Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желі тартылған Жоғары аудиторлық палата

Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желі тартылған Жоғары аудиторлық палата

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстандағы бизнес саласын тексеру қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Жоғары аудиторлық палата төрағасының «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне жүргізілетін мемлекеттік аудит» тақырыбындағы есебін тыңдады.

Мемлекеттік аудит 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңді қамтыған. Оның нысандары Ұлттық экономика министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, «BV Management» ЖШС, QazIndustry қазақстандық өнеркәсіп және экспорт орталығы, QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы және басқалары болды.

Аудит қамтыған 824 миллиард теңгеге қатысты 6,2 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтары, 60,8 миллиард теңгег қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ 126 процедуралық бұзушылық пен 72 жүйелік кемшілік анықталғаны айтылды.

Есепке сәйкес, 2023 жылға дейін ешбір мемлекеттік органға жеке кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау саласындағы саясатты қалыптастыру өкілеттігі берілмеген. Мемлекеттік қолдау шараларының экожүйесінің архитектурасы мен құрылымы белгіленбеген, ал уәкілетті және салалық мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершіліктер нақты емес. Іс-шаралар мен қызметтер бөлшектеніп жүзеге асырылады, орталықтандырылған ақпараттық платформа жоқ.

Мемлекеттік қолдау шараларының тізілімінде көрсетілген барлық қолдау түрінің толық тізімі берілмеген. Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның мәліметі бойынша уәкілетті органда көрсетілген қолдау шараларының көлемі туралы сенімді ақпарат жоқ. Ұлттық экономика министрлігінің тиісті деректері аз көрсетілген. Тиісті міндеттемелер жеңілдетілген, оларды орындау талаптары мен орындамағаны үшін жүктелетін жауапкершілік көрсетілмеген.

Әлихан Смайылов инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын жоспарлау процесінде елеулі кемшіліктер барын, бұл елдегі қажеттіліктер мен оларды қамтитын жобалар санын ескермей, мақсаты бірдей жобаларға қаражат бөлуге әкелетінін жеткізді.

«Мемлекеттік қолдау шараларын алушыларға қатысты қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда ақша кері қайтарылуы керек. Алайда мұндай шарттар әрдайым қарастырыла бермеген. Соның салдарынан Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған», — деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Сондай-ақ ол аудиторлар тарапынан қолдау көлеміне қатысты да сұрақтар туындап отырғанын жеткізді. Тексеріс барысында бірқатар жобалар бойынша қаржыландыру сомасының негізсіз асыра көрсетілгені анықталған: мұнда шығындар жеңілдетілген несие сомасына қолдан сәйкестендірілген. Құжат жүзінде бәрі дұрыс және несиелер қайтарылып жатыр, алайда бұл қаражат іс жүзінде басқа жобаларға жұмсалған болуы мүмкін.

«Бір жоба бойынша есептеулердің қате жүргізілуі салдарынан 20 млрд теңге игерілмей қалып, жойылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау алып жатқан кезеңде кәсіпорын иелеріне дивидендтер төлеу фактілері тіркелген: бұған заң жүзінде тыйым салынбаған, бірақ төленген соманың мемлекеттік қолдау көлемінен асып кетуі күмән тудырады. Бұдан бөлек, қаражаттың алушыға жету мерзімінің тым ұзаққа созылу фактілері де анықталды»,  -деді Смайылов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары