Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Петропавлдың дизайн коды қабылданбай, әзірлеушілерге кері қайтарылды

Петропавлдың дизайн коды қабылданбай, әзірлеушілерге кері қайтарылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Петропавл әкімдігінде өткен жиында павлодарлық компания дизайн-кодтың таныстырылымын жасады. Ол бойынша жергілікті жердің ерекшелігі ескеріліп, қаланың сыртқы келбеті, ғимараттардың қасбеттері, жарнамалар мен маңдайшалар, сондай-ақ кіші сәулеттік нысандар бірыңғай стильде, белгілі бір стандарттар мен түстік үйлесімге сәйкес әзірленіп, қалыптастырылуы тиіс. Сондай-ақ, мәтіннің екі тілде дұрыс аударылуы да маңызды.

Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Зәкіржан Мамлютов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. 

— Біз, Петропавл қаласының депутаттары, қала дизайн-кодын әзірлеуге арналған бюджет жобасын мақұлдағанымызға екі жарым жыл өтті. Бұл мақсатқа бастапқыда 80 млн теңге бөлінген. Кейінірек бұл сома азайтылды. Нәтиже қайда?

Бүгін қала құрылысы кеңесінің отырысында Павлодар қаласынан келген компания баяндама жасады. Бұл ұйым Петропавлдың дизайн-кодын әзірлеу бойынша конкурс жеңімпазы болған. Менің ойымша, бұл жағдай — мемлекеттік сатып алулар жүйесінің әлсіз тұстарының бірі.

Өйткені бізде өзімізде білікті мамандар жеткілікті. Олар қаланың ерекшелігін, болмысын, ішкі рухын, тынысын жақсы біледі, — дейді Зәкіржан Мамлютов.

Депутаттың айтуынша, әзірлеушілер жобаны жүзеге асыруға жүрдім-бардым қараған.

— Петропавлдың дизайн-кодына қандай түстерді таңдағандарын да айта алмады. Петропавл заманауи әрі танымал келбетке ие болуы керек, ол қаланың тарихын, климатын және рухын бейнелеуі тиіс.

Қаланың әр ауданы жайлы, ал ғимараттардың маңдайшалары бірыңғай стильде орындалған болса дейміз. Қасбеттердің түстері көзге жағымды болғанын қалаймыз, — деді Зәкіржан Мамлютов.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылғы 26 қыркүйекте Павлодардағы «INNOVATION CENTER PROJECT» ЖШС жобалау ұйымымен Петропавл қаласының дизайн-кодын әзірлеу бойынша келісімшарт жасалды. 1,5 жыл уақыт берілді. Қазіргі уақытта тек техникалық бөлігі орындалды.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сәкен Өтебаевтың айтуынша, кеңеске қатысушылар тұрғын үйлердің қасбеттерін, сонымен қатар магистральдар мен негізгі көшелер бойындағы жарнамалық маңдайшалардың орналасуын нақты мысалдары арқылы көргісі келді.

— Жобаның техникалық бөлігі жасалды, ол әрі қарай толықтырылып, қаланы визуализациялау жұмысы жүргізіледі. Қала құрылысы кеңесіне ғимарат қасбеттерінің, жарнамалық маңдайшалардың, уақытша құрылыстар мен абаттандыру элементтерінің көріністері ұсынылмады.

Қала құрылысы кеңесі дизайн-кодтың әзірленуін бақылауда ұстап отыр. Материалдар түскен сайын оларды құрылыс бөлімі қала құрылысы кеңесі мен қоғамдық кеңестің сарапшыларына зерделеу және ұсыныстар енгізу үшін жолдайтын болады. Барлық ескерту мен ұсыныстар қаралады, — дейді Сәкен Өтебаев.

Бұған дейін Алматының бас жоспарына түзету енгізілетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:238
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 10:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары