Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Періште кейіпті кейіпкер

Періште кейіпті кейіпкер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Одан әр ананың арманы  баласының жұбын жолықтыруы екенін көреміз. 1969 жылы лирика мен комедия тоғысып, осындай шедевр дүниеге келген еді. Содан бері жарты ғасыр өтсе де, көрермен қайталап көруден жалыққан емес. Жақында осы кинотуынды заманауи форматтағы сахналық үлгіде көрерменге жол тарты. «Тақиялы періште» спектаклін JAN иммерсивті театры қойды.

Аталмыш фильмнің сахналық үлгісін әзірге екі театр сахналап келеді. Бірін былтыр Атырау облыстық Жастар театры қойса, екіншісін Астана қаласындағы JAN театры қойды. «Тақиялы періште» – театр репертуарындағы төртінші қойылым. Мазмұны жағынан айырмашылық болмағанымен, фильмді көргендер сюжеті жағынан айырмашылық барын бірден байқайды. Өйткені киноиндустрия мен театр тілі екі бөлек әлем. Сондықтан болар, режиссерлік шешім мен шығармашылық топтың нақты мақсаты – киноны дәл көшіріп қайта қою емес, театр көрерменінің талғамына сай  жаңартып жеткізу.  

Оқиғаның Алматыда болғанын сахналық декорациялар көрсетті. Нақтырақ айтқанда, шаһардың жүзіне айналған ең көрікті жерлері мен кинодағы айтулы локациялардың бейнесі суреттелген картиналар ілінген: Медеу мұз айдыны, Көктөбедегі телемұнара, «Қазақстан» қонақүйі, Қазақ мемлекеттік циркі. Ол аз десеңіз, театр актерлерінің орындауындағы 60-жылдардың хитіне айналған әндер, шығармашылық топтың костюмдері «Тақиялы періштені» қайта тірілткендей.

«Жалғызбасты еркектің көрген күні құрсын. Жанашыр анасы болу керек, не болмаса әйелі» деген Тана апаның сөзі киноның да, қойылымның да кіріспесі болды. Сахналық үлгіде жазылған оқиғаның сценарийіндегі өзгешеліктер бар екенін айта кету керек. Кей кейіпкерлер ойдан қосылды, енді бір кейіпкерлер сахнаға шықпады. Бәріміз киноның соңында ұлан-асыр екі той болатынын, Тана апаның Нияз ақсақалмен бас қосатынын білеміз. Бірақ қойылымда бұл кейіпкер жоқ. Бірақ «Махаббат періштесі» бар. Ол тек ғашық болған бойдақтарға көрініп, екінші жартысын табуға көмектеседі. Оның Махаббат періштесі екенін көрермен бірден түсінді. Мұндай образ болуы о бастан бекітіліпті. Өйткені комедияға лириканы қосуда Махаббат періштесінің рөлі зор. Режиссер, JAN иммерсивті театрының негізін қалаушылардың бірі Руслан Алишевтің айтуынша, жаңа кейіпкерлерді қосу арқылы көрерменді қызықтыра түсуге болады. Өйткені ол талғам уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын құбылыс деп санайды. Қойылым екі шығармашылық топтың қатысуымен ойналады. Бірінші құрамда Тана апаның рөлін – Жұлдызай Дүйсенбиева, Тайлақты – Жандос ойнаса, екінші құрамда сәйкесінше, Гүлмира Жакилина мен Біржан Жүнісов образдарымен көпшіліктің ықыласына бөленеді. «Тақиялы періштенің» айтқысы келетін ойы – шынында, қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселесіне айналып кеткендіктен қашанда өзекті. Сондықтан театр ұжымы осыны ескеріп, қазақ киносының шедеврін театрға әкелуді жоспарлап, шығармашылық жұмысты сәтті аяқтаған. Бір қызығы, қойылымға театр актерлері ғана емес, сырттан арнайы шақырылған бірнеше актер атсалысқан.

– Бұл – классика. Тақырыбы әрқашан актуалды болғандықтан, әркез көрерменге өтеді деп ойлаймын. Әрі сол жылдардағы эстетика мен сыйластықты сахнаға шығарсақ деген ойымыз әуелден болған. Біз жас театрмыз, сондықтан аға буын актерлеріміз жоқ. Сондықтан қаламыздағы театрлардан басты рөлді ойнайтын актерлер шақырдық. Қойылымда екі құрамның болуы – шартты нәрсе. Ол – салыстыру емес, кез келген жағдайға дайын болу деген сөз. Ал сахналық үлгідегі ерекше­ліктерге келсек, біз киноны көшіріп алып, қайта салмаймыз. Олай болса, ізденістің не керегі бар?! Бұл өнер әлемі болғандықтан, театрдың да өзіне тән стилі болғандықтан, бәрібір өзгерісті, көркемдік дүниелерді қажет етеді. Міне, біздің көз­қарасымыздағы кейіпкерлер осылай дүниеге келді, – дейді режиссері Руслан Алишев. 

Қойылым басынан соңына дейін «Абзал ана» әнінің сүйемелдеуімен өрбіді. Өйткені фильмде бұл әнді дастарқан басында Бақыт Әшімова орындаған еді. «Тақиялы періште» музыкалық комедия болғандықтан, фильмдегі «Ты куда, Одиссей?», «Кете алмайсың сен менен», «Сайра, бұлбұл» сынды әндер де орындалды. Әмина Өмірзақованың күлкісі образының символы іспетті. Дәл осындай күлкісімен жиылған көрерменнің қошеметіне бөленген «жаңа» Тана апа – Жұлдызай Дүйсенбиева. Оның сөзінде, қылығы мен күлкісінде, тіпті мінезінде де ұқсастық бар. Ал Тайлақтың дене бітімі Әлімғазы Райымбектен аумайды деген пікір білдіріп жатты жұрт. Актерлік шеберлігі өз алдына, оның артында кәсіби актерлік қабілет жатыр ма, есіл еңбек жатыр ма? Актерлік шеберлігіне тәнті болып, қойылымнан соң Жұлдызай ханым мен Жандосты сахна артына іздеп бардық. 

Жұлдызай Дүйсенбиева, Тана апаның рөлінде:

– Менің жасым Әмина апаның кинодағы жасына кішкене болса да пара-пар. Тана апа – Әмина апайдың шыңға шығарып тастаған рөлі ғой. Оны ойнау, оны қайталау мен үшін өте қиын болды. Қазақта «аруағы қолдасын» деген сөз бар. Сол сияқты Әмина апайдың аруағы қолдасын деп, барынша жаңаша Тананы ойнап шығуға тырыстым. JAN театрының ұжымы шақырып, Тайлақтың анасы болып ойнауымды ұсынғанда, уайымдап едім. Бірақ келіскеніме өкінбеймін. Жас театрымен жұмыс істеу менің екінші тынысымды ашып жатыр. Меніңше, бұл өтімді қойылым болмақ. Өйткені қазір де қоғамда Әмина апамыз сияқты аналар өте көп. Тайлақ сияқты 28 жастағы емес, одан үлкен бойдақтар қатары да көбейіп кетті. 

Жандос Қадыров, Тайлақтың рөлінде:

– Біз білетін Тайлақ алпамса денелі, еңсегей бойлы, ақкөңіл, сенгіш жігіт. Көбі дене бітімімді ұқсатады. Сондықтан бұл рөлге бірден таңдап алды. Бірақ мінезіміз келмейді. Ол тұйық жігіт болды ғой, сондықтан осы жағын шынайы ойнау үшін мүмкіндігінше дайындалдым. Бірақ кейіпкерді ойнау үшін киносын көріп, спектакльдерін қайта қарау деген дұрыс емес. Ұстазымыз Ақыш ағай осылай айтатын. Әркімнің өзінің Тайлағы, өзінің Танасы және Айшасы болуы керек. Осыларды ескеріп, театрымыздың «Тайлағын» өзім құрастырғандай болдым. Негізі, режиссердің де талабы сондай еді.

Қойылымда Махаббат періштесі, Айша мен Алтыншаштың рөлдеріне айрықша басымдық беруге болады. Өйткені олар қатыспаған сахна мүлде жоқ. Тек олардың болашағы кинодағы кейіпкерлердікі сияқты өрбуден өзгеше. Сыра сатушы Алтыншаш Тайлаққа ғашық болғандықтан, Тана апаға Айшаны «босаға көрген» деп алдады. Ал, шын мәнінде, Тана апаның Айшаны келін етудегі қарсылығы ол емес-тін, жас кезінде сөз байласқан Тайырдың қызы екенінде. Мұны «Тақиялы періште» киносының сүйікті көрермені жақсы біледі. Айтпақшы, ойдан шығарылған Купидон (Махаббат періштесі) кейіпкері сырт көзге жеңіл, оңай образ болып көрінгенімен, оның ар жағында үлкен жауапкершілік жатыр. Қойылымның шымылдығын түріп ашатын да, түндігін түсіріп аяқтайтын да – осы кейіпкер. Әрі комедияның жарқын көрінісін одан сайын асыра түсті. 

– Сценарий бойынша «Махаббат періштесі» тек ғашық болған бойдақтарға ғана көрінеді. Міндеті – қос ғашықты қосу, қаланың әр бұрышында жүрген жастарды жолықтыру. Қойылымды бастап ашатын кейіпкер болғанымнан соң ба, мен үшін өте ауыр болды. Өйткені қалай бастасам қойылым да солай өрбиді. Егер темп түсіп кетсе, қойылым басынан-ақ сәтті шықпаушы еді. Сондықтан мұның артында көрермен білмейтін жауапкершілік жатыр, – дейді Оралжан Жәнібек.

JAN иммерсивті театрының репертуарында қазір «Өліра» лирикалық-комедиясы, «Мама» драмасы, «Бикеш» комедиясы және «Тақиялы періште» лирикалық-комедиясы бар. Театрдың негізін қалағандар – қазақ киносы мен театр әлемінде өзіндік орны бар Меруерт Өтекешова, Ақыш Омаров, Жанқалдыбек Төленбаев сияқты тау тұлғалардың шеберханасынан шыққан актерлер.  Алдағы уақытта «Тақиялы періште» премьерасымен оңтүстік және батыс өңіріне бару жоспарда бар. 

Қазіргі жастардың көбі ерте шаңырақ көтеруге асықпай, алдымен қаржы тауып, мансап қалыптастыруды мақсат етеді. Тұрмыс жайы түзеліп, өмірлік ұстанымы айқындалған шақта ғана жүрек қалауын іздеп, отбасы құру туралы ойлана бастайды. Бәлкім, бұл – қарбалас дәуірдің жазылмаған заңы шығар. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, әзіл мен жылылыққа толы комедиялық туынды театр үлгісінде қайта көрерменімен қауышқаны қуантады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 06:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары