Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Өзгеріс мінбері

Өзгеріс мінбері

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Технологиялық төңкеріс баршаға бірдей мүмкіндік бере ала ма? Әйелдердің қоғамдағы рөлі қаншалықты артты? Ал адамзаттың болашағына ықпал ететін шешімдерді кім және қандай құндылықтарға сүйеніп қабылдауға тиіс? Алматыда өткен Be Woman Asia 2026 халықаралық форумында осы және өзге де түйткілдер кеңінен талқыланды.

Форумның биылғы тақырыбы «Этикалық күш» деп аталады. Мінберде әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі рөлі, білім мен кәсіптегі мүмкіндіктері, гендерлік теңдік және жасанды интеллектінің (ЖИ) қарқынды дамуы сынды көкейкесті мәселелер көтерілді. Мәселен, «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымының өкілі Джерен Гювен Гюрестің мәлімдеуінше, қазіргі қарқын сақталған жағдайда гендерлік теңдікке толық қол жеткізу үшін әлі 171 жыл қажет болуы ықтимал. Ал ЖИ сала­сындағы мамандардың небәрі 22 пайызы – әйелдер. Бұл дегеніміз, бір жағынан, адамзат технологиялық даму­дың бұрын-соңды болмаған кезеңін бастан өткеріп жатса, екіншіден, сол дамуға тең дәрежеде қатысу мүмкіндігі әлі де өткір тақырып.

Жасанды интеллект: Тізгін кімнің қолында?

Қазір бірі ЖИ еңбек нарығын түбе­гейлі өзгертеді деп алаңдаса, енді бірі оны уақытты үнемдеп, тың идеяларды іске асырудың тиімді құралы санайды. Ал Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы Рэнди Цукерберг екін­ші көзқарасты ұстанатынын аңғартты. Танымал кәсіпкердің пікірінше, техно­логиялық өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, жаңа жағдайға бейімделіп, оны өз пайдаңа жарата білу маңыздырақ. 

– Қазір мені ерекше қызықтыратын бағыт – жасанды интеллект. Меніңше, ол адамдың рөлін алмастырмайды, қайта, біздің сенімді көмекшімізге айналады. Күнделікті қайталанатын міндеттерді ЖИ-ге тапсыру арқылы өзіміз жақсы меңгерген, шығарма­шы­лық қабілетімізді қажет ететін жұмысқа көбірек уақыт бөле аламыз. Әсіресе кәсіпкерлер үшін мұның мүмкіндігі зор. Бірақ технологияны пайдаланғанда этика, қауіпсіздік және деректердегі біржақтылық мәселесін естен шығар­мауымыз тиіс. Мен ЖИ-ді күнделікті өмірде де, спортта да қолданамын. Мы­салы, Мексикада өтетін 135 шақырым­дық жарысқа дайындалған кезде өзіммен бірге қажетті су қорын алып жүрудің және жүгіру жылдамдығын сақтаудың жолын таба алмадым. Сол кезде ЖИ маған суды таудың басына жеткізу үшін есек жалдауды ұсынды. Бұл күтпеген шешім болды. Бірақ ол жа­рыс жолын жылдам еңсеріп, рекорд орнатуыма көмектесті, – деді ол.

Соған қарамастан, кәсіпкер ақылды жүйелердің қарқынды дамуы адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың құнын төмен­дет­пеуге тиіс деген пікірін білдірді. Соны­мен қатар Гарвард университетінің түлегі, Facebook компаниясында еңбек етіп, Facebook Live жобасын іске қосуға қатысқан Рэнди Цукерберг кәсіби жетістікке жетудің бір ғана жолмен шектелмейтінін өз тәжірибесі арқылы баяндады. Әлеуметтік желі саласында табысты мансап құрған ол кейін ком­паниядан кетіп, жаңа жобаларға ден қойған.

– Технологиялар өмірімізге неғұр­лым терең енген сайын, біз шынайы қарым-қатынасқа соғұрлым мұқтаж бола түсеміз. Адамға саяхаттау, спортпен айналысу, бір-бірімен жүздесу, жақын­дарының жанында болу әрқашан маңызды. Мұны ешқандай технология алмастыра алмайды. Тағы бір айтқым келетіні, жаңа мүмкіндіктерден қорық­пауымыз қажет. Қырық жастан асқан­нан кейін де мүлде басқа саланы мең­ге­ріп, жаңа кәсіптің маманы атануға болады. Менің әлеуметтік желіден Бро­двейге, ЖИ мен ультрамарафонға дейінгі жолым – соның дәлелі, – деді Рэнди Цукерберг.

Ал психология және технология этикасы жөніндегі сарапшы Натали Нахай өз сөзінде ЖИ-дің мүмкіндігі зор екенін жоққа шығармайтынын, бірақ оның ұсынған әрбір жауабын абсолютті шындық деп қабылдауға болмайтынын жеткізді. Өйткені бұл технология қате ақпаратты, бұрын қалыптасқан теріс түсініктерді қайталауы ықтимал. Одан бөлек, ЖИ адаммен сөйлескенде оның көңіл күйін түсініп, жанашырлық тан­ыт­қандай болады. Бірақ маман техно­логияның адамға ұқсап жауап беруі оның бізді шын түсінетінін білдірмейді дейді.

– Мені алаңдататын мәселенің бірі – адамдардың біртіндеп өз бетінше ойлану мен шешім қабылдау жауап­кершілігін технологияға жүктей бас­тауы. Егер біз әрбір сұрағымыздың жауа­бын алгоритмнен іздеп, оның ұсын­ысына күмән келтірмей әрекет етсек, сыни ойлау қабілетіміз бен таң­дау еркіндігімізге қауіп төнеді. Қазір жастардың бір бөлігінің цифрлық орта­дан саналы түрде алыстап, шынайы өмірге көбірек көңіл бөлуге ұмтылуы да кездейсоқ емес. Бұл – адамның өз өмір­ін бақылауды қайтаруға деген талпы­нысы. Технология адамға қызмет етуі керек, бірақ оны басқармауға тиіс, – деді Натали Нахай.

Кино арқылы заңға қозғау салған күрескер

Енді мына бір аянышты оқиғаға назар аударыңыз. Әлемнің кейбір елдерінде қыз баланың дүниеге келуін өкінішпен пара-пар деп қабыл­дай­тындар болған. Тіпті отбасының ар-намысын сылтау етіп, әйелдің өмір­ін қиюға дейін баратын қатыгез түсін­іктер де кездеседі. Форумда мін­берден сөз алған «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері, бірнеше мәрте «Эмми» сыйлы­ғын жеңіп алған, TIME нұсқасы бойын­ша әлемдегі ең ықпалды 100 адам тізі­міне енген режиссер Шармин Обайд-Чиной өнер арқылы қоғамдық стерео­типтерді бұзып, заңнамалық өзгеріс­терге ықпал етуге болатынын көрсетті.

Карачи қаласында бес қыздың тұңғышы болып өскен Шармин бала кезінен қыз баланы отбасына ауырт­палық санайтын көзқараспен бетпе-бет келген. Кейін осы әділетсіздік оны әйелдер құқығын қорғауға жете­лейді. 17 жасынан журналистикаға араласқан ол қоғам назарынан тыс қалған әйел­дердің тағдырын деректі кино арқы­лы көрсетуді мақсат етеді. Оның Saving Face фильмінде қышқыл шабуылынан зардап шеккен әйелдердің өмірі баян­далса, A Girl in the River туындысында «отбасы ар-намысы» үшін өлтірілмек болған әйелдің оқиғасы көрсетілген. Соңғы фильм «Оскар» сыйлығына ұс­ын­ылғаннан кейін режис­сер көпші­лік­тің алдында Пәкіс­тан билігін заңна­маны өзгертуге шақырады. Нәти­жесінде, елде «ар-намыс үшін кісі өлтіру­ге» қатысты заңға өзгерістер енгізілді. 

– Бала күнімде туыстарымыздың бірі анама: «Бес қызың бар екеніне жаным ашиды», – дегені есімде. Бұл сөз мені ашуландырды. Өмірімді әйелдер құқығын қорғауға арнауыма түрткі болған себептердің біріне айналды. Балалық шағымда қайыр сұрауға мәж­бүр болған кішкентай қызды да көрдім. Сол кезде адам тағдырының өмірлік жағдайларға қаншалықты тәуелді екен­ін түсіндім. Бүгінде бар мақсатым – өзгелерге мүмкіндік жасау. Мен Пәкіс­танда Pataka Pictures кино­қорын құр­дым. Бұл қор әйелдерге өз оқиға­ларын баяндауға, кино арқылы қоғам­дағы өзгерістерге ықпал етуге көмек­теседі. Бір адамның екінші адамға мүм­кіндік беруі оның өмірін қанша­лықты өзгерте алатынын жақсы түй­сінемін. Сондықтан мұндай мүмкін­діктің мейлінше көп әйелге бұйырғанын қалаймын, – деді Шармин Обайд-Чиной.    

Білімдегі басымдық, табыстағы теңсіздік

Мәселенің тағы бір екінші қыры бар. Әйел теңсіздігі әрқашан ашық қысым мен зорлық-зомбылықтан тұрмайды. Көп жағдайда бұл қоғам қалыпты жағдай деп қабылдайтын күнделікті тұрмыстың өзінде көрініс табады. Қыз баланы білім алуға үндеген қоғам сол білімін кәдеге жаратуына қаншалықты жағдай жасап отыр? Әйгілі Гарвард түлегі, Tilu мектебінің негізін қалаушы, АҚШ-тағы AI-ком­паниясының президенті Әсел Аман­гелді осы қайшылыққа назар аударды. Оның пайымынша, мәселе әйелдің білім деңгейінде ғана емес, сол білімін кәсіби жетістікке айналдыруына қоғам­ның қаншалықты дайын екенінде.

– Қазақстанда әйелдер көбіне ең­бекақысы салыстырмалы түрде төмен білім беру және денсаулық сақтау сала­ларында жұмыс істейді. Мен баян­да­мамда да осы мәселеге тоқталдым. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде әйел­дердің орташа жалақысы ерлерге қарағанда 28 пайызға, яғни шамамен 146 мың теңгеге төмен. Қыздардың білім деңгейі жоғары бола тұра, табыста мұндай айырмашылықтың сақталуы терең зерттеуді қажет етеді, – деді Әсел Амангелді. 

Сайып келгенде, өркениетті қоғам дегеніміз өзгерістің адам өміріне тигіз­ген оң әсерімен өлшенеді. Ал шын­айы өзгеріс биік мінберлерде айтылған бастамалар нақты нәтижеге айналғанда ғана көрініс табады.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 06:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see136

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see133

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see126

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see126

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see125

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see124

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see124

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see124

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see123

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see122

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see121

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see121

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see121

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see121

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see120

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see119

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see117

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see115

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see113

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары