Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Парламенттік дипломатия: Қазақ өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды

Парламенттік дипломатия: Қазақ өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен және еліміздің зиялы қауым өкілдерімен бірге Өзбекстанға барды. Сапар аясында ол Самарқанд қаласында өткен Қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумында сөз сөйледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесуде көпжақты өзара іс-қимыл мен өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері әңгімеге арқау болды.

Қазақ және өзбек зиялы­ларының форумы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Іс-шарада сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев екі ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы тұсында өтіп жатқан бұл кездесудің символдық мәні зор екенін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңін табысты аяқтағанын, енді жаңа стратегиялық мақсаттарды айқындайтын уақыт келгенін атап өтті. Сенат төрағасы Мемлекет басшыларының Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қаты­насын одан әрі бекемдеуге бағыт­талған саяси бағдары екі­жақ­ты ынтымақтастықты нақ­ты мазмұнмен толықтырып, бүкіл аймақтың тұрақтылығын нығай­тып отырғанына назар аударды.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасы дәстүрлі мемлекетаралық өзара іс-қимыл шеңберінен шығып, аса маңызды деңгейге көтерілді. Елдеріміз аймақтың жарқын болашағын бірлесіп қалыптастырып келеді. Бұл сапалы серпіліс – мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёевтің стратегиялық саясаттарының нәтижесі екені анық. Олардың саяси ерік-жігері, өзара сенімі, достығы және ұзақ мерзім­ге арналған бағдары ынты­мақ­тастығымызға жаңа серпін берді. Президенттеріміздің Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық бірлігін одан әрі бекемдеп, нығайтуға арналған бастамалары елдеріміздің ұзақмерзімді дамуының берік негізін қалайды. Осы жолда біздің басты міндетіміз – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал ету», деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Форум алаңында екі елдің ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің бас қосуы аймақтың мүддесін ілгерілетуге ықпал етіп, Орталық Азиядағы ауқымды мәдени жаңғыру үдерісін айшықтай түсетінін атап өтті.

Сонымен қатар ол ғылыми және шығармашылық зиялы қауым арасындағы ынтымақ­тастықтың бірнеше негізгі бағы­тына, тараптар бірлесіп пысықтауға тиіс міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, ғылыми және технологиялық дербестік, білім беру бағдарламалары, өнер саласы мен креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше мән берілді.

«Қазақстан жасанды интел­лектіні дамытуға арналған экожүйені белсенді түрде қалыптастырып келеді. «Alem.ai» бірегей халықаралық орталығы іске қосылуда. Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай Қазақстанды жаппай цифрлық мемлекетке айналдыруды міндет етіп жүктеді. Өзбекстан да цифрлық трансформация саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын білеміз. Сондықтан ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру елдеріміздің жедел әрі озық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан мен Өзбекстан осы бағыттағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға қатысатын елдерге айнала алады. Сондай-ақ жастар арасындағы байланысты нығайта отырып, Орталық Азияның бірыңғай білім беру кеңістігін жасақтаудың мәні зор. Біз жетекші жоғары оқу орындарымыз арасындағы ынтымақтастықты дамытуды, оның ішінде алдыңғы қатарлы университеттердің филиалдарын ашуды, академиялық мобильділіктің жаңа бағдар­лама­ларын іске қосуды, бірлес­кен форумдар мен ғылыми тағылым­дамалар өткізуді белсенді түрде қолдаймыз», деді палата спикері.

Форумға қатысушылар Орталық Азиядағы зияткерлік және мәдени байланысты нығай­ту аймақты ғылым, білім, өнер сала­сындағы әлемдік көшбас­шы­лар қатарына қайта қосудың басты кілті екеніне ерекше тоқталды.

Өз кезегінде Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Форум идеяларын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Сондай-ақ ол қазақ пен өзбек халықтарының ынты­мақтастығының негізгі мақсаты мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту және өзара іс-қимылдың өзге де маңызды салаларын ілгерілету екенін айтты.

Іс-шара барысында екі елдің көрнекті ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері – Қазақстанның халық жазушысы Төлен Әбдік, Өзбекстан Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің ректоры Шухрат Сираджиддинов, жазушы Әлібек Асқаров, Ұлттық археология орталығының директоры Фарход Максудов, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, Өзбекстан Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры Мурод Турсунов, сондай-ақ«Целинный» заманауи мәдениет орталығының директоры Жәмилә Нұрқалиева сөз сөйлеп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың басым бағыттары жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Ұсынылған жобалар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы гуманитарлық байланысты дамытуды, мәдениет пен білім беру ісінде жүйелі түрде тәжірибе алмасудың негізін қалауды көздейді. Ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы күш-жігерді ортақ мүддеге жұмылдыру серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашып, екі мемлекеттің өзара жақындасуын одан әрі жеделдете түсетіні анық. Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстанның ғылым және шығармашылық саладағы зиялыларының бірінші форумы былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астана қаласында өтті.

Өзбекстанға сапар барысында Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесу өткізді. Одан кейін Палата төрағалары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республика­сы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысына қатысты. Сенаторлар комиссия жұмысының аралық қорытындыларын шығарып, түрлі саладағы бірлескен жобаларды талқылады.

«Президенттеріміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев екіжақты ынтымақтастыққа серпін бе­ріп, жоғары деңгейге көтерді. Бұл бағытта парламент­ара­лық байланыстың маңы­зы зор. Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі ко­миссияның белсенді ық­палы­мен «Орталық Азия» Халық­аралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісім жедел пысықталып, 2025 жылғы наурызда ратификацияланды. Былтыр өзара тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі үкіметаралық бағдарламаның қабылдануын тағы бір маңызды нәтиже ретінде айтуға болады. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумын өткізу жөніндегі бастаманың жүзеге асырылуы да – ортақ жетістігіміз. Екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық алдағы уақытта да саясат, экономика, экология, білім және мәдениет сияқты барлық негізгі бағытты қамтып, жүйелі түрде кеңейе береді деп сенемін», деді Мәулен Әшімбаев.

Отырыс кезінде қатысушылар өңірлік және парламентаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін де талқылады. 

Соңғы жаңалықтар

Еркін Әбіл: Қазақстан эволюциялық жаңару жолын таңдады

Қоғам • Кеше

Гранттан баспанаға дейін: Мемлекет жас ғалымдарға қалай қолдау көрсетуде?

Қоғам • Кеше

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Кеше

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды

Елорда • Кеше

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

Қоғам • Кеше

Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты

Технология • Кеше

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді

Ғылым • Кеше

«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты

Қоғам • Кеше

Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі

Ғылым • Кеше

Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті

Форум • Кеше

Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?

Қаржы • Кеше

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды

Аймақтар • Кеше

Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады

Ғылым • Кеше

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 07:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары