Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Павлодар өңірінде соңғы үш жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 20 адам көз жұмған

Павлодар өңірінде соңғы үш жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 20 адам көз жұмған

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында 2025 жылы 104 жазатайым оқиға тіркеліп, олардың салдарынан 113 адам зардап шеккен. Оның ішінде 66 адам ауыр жарақат алып, 7 адам өлімі тіркелген.

— 2024 жылы 103 жазатайым оқиға тіркеліп, 112 зардап шеккен адам анықталған. 78 адам ауыр зардап алып, 9 адам көз жұмған. Ал 2023 жылы тіркелген 106 жазатайым оқиғадан 111 адам зардап шеккен (оның 65-і ауыр жарақат алған). Төрт оқиға адам өлімімен аяқталған. Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен — металлургия саласында, бюджеттік ұйымдарда, шағын бизнес субъектілерінде және құрылыс саласында тіркелген. Өндірістік оқиғалардың негізгі себептері — жұмыстың қанағатсыздандырарлық деңгейде ұйымдастырылуы, зардап шегушінің абайсыздығы және еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, — деп хабарлады Kazinform тілшісіне департамент басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Жазатайым оқиғаларда ең жиі кездесетіні — адамдардың биіктен құлауы, қозғалмалы, көкте қалықтап жүретін, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері. Өткен жылғы статистикалық деректерге үңілсек, кәсіпорындар арасында ең көп жарақаттанған жұмыскерлер «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі — 10 адам. Сондай-ақ «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ филиалы — «Шығыс» кенішінде — 6 адам, «СтеклоМир KZ» ЖШС — 4 адам, «Богатырь Көмір» ЖШС — 5 адам, «Проммашкомплект» ЖШС — 3 адам, «R.W.S. Concrete» ЖШС — 2 адам, «ПЭТК» АҚ — 2 адам, «Смарт Автобус ПВ» ЖШС — 4 адам және «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы электр стансасында 2 адам өндірістік жарақат алған.

Ал 2025 жылы өлімге әкелген жазатайым оқиғалар «Богатырь Көмір» ЖШС-де тіркеліпті — 2 адам қаза тапқан. Сондай-ақ «Строй-Дизайн PV» ЖШС, «ҚАЖсервис» ЖШС, «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауыты, «МК Евразия-Агро» ЖШС мен «Гамма Сарыкөл» ЖШС-нің әрқайсында кісі өлімімен аяқталған бір жазатайым оқиғадан тіркелген.

Соңғы жылдары тіркелген ең қайғылы оқиғалардың бірі — 2024 жылдың қаңтар айында Майқайың алтын кенішінде автобуспен құрдымға түсіп қаза тапқан 4 құтқарушының өлімі. Құтқарушылар «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС ПФ мекемесінде еңбек еткен еді.

— Өкінішке қарай, өндірістік жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдардың жұмыс берушіден келтірілген материалдық зиянды өтеу нормасы еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Осы себепті зардап шеккендер азаматтық сотқа өз беттерімен жүгінеді. Ал қылмыстық істер бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының материалдары тергеулер аяқталғаннан кейін аумақтық полиция органдарына жолданады, — деп қосты департамент өкілі.

Қазіргі уақытта елімізде 2024–2030 жылдарға арналған «Еңбек қауіпсіздігі» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл құжат еңбек қауіпсіздігі саласында жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыруға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Мақсаты — өндірістік жарақаттанушылықты төмендету және тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

Департамент басшысы аймақта өндірістік оқиғаларды алдын алу және кәсіби аурулардың профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар аясында 33 кәсіпорында «Нөлдік жарақаттанушылық — Vision Zero» тұжырымдамасы, 22 еңбек ұйымында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілгенін атап өтті. Бұл кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін тікелей бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Аймақ кәсіпорындарында 881 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндетіне өндірістік жарақаттанушылықты болдырмау және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді.

Еске сала кетейік, биылғы қаңтар айында «Богатырь Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды.

Ал оның алдында аталған кәсіпорында жұмысшы тоққа түсіп қаза тапты. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 21:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары