Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Мектеп асханасындағы өзгеріс

Мектеп асханасындағы өзгеріс

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Балалардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу жылының басынан бастап білім ұйымдарында оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сай қант мөлшері 3,6 есеге, ал тұз мөлшері 5 есеге азайтылды. Сонымен қатар оқушылар рационында көкөніс, жеміс және сүт өнімдерінің үлесі артқан. Ас мәзірінен шұжық өнімдері, қақталған тағамдар, спредтер, тұз бен қант мөлшері жоғары өзге де өнімдер толықтай алынып тасталмақ. Газдалған тәтті сусынның орнына балаларға енді сүт өнімдері, сондай-ақ қант мөлшері төмен жеміс шайлары мен компот ұсынылады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бала ағзасы енді қалыптасып, дами­тын кезеңде құнарлы тамақ­тануды қажет ететіні рас. Сондықтан оқушының тамақтануына ата-анамен бірге мектеп те, мемлекет те жеткілікті көңіл бөлуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитар­лық-эпидемиологиялық бақылау коми­те­ті төрағасының орынбасары Нұр­қан Сәдуақасовтың айтуынша, жаңа стандарт балабақша, мектеп, колледж бен сауықтыру лагерьлерін қоса алғанда, барлық білім ұйымдарына енгізіледі.

– 2023 жылдан бастап мемлекет бас­тауыш сынып оқушыларын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жекелеген санаттағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Алайда жүргізілген талдау нәтижесі мек­теп оқушыларының тамақтануында тұз, қант және майдың мөлшері тым жо­ғары екенін көрсетті. Сонымен қатар рационда көкөністер, жеміс-жидектер мен сүт өнімдері жеткіліксіз. Осындай тамақтану балалар арасында семіздікке, қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларының ерте жастан дамуына әкелуі мүмкін, – дейді комитет өкілі.

Оның айтуынша, жаңа стандарт қазіргі заманғы халықаралық тәсілдерге негізделіп жасалған. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) секілді халықаралық ұйымдармен бірлесіп әзірленген.

– Бұған қоса, жаңа стандартта алғаш рет шағын жинақты мектептегі тамақтануды ұйымдастыру талаптары мен арнайы диета­лық қажеттіліктері бар балаларды тамақпен қамтамасыз ету ережелері енгізілді, – деді ол.

Мектеп мәзірі күн тәртібінен түспеу­ге тиіс. Өйткені оқушылардың осы кезде қа­лай тамақтанатыны олардың ден­сау­­лы­ғы­на, көңіл күйіне, үлгеріміне, бола­ша­ғы­на тікелей әсер етеді.

Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханованың айтуын­ша, осы күні балалар арасында артық салмақ мәселесі ушығып тұр.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, семіздікке шалдыққан балалар саны жыл сайын артып келеді. Бұл XXI ғасырдың жаһандық эпидемиясы деп аталады.

Өкінішке қарай, Қазақстан да бұл үрдістен тыс емес. Қазір елімізде 6–9 жас аралығындағы әрбір бесінші балада артық салмақ бар. Егер бұл үрдісті тоқтатпасақ, 2035 жылға қарай артық салмағы бар балалар мен жасөспірімдердің саны 1,9 миллионнан асады деген болжам бар.

Бұл – ерте жаста диабет, жүрек-қан тамыр аурулары және басқа да созылмалы дерттердің дамуына себеп болуы мүмкін. Осылардың алдын алу үшін елімізде алғаш рет мектеп мәзірінің құрамын автоматты түрде есептейтін онлайн-калькулятор әзірленді. Бұл жүйе тағамның калориясын, ақуыз, май, көмірсу мен дәрумендер құрамын шығарып береді. Қызмет барлық адамға ашық әрі тегін. Мұны ата-аналар, тіпті балалардың өздері де қолдана алады, – дейді Ақкүміс Салханова.

Сонымен қатар Қазақ тағамтану акаде­мия­сының вице-президенті «Balaman.kz» атты жаңа сайттың іске қосылғанын хабарлады. Мұнда нормативтік құжаттар, ұсынымдар, мәзір калькуляторы және ата-аналар мен мұғалімдерге арналған материалдар орналастырылады. Тағамның «жеуге жарамсыздық индексі» де назарға алынады. Бұл көрсеткіш балалардың табақтарында қанша тағам қалғанын көрсетеді. Егер деңгей 30%-дан жоғары болса, мәзірді түзету қажет деген сөз.

Осы мәселе турасында дәрігерлер мен педагогтер де дабыл қағып отыр. Өйткені артық салмақ – тек сыртқы бейнеге емес, баланың денсаулығына, тіпті психологиясына да үлкен соққы. Қимыл аз, тәтті көп, ал гаджет экранынан көз алмайтын өмір салтының салдары осы.

Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқы­ғын қорғау комитетінің бас сарап­шысы Ақмарал Мақұлбекованың айтуынша, әр мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераждық) жұмыс істейді.

– Комиссияның міндеттері тамақ өнімдерінің, дайындалған тағам­дар­дың сапасына, азық-түліктердің жарам­­ды­лығына, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзім­д­ері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағ­дайына мониторинг жүргізу. 2025–2026 оқу жылында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мектеп­тер­дегі 1,7 млн оқушыға, оның ішінде 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттың 285 мың 5–11 сы­нып оқушыларына тегін ыстық та­мақ ұйымдастырды. Оқу­шы­ларға бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 2025 жылға 192,1 млрд теңге қаржыландыру қарастырылған. Астана қаласында 1 балаға бір реттік ыстық тамақтың ең жоғары құны – 1 090, Алматы қаласында – 963 теңге, Ақмола облысында – 882 теңге, ең төменгі құны Жамбыл, Ал­маты – 550 теңге және Абай облыс­тарында – 578 теңге, – дейді Ақмарал Мақұлбекова.

Жаңа стандарттың қалай іске асып жатқанын өз көзімізбен көрмекке Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясына арнайы барып, асхана жұмысымен танысып қайттық. Асха­наның кіреберісінде арнайы камера орнатылған екен. Яғни әр бала есік алдына келіп, камераға қарайды. Егер ол мектеп оқушысы болса, экранда оның аты-жөні көрсетіліп, «Қош келдіңіз!» деген жасыл түсті жазу шығады. Ал бөгде адам байқалса, қызыл белгі жанады. Бұл – бір жағынан қауіпсіздік жүйесі, екінші жағынан тамақтанған оқушы санын нақты есептейтін бақылау құралы.

Біз асханаға кіре бергенімізде бас­тауыш сынып балалары тамақтанып болған екен. Олар­дың пікірі бәрінен маңызды. Жанғожа, Жаннұр, Ақгүлім есімді 3-сынып оқу­шы­ларының айтуынша, әрқай­сысына әр­түрлі тамақ ұнайды екен. Әсіресе алма беретін дүйсенбі мен сәрсенбі күндерін асыға күтетін көрінеді. «Тәрелкеде жарты ас қалдырмаймыз» дейді балалар. Бірақ салатты тауысып жемейтіндерін де жасырмады.

Ал жоғары сыныптың оқушылары үзіліс кезінде қалаған тамағын өздері сатып алып ішеді. 7-сынып оқушысы Жанатхан Рахматулланың айтуынша, оның сыныптастары сырттан емес, осы мектеп асханасынан тамақтанғанды жөн санайды екен.

– Өйткені мұндағы баға қолжетімді. Күніне 500–1000 теңге арасында тойып тамақтанамыз. Өзім көбіне пюре немесе пицца аламын. Жидек киселі және бар. Асханаға екінші және үшінші сабақ арасындағы он минуттық үзілісте барамыз, – дейді ол.

Сонымен, балалардың сөзінен байқа­ға­нымыз, тамақтың пайдалы болуы жеткіліксіз, оның дәмді болуы да маңызды. Өйткені ас-ауқат құнарлы болғанымен, оқушы оны жемесе тағамның ешқандай құны жоқ. Сол үшін мәзірді жасағанда тек дәрумен құрамына емес, баланың талғамына да мән беру керек секілді...

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары