Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тарифтері қайта қаралуы мүмкін

Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тарифтері қайта қаралуы мүмкін

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Фото: Shutterstock.com

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

13 мамыр күні Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров қолданыстағы тетікті түбегейлі қайта қарау қажеттігін айтты. Сақтандыру сыйлықақысының ең төменгі мөлшері ең төменгі жалақыға (биыл 85 мың теңге) байланысты белгіленген. Депутаттың пікірінше, бұл талап өндірістік тәуекелі төмен жұмыс берушілерге – шағын бизнеске, жеке кәсіпкерлерге және кеңсе компанияларына әділетсіз қаржылық ауыртпалық түсіреді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметінше, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС) жүйесінде кәсіби тәуекелдің 22 санаты бойынша 7,1 миллион қызметкер сақтандырылған. Оның ішінде I және II тәуекел санаттарына (кеңсе қызметкерлері мен әкімшілік персонал) 1,5 миллионнан астам адам кіреді. 2025 жылы осы санаттағы қызметкерлер арасында 75 жазатайым оқиға тіркелген, бұл сақтандырылғандардың жалпы санының 0,005%-ын ғана құрайды.

Жазатайым оқиғалар жиілеп тұр

Мәселені шешу үшін А. Қожаназаров кәсіби тәуекелдің нақты деңгейін ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының ең төменгі мөлшерін қайта қарауды және шағын бизнес пен кеңсе компанияларына түсетін негізсіз қаржылық жүктемені жоюды ұсынды.

О. Бектеновтің айтуынша, жыл басындағы жағдай бойынша осы саладағы нарықтың орташа шығындылық деңгейі 55%-ды, ал кейбір сақтандыру компанияларында 80%-ды құраған. Бұл 2024 жылы тарифтер өзгертілместен қосымша сақтандыру төлемдері мен зардап шеккен қызметкерлерді оңалту тетіктерінің енгізілуімен байланысты. Сонымен қатар, сарапшылар міндеттемелер көлемінің ұлғаюына және жаңа төлем түрлерінің енгізілуіне байланысты шығындылықтың әрі қарай өсуін болжап отыр.

«Сақтандыру ұйымдарының есептілігіне сәйкес оқиғалар бойынша болашақ аннуитеттік міндеттемелер көлемі шамамен 286 млрд теңгені құрайды. Бұл жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемінен (136,1 млрд теңге) де, нақты төленген өтемақылар көлемінен (45,2 млрд теңге) де жоғары. Осыған байланысты ОСНС жүйесінің параметрлерін, соның ішінде тарифтік тәсілдерді қайта қарау үшін болашақ міндеттемелерді, аннуитеттік және заңнамада көзделген өзге де төлемдерді жабуға сақтандыру сыйлықақыларының жеткіліктілігін растайтын кешенді актуарлық есептеулер жүргізу қажет», делінген жауапта.

Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік: Жазатайым оқиғалар дауы азаймай тұр

Қазіргі уақытта Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы жобалық кеңсе ОСНС бойынша тариф қалыптастырудың негізделген тәсілдерін әзірлеп жатыр. Оның ішінде сақтандыру сыйлықақысының ең төменгі мөлшерін қайта қарау және шағын бизнеске түсетін қаржылық жүктемені азайту жөніндегі ұсыныстар қарастырылып жатыр. Жұмысқа мүдделі тараптармен қатар тәуелсіз шетелдік актуарийлер (сақтандыру математикасы саласының мамандары) қатысады.

«Бұдан бөлек, 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы мен сақтандыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеу аясында міндетті сақтандыру түрлері бойынша тариф қалыптастырудың тәуекелге бағдарланған тәсілін кезең-кезеңімен енгізу мәселесі қарастырылып отыр. Атап айтқанда, белгіленген ең төменгі шектен кәсіби тәуекел деңгейін, салалық ерекшеліктерді және шығындылық статистикасын ескеретін икемді тарифтік модельге көшу пысықталып жатыр», деп қорытындылады Олжас Бектенов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары