Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Парламент реформасы, Салық кодексі және АЭС құрылысы: 2026 жылы елде нендей өзгеріс болады

Парламент реформасы, Салық кодексі және АЭС құрылысы: 2026 жылы елде нендей өзгеріс болады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Басты жаңалық — Салық кодексі

Экономикалық тұрғыдан алғанда, 2026 жылы елдегі ең басты өзгеріс Салық кодексінен басталмақ. Жыл аяғы саладағы жаңалықтың шет-жағасы естілген еді, азын-аулақ өзгеріс ерте енді. Ал 2026 жылы түбегейлі жаңарудың алдында тұрмыз. Себебі келер жылдан бастар қабылданған жаңа кодекс күшінде.

Салық саласының сарапшысы, есепші Айжамал Әбдікерімованың айтуынша, реформа көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартып, салық жүйесін барынша ықшам әрі түсінікті етеді. Бір мысал, бұған дейін елімізде 8 түрлі салық режимі қолданылса, енді олардың саны азаяды. Бұдан былай, 3 негізгі формат қалған: жалпыға ортақ режим, жеңілдетілген режим және ауыл шаруашылығына арналған арнайы режим.

Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікке арналған жеңілдік сақталмақ. Такси жүргізушісі, шаштараз секілді кәсіппен айналысатындар — айына 1,3 миллион теңгеге дейін табыс табатын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ жұмыс істей алады. Бұл жағдайда олар ай сайын бір ғана төлем жасайды, оның 4 пайызы автоматты түрде зейнетақы мен медициналық сақтандыруға бағытталатын болады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Дегенмен, сарапшы бұл режимнің болашақта зейнетке шығуды немесе декреттік төлемдерді жоспарлаған азаматтар үшін тиімсіз екенін жасырмайды.

Оған қоса сарапшы Салық кодексі нарық бағасына да әсер етпек.

— Қазір ең көп талқыланып жатқан өзгерістердің бірі – қосымша құн салығының өсуі. Бұрын оның мөлшерлемесі 12 пайыз болса, енді 16 пайызға дейін артады. Бұл банк қызметтерінің, балабақшалар мен түрлі үйірмелердің, сервистік қызметтердің қымбаттауына әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ тұрғын үй бағасының өсу қаупі бар. Себебі бұған дейін ҚҚС-тан босатылған құрылыс компаниялары енді бұл салықты төлеуге міндеттеледі, – дейді ол.

Айжамал Әбдікерімованың сөзінше, құрылыс саласына жүктелетін қосымша салық ауыртпалығы тікелей пәтер бағасына да қосылуы ықтимал.

Жаңа Салық кодексінде банк секторына қатысты да маңызды өзгерістер қарастырылған. Банктер үшін корпоративтік табыс салығы 15 пайыздан 25 пайызға дейін өседі. Бұл өз кезегінде банк қызметтерінің қымбаттауына әкеледі деген болжам бар. Сонымен қатар жекеменшік балабақшалар мен мектептер сияқты әлеуметтік саладағы кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап салық төлеуге міндеттеледі.

Сарапшының айтуынша, мемлекет тарапынан бақылау да күшеймек. Енді мүлік пен көлікке қатысты барлық операциялар автоматты түрде қадағаланады, ал төленбеген салық берешегі үш жылға дейін кері өндіріліп алынады.

— Жаңа Салық кодексі — тек кәсіпкерлерге емес, бүкіл қоғамға әсер ететін ауқымды реформа. Қызмет бағасы өседі, тұрғын үй қымбаттайды, банк операциялары да қымбат болуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат бұл өзгерістерден хабардар болып, алдын ала дайындалуы қажет, – деп түйіндеді Айжамал Әбдікерімова.

Бір палаталы Парламент

Келер жылы Парламент Сенатының құрылғанына 30 толады. Алайда, бұл дата Сенат тарихындағы соңғы кезең болуы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында партиялық тізіммен сайланатын жалғыз палаталы парламент құруды ұсынды. Президент сөзінен ұққанымыз, 2027 жылы елде парламент реформасы жөнінде жалпыұлттық референдум өтіп, кейін Конституцияға түзету енгізілмек. Әзірге ұсыныс деңгейіндегі мәселе болғанымен, тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаеваның айтуынша, бір палаталы жүйе мемлекеттік құрылымды біршама өзгертуі мүмкін.

— Бір палаталы модельге көшу парламентішілік құрылымдардың нығаюының арқасында жүзеге асады. Осылайша, парламенттік оппозицияның құқықтарын кеңейту, заң жобаларын жан-жақты қарау мүмкіндігімен комитеттер жүйесін нығайту, сондай-ақ Парламентаризм институтының және басқа да талдау қызметтерінің жұмысы арқылы сараптамалық инфрақұрылымды дамыту арқылы бақылау функциялары қайта бөлінді және күшейтілді. Осының барлығы Мәжілісте алты саяси партияның өкілдігі бар көппартиялық жүйе жағдайында заңнамалық процестің неғұрлым жауапты және ашық болуы үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді, — деді сарапшы.

Фото: Жанар Санхаеваның жеке мұрағатынан

Спикердің сөзінше, бір палаталы Парламентке көшу – оқшау қадам емес, саяси институттарды нығайтуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған дәйекті реформалар логикасына салынған. Ол бірқатар жүйелік артықшылықтарға ие. Біріншіден, жауапкершілік күшейеді, яғни бұрынғыдай екі палата бір-біріне жауапкершілікті ысырып салып отырмайды.

— Екіншіден, бір палаталы құрылым партиялық жүйені нығайтады. Партиялық жүйе саяси бәсекені арттырады, биліктің шамадан тыс жекеленуін азайтады, тәуелсіз институттарды қалыптастырады.

Үшіншіден, бір палаталы Парламент шешім қабылдаудың тиімділігін арттырады. Саяси циклдің жылдамдығы көбінесе реформалардың сәтті немесе сәтсіздігін анықтайтын дәуірде мақұлдау кедергілері неғұрлым аз болса, идеялар соғұрлым тезірек нақты заңдарға, ал заңдар қоғам өміріндегі нақты өзгерістерге айналады, — деді Жанар Санхаева.

Сенаттан бас тарту асығыстықты көтермейді. Бүтін елдің саяси-экономикалық келешегін шешіп отырған құрылымды бір сәтте алып тастау оңайға соқпауы ғажап емес. Сондықтан Мемлекет басшысының өзі асығыстық танытуға болмайтынын баса айтты.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын, — деген еді Президент.

АЭС құрылысы қашан аяқталады?

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағытындағы нақты қадамдар айқындалып келеді. Атом энергетикасы агенттігінің хабарлауынша, алдағы 2–3 жылда атом электр станциясының құрылысы жүргізіледі.

Бұған дейін халықаралық іріктеу нәтижесінде алғашқы атом электр станциясының мердігері әрі операторы ретінде Ресейдің «Росатом» компаниясы анықталған еді. Ауқымды энергетикалық нысан Балқаш көлі жағасындағы Алматы облысына қарасты Үлкен ауылының маңында бой көтермек.

Белгілі болғандай, станция іске қосылған соң 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қуаты 2,5 мың мегаваттан асатын станция шамамен 3 миллионға жуық тұрғын үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Фото: storage.googleapis.com

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке VVER-1200 реакторлары орнатылады. Жалпы қуаты шамамен 2,4 гигаватт болатын станция 2035 жылдан бастап электр энергиясын өндіре бастайды.

Қазақстан атом энергетикасын дамытуда халықаралық серіктестікке де айрықша мән беретінін айту керек. Жуырда Вена қаласында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) штаб-пәтерінде Қазақстан делегациясының маңызды кездесуі өтті. Кездесуде 2026-2027 және 2028-2029 жылдарға арналған техникалық ынтымақтастық бағдарламалары, атом энергетикасын реттеу, кадр даярлау және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Ядролық физика маманы Медеу Абишевтің айтуынша, АЭС құрылысы энергетикалық ресурсты әртараптандыруға көмектеседі.

— Біздің елдің жоспары - күн энергия көздерін 40 пайызға жеткізу. Газға 2035 жылы тыйым салынуы мүмкін. Бірақ уақытша газ электр станциялары болады. Мүмкіндігінше, су электр станцияларын да саламыз деген жоба бар. Бірақ Қазақстанда оның потенциалы төмен. Өйткені бізде су жоқ. Гидро электр станцияларының барлығын салып тастаған. Дегенмен қазір кішігірім станцияларды салуға болады. Бірақ оның өзі бірнеше пайызды ғана құрайтын болады. Сондықтан қазір Қазақстанға негізгі энергия шығаратын көз керек және ол – АЭС. Атом энергиясы - дүниежүзінде қарастырылған бірден-бір энергия көзі, — деді маман.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл бағыттың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Жақында Мемлекет басшысы Балқаш АЭС мен болашақтағы екінші станция энергетикалық теңгерімді әртараптандырып, көмір мен газға тәуелділікті азайтатынын айтты. Бұл қадам энергетикалық қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, елдің ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге де жол ашары сөзсіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 01:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see122

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see122

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары