды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: istockphoto.com
Ауыр халде ауруханаға жеткізілген лейтенант дәрігерлердің жасаған емдік шараларына қарамастан, есін жимастан реанимация бөлімінде қайтыс болды.
Болжам бойынша арнайы жасақ инспекторы «SIG Sauer» маркалы қызметтік қаруынан өзіне оқ атқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшысының мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Еске сала кетейік, былтыр Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған 34 жастағы полиция қызметкерінің мәйіті жалға алған пәтерінен табылған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 11:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















