Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

Өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделген Путин Қазақстан мен Ресейдің серіктестігі туралы

Өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделген Путин Қазақстан мен Ресейдің серіктестігі туралы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарым қарсаңында Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйіне және оның келешегіне қатысты ойларымды ортаға салғанды жөн көрдім.

Ресей мен Қазақстанның арасында мызғымас достық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынас берік орныққан. Бұған ортақ тарихымыз, халықтарымыздың тығыз сабақтасқан мәдениеті мен тағдыры арқау болып отыр. Екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделген. Біздің осындай ынтымақтастығымыз бүкіл Еуразия аумағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы саналады.

Біздің қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметіміз ерекше. Елдеріңіздің экономикасы қарқынды дамып жатыр. Халық жаппай қолдаған тиімді саяси жүйе қалыптасты. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Республика азаматтарының басым көпшілігі осы құжатты қолдап дауыс берді. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Осы ауқымды реформаның бәрі табысты жүзеге асырылып, мемлекетті күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп сенемін.

Біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен шынайы әрі достық қарым-қатынас орнаттық. Кездесулеріміз бен сұхбаттарымыз әрдайым бүкпесіз, нәтижелі өтеді. Біз екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланысын бекемдей түсуге мүдделіміз.

Әрине, біз экономика саласына айрықша көңіл бөлеміз. Себебі Ресей мен Қазақстан – ірі сауда серіктестері. Елдеріміз бірнеше жыл қатарынан экспорт пен импорт көлемінің жоғары деңгейін тұрақты сақтап келеді. Алыс-берістің басым бөлігін ұлттық валюта арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Ресейдің Қазақстан экономикасына салған капиталының жалпы көлемі – шамамен 30 миллиард доллар. Ал Қазақстандағы шетелдік капиталы бар заңды тұлғалардың 40 пайыздан астамы – ресейлік серіктестермен бірлесіп құрған компаниялар. Республикада Ресей инвесторларының қатысуымен 70-ке жуық ірі жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде автокөлік құрастыру, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі және басқа да технологиялық салаларға қатысты тың жобалар бар. Соның арқасында  қазірдің өзінде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы да қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік нарыққа бағытталған мұнай экспортының 80 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы (КҚК), яғни Ресей аумағы арқылы өтеді. Республиканы энергиямен тұрақты қамтамасыз ету үшін «Газпром» компаниясының қатысуымен ұлттық газ тасымалдау инфрақұрылымын оңтайландыруды және кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Ресейдің бизнес өкілдері Қазақстандағы серіктестеріне баламалы және «таза» энергетика саласына қажетті бірегей әзірлемелер мен технологияларды ұсынып отыр.

Ұзақ мерзімге арналған екіжақты серіктестігіміздің тағы бір маңызды бағыты – «бейбіт атом» саласындағы ынтымақтастық. Қазақстан алғашқы атом электр стансасын салуға кірісті. Осы өте ауқымды жобаға «Росатом» мемлекеттік корпорациясы атсалысып жатыр. Былтыр Алматы об¬лысындағы Балқаш көлінің маңында орналасқан АЭС алаңында инженерлік жұмыстарды бастау рәсімі өтті.

Аса маңызды табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық нығайып келеді. Бұл үрдіс елдеріміздің ұзақ мерзімге арналған технологиялық және шикізаттық тәуелсіздігін нығайтуға тікелей ықпал ететін болады.

Ресейдің ірі IT компаниялары шығарған инновациялық бағдарламалық өнімдер Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Біз ең заманауи, яғни жасанды интеллектіге негізделген цифрлық платформалар мен шешімдерді өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, логистика мен көлік, мемлекеттік және муниципалдық басқару, салық салу, білім беру және медицина сияқты салаларға енгізу үшін күш біріктіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз.

Биыл ғарышты игеру жолында күш жұмылдырып, маңызды қадам жасадық. 30 сәуірде «Бәйтерек» кешенінен орта сыныпты «Союз-5/Сұңқар» Ресей-Қазақстан озық зымыраны алғаш рет көк жүзіне жол тартты. Бұл оқиға Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан жердің төменгі орбитасына жасаған тарихи сапарының 65 жылдығымен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор.

Географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқандықтан, елдеріміздің логистика саласындағы әлеуеті орасан зор. Сондықтан біз «Солтүстік – Оңтүстік» және «Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәліздерін дамытуға баса мән береміз.

Әріптестігіміздің тағы бір маңызды саласы – экология және биологиялық әралуандықты қорғау. Қазақстандағы достарымыз Амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмек көрсету туралы өтініш айтқан еді. Осыған орай біздің тиісті мекемелеріміз кейінгі бір жыл ішінде нақты жұмыс жүргізді. Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі күшігі арнайы ауланды. Жануарлардың жағдайы мұқият тексерілген соң «Аэрофлот» рейсімен Қазақстанға жеткізілді. Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында бұл жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жақын арада жолбарыстар табиғи ортасына оралады.

Өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық тату көршілік қатынастарымызды нығайтуға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Сауда, білім беру, ғылым және мәдениет салалары бойынша 80-нен астам келісім жасалған. Аймақтық форумдар мен көрмелер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Түрлі делегациялар және бизнес өкілдері жиі кездесіп тұрады.  

Гуманитарлық және білім беру саласындағы байланыс, академиялық-ғылыми ықпалдастық нығайып келеді. Президент Тоқаев екіжақты ынтымақтас¬тықты дамытуға жастардың атсалысуы маңызды екенін бірнеше рет айтты. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Себебі жастарымыз Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының болашағын айқындайды, жетістіктерімізді еселейді және серіктестігімізге тың серпін береді.

Қазір Ресей университеттерінде, соның ішінде Қазақстандағы сегіз фи-лиалда 60 мыңнан астам қазақ студенті оқып жатыр. Алдағы оқу жылында Қазақстан азаматтарына арналған үкіметтік квота саны 800-ге дейін артады.

Қазақстанда Ресейдің көптеген жетекші университеттерінің филиалдары, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік университеті мен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. 2025 жылдың қыркүйек айында Ресейде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  филиалыашылды. Бұл – біздің елімізде бөлімшесін ашқан алғашқы шетелдік жоғары оқу орны. Мұны ерекше атап өткен жөн.

Біз Алматыда «Қазақстан-Сириус» халық¬аралық жалпы білім беру мекте¬бін және Дарынды балалар мен жасөспірім¬дер орталығын салу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Осы білім ордаларын 2029 жылы ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Астанада дәл осындай екінші кешен салу туралы келісімге қол жеткіздік.

Бәріміз Ресей мен Қазақстан халықтарының ортақ тарихына зор құрметпен қараймыз. Әсіресе біз үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны ерекше. Елдеріміз жұдырықтай жұмылып, нацизмге қарсы күрескен, зор шығынға ұшырағанына қарамастан, жанқиярлық көрсетіп, бүкіл Еуропаға бейбітшілік орнатқан әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігін ешқашан ұмытпайды. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін 8-9 мамырда Мәскеуге арнайы келген Президент Тоқаевқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстан Президентінің былтыр қараша айында елімізге жасаған мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланған еді. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екі елдің стратегиялық одақтастығы Еуразиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың өте маңызды факторы екенін айрықша атап өтті. Сол уақытта, яғни қараша айында Мәскеуде қол қойылған Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияда қос мемлекеттің халықаралық құқықтың нормаларын, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын сақтай отырып, барынша әділетті көпполярлы әлемдік тәртіп орнатуға мүдделі екені айқын көрсетілді. Ресей мен Қазақстан халықаралық қатынастарды өзара теңдік, барлық мемлекеттердің заңды мүдделері мен олардың мәдени және өркениеттік ерекшеліктерін ескеру қағидаттарына негізделген демократия талаптарына сай дамытуды қолдайды.

Қазіргідей геосаяси тұрақсыздық жағдайында Ресей мен Қазақстан мықтап қолға алған өңірлік ынтымақтастық тетіктерінің мән-маңызы одан сайын арта түскені анық. Мен бұл жерде, ең алдымен, Астанада алдағы күндері кезекті саммиті өтетін Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтып отырмын. Бұған қоса Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын, Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, «Ресей-Орталық Азия» форматындағы кездесулерді атап өтуге болады.  

Қасым-Жомарт Кемелұлының бас-тамасымен құрылған Халықаралық орыс тілі ұйымы аясында да көп жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстан оған зор үлес қосып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Наурыз айында Мәскеуде өткен министрліктер деңгейіндегі бірінші конференцияда осы бірегей құрылымның жұмысы басталды. Бұл ұйым әлемде орыс тілінің және орыс тілді мәдени-гуманитарлық кеңістіктің рөлін сақтауды көздеп отыр.

Жалпы, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен арадағы көпқырлы одақтастық қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қашанда дайын. Алдағы сапар барысында өтетін келіссөздер Ресей-Қазақстан серіктестігін одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, достас Қазақстанның барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see145

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see125

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see122

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see121

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see121

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see119

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

25 Тамыз 2026 23:17see119

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see119

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see119

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see119

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

25 Тамыз 2026 16:27see117

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see117

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

25 Тамыз 2026 20:23see117

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see116

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

25 Тамыз 2026 10:27see116

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

25 Тамыз 2026 12:14see115

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

25 Тамыз 2026 11:49see115

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

25 Тамыз 2026 18:19see114

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see114

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

25 Тамыз 2026 08:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары