Петропавлда 39 жастағы әйел тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап кетті
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан фото тарады. Қайғылы жағдай «Жас өркен» шағын ауданында болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Ол жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы дерекке қатысты түсінік берді.
– Петропавлдағы Жамбыл көшесінде 39 жастағы әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өлімі суицидтік сипатта болуы мүмкін – әйел көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы балконнан құлаған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Петропавлда зейнеткер төртінші қабаттан құлап, мерт болғанын жазған едік. Әйел бірден ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық қызметкерлер оның һмірін сақтап қала алмады.
Сондай-ақ Алматыдағы тұрғын үй маңынан мәйіт табылғанын жаздық. Алдын ала мәлімет бойынша көз жұмған тұрақты мекенжайы жоқ адам жүрек ауруынан қайтыс болуы мүмкін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 20:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















